Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық


«Əлемнің ғылыми бейнесі» түсінігі



бет9/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
365920 (13)

«Əлемнің ғылыми бейнесі» түсінігі


«Əлемнің ғылыми бейнесі» ғылымда нақты əлем түсінігімен ондағы адамзат орнын пайда ететін маңызды жетістіктерді қамтиды. Əлемнің жалпы ғылыми бейнесінен басқа да жеке ғылымдар тұрғысынан əлемнің бейнесі болады. Қазіргі əдебиеттерде физикалық əлем бейнесінің тарихи эволюциясына ғана нақты анализ жасалған.
ХVІ – ХVІІ ғасырларда натурфилософия орнына əлемнің механикалық бейнесі, яғни барлық құбылыстарда басқа табиғат заңдылықтары негізінде қолданылған Галилей- Ньютонның заңдары келді. ХІХ ғасырда механикалық əлем аймағында молекулярлы- кинетикалық концепцияға жəне мүмкіншілік-статистикалық заңдылықтарға негізделген термодинамикалық əлемнің бейнесі пайда болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында М.Фарадей мен Дж.К Максвеллдің электромагниттік теориясының ашылуы əлемнің механикалық бейнесінің толық қирауына əкелді. Егер Максвеллге дейінгі физикалық шындық математикалық тұрғыдан түсіндірілсе, кейін механикалық жолмен түсіндірілмейтін үздіксіз өрістерден тұратындығы анықталған. ХХ ғасырда əлемнің релятивистік пен квантты механикалық бейнесінің əлемнің жаңа физикалық бейнесімен ауыстырылған ұстанымды эрасы келді.
Бізді қоршаған əлемнің ғылыми көзқарасы мəдениет пен ғылымның барлық салаларындағы кіріктірілген материалдарда толық болуы мүмкін. Сондықтан Табиғат танымы адам мен қоғам танымымен байланысқан.
Қазіргі таңда əлемнің үш бейнесін бөліп көрсетуге болады: ғылымалды, механикалық жəне эволюциялық. Қазіргі заманғы əлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесінде өз-өзін жетілдіру ерекше орын алады. Бұл бейнеде адам мен оның ойы қатысады. Ол эволюциялы жəне қайтымсыз. Мұнда жаратылысты-ғылыми білім гуманитарлық біліммен тығыз байланысты.

Əдебиеттер:


Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003, 4-7 бет.
Костарев А.С. . «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы»: Электрондық оқулық. – Орал, 2005
Солопов Е.Ф. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - М: Гуманит. Баспа ВЛАДОС орталығы, 1998
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 – 12-28 бет.

7-8 Дəріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет