Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық



бет8/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43

ХХ ғ. ғылыми төңкерістері


ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде əлем құрылысы туралы маңызды жаңалықтар ашылып, тарихта жаратылыстанудағы жаңа төңкерістерінің ашылуына
əкелді. Əлемнің жаңа бейнесінің қалыптасуына негіз болған физика мен химия ғылымдарында ашылған жаңа тəжірбиелік деректер ескі теориялар шеңберінде түсінік таба алмады. Бұған мысалы, Фарадейдің электрлік зерттеулері, Беккерельдің радиоактивті құбылысты зерттеуі, Томсонның бірінші рет элементарлы бөлшекті (ē) ашуын келтіруге болады.
Сонымен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде жаратылыстанудағы ашылған ұлы ғылыми жаңалықтар заңдылықтарды түсінудің негізін салды. Осы заңдылықтардың (Эйнштейннің 1905 жылғы салыстырмалық теориясы, Планк, Бойль, Бор, Гейзенбергтің квантты механикасы т.б.) ашылуы Бүкілəлемнің қазіргі заманғы физикалық бейнесін жасауға мүмкіндік берді.
ХХ ғасырдың басында пайда болған ядролық физика, атомдық физика атом энергиясын меңгеруге мүмкіндік жасады, ал квантты электроника – лазерлер, квантты сағаттар, жаңа техникалар мен ғылымның жаңа бағытының дамуына негіз болды.
Электродинамика мен электромагниттік өріс теориясының дамуы қазіргі заманғы электрониканың жеке ғылым ретінде бөлініп шығуын қамтамасыз етті. Осының нəтижесінде ХХ ғасырда электротехника, электроника, радиоэлектроника мен электробайланыс сияқты жаңа техникалық ғылымдар пайда болып, дами бастады.
ХХ ғасырдың ортасында ең жоғарғы инженерлік жетістіктерді қолдану нəтижесінді əлемдік ғылыми-техникалық төңкеріс (ҒТТ) кезеңі басталды. Егер ХVІІ ғасыр ғылыми төңкеріс, ХVІІІ өнеркəсіптік төңкеріс, ХІХ-ХХ ғасырлардағы жаратылыстанудың төңкерістері тек қана білім мен техниканың жеке салаларына ғана əсер етсе, ХХ ғасыр ортасындағы ғылыми төңкеріс ғылыми техниканың барлық салаларында да бірдей мезгілде жүрді.
А.А. Горелов ХХ ғасырдың ғылыми төңкерісіне əкелген əлем дамуындағы жаратылыстанудың жалпы заңдылықтарынан қалыптасқан ашылуларды былай көрсетті:
Астрономия: Үлкен Жарылыс пен Əлем кеңеюінің моделі. Геология: литосфералық плиталардың тектоникасы.
Физика: материядан энергияға дейін жəне заттардан өріске дейінгі нүктелердің ығысуы.
Салыстырмалылық теория: уақыт пен кеңістіктің салыстырмалылығы. Квантты механика: корпускулярлы-толқынды дуализм.
Кибернетика: өлі жəне тірі табиғаттағы басқару. Синергетика: өлі табиғаттағы жаңа құрылымның қалыптасуы. Биология: тіршілік дамуының моделі.
Генетика: тіршілік шығуының механизмі.
Экология: тірінің қоршаған ортамен қарым-қатынасы. Этология: ағзаның қозғалыс формасы.
Социобиология: табиғи жəне əлеуметтік қатынас. Психоанализ: санасыздықтың адам психикасындағы ролі.
Осы ғылыми төңкерістер əлем дамуының жалпы заңдылықтарының төмендегідей қалыптасуына əкелді:

  • табиғат эволюциясы (кварктардан Əлемге дейін);

  • өздік ұйымдасу (өлі жүйеден биосфераға дейін);

  • өлі жəне тірі табиғат, адам байланысындағы жүйелілік;

  • салыстырмалылық теориядағы кеңістік пен уақытқа табиғат жүйелерінің имманенттілігі;

  • квантты механика мен синергетикадағы субъект жəне объектіге бөліну салыстырмалылығы.

Жалпы ғылымдық жаңа концепциялар мен үйлесімдер дүниеге келді:

  • жүйелілік (заттардың жүйе ретінде басқа құбылыстармен байланысын жəне өзара байланысын зерттеу);

  • құрылымдылық (ұйымдасу деңгейін зерттеу);

  • мүмкінділік (мүмкін əдістерді қолдану);

  • эволюциялық (жалпы даму процесіндегі құбылыстарға, жаңалықтарға жəне процестерге көзқарас);

  • өздік ұйымдасу (эволюцияның кейбір ішкі механизмдерін ашады).т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет