И. С. Шкловский жұлдыздардың пайда болып дамуын былай деп түсіндіреді. Қайсы бір себептердің салдарынан газды – шаңды жұлдызаралық бұлттар салқындап, жинақтала бастайды да, бүкілəлемдік тартылыс күшінің əсерінен тығыз газды шар түзіледі. Бұл шарды əлі жұлдыз деп атауға болмайды. Себебі, олардың температурасы термоядролық реакция жүру үшін əлі жеткіліксіз болады. Мұны протожұлдыз деп атайды. Ол қысылып, тығыздалған сайын олардың температурасы көтеріле бастайды, ал ауқымы кішірейеді. Жұлдыздардың температурасы жоғары деңгейіне жеткен соң, термоядролық реакциялар жүре бастайды. Осының нəтижесінде жұлдыз ішіндегі газдар тартылыс күшін теңестіреді де, газды шардың сығылуы тоқтатылып, прото жұлдыз нағыз жұлдызға айналады. Жұлдыз дамуының жылдамдығы орталық жұлдыз аймағындағы жүріп жататын термоядролық реакциялар кезінде сутегі атомдарынан гелийдің түзілу процесімен байланысты.
Үлкен Жарылыс кезінде элементтер түзіп үлгерген атомдар жарылыс аймағынан алыстап, алып газды аспан түзді. Аспан бөлшектеніп жұлдыз бен галактикаларға жинақталды. Жұлдыздың негізінде атом ядроларының синтезіне жағдай туды. Сондықтан да жұлдыздарды химиялық элементтердің «фабрикасы» деп атайды. Оның энергиясы ядролық реакция процестерімен генерирленеді. Жұлдыз көп болса, атомдар күрделірек синтезделеді. Күн қарапайым жұлдыз тəрізді тек сутегіден гелийді синтездейді. Химиялық элеметтер жаңа жұлдыздар жарылысы кезінде көптеп пайда болады. Бұл жағдай тек 200 – 300 жылда өтеді.
Күн жүйесінің пайда болуы
Ғарышта тек қарапайым сутегі атомынан ғана емес, сонымен қатар басқа да атомдардан тұратын көптеген бұлттар мен тұмандар, оттегі, кремний, күкірт, кальций, темір, қалайы, уран сияқты күрделі элементтердің атомдары да пайда болды. 5 млрд. жыл шамасында Үлкен Жарылыс кезінде əлемде 90 ауыр салмақты элементтер жинақталды. Осы космостық бұлттар мен тұман нəтижесінде жұлдыз бен жаңа галактикалар түзілді. Олардың бірі – Күн жүйесіне бастама берді. Бұл бұлт протокүн деп аталды. Сол уақытта жақын жерде жаңа жұлдыз жарқ етіп, ғарышқа əртүрлі химиялық элемент изотоптарының миллиардтаған тоннасы шығарылды. Заттың бөлшегі протокүнді бұлтпен араласып жатты. Бұл қосылыс массасы 10 құрады.
Газды протокүнді бұлт үлкен дөңгелек тəрізді ғарыштық қара қуыс кеңістікке айналды. 5 млрд. жыл бұрын жұлдызаралық газ айналмалы бұлт ортасында тұрақтанып, сығыла бастады. Жаңа жұлдыз – Күн пайда болды. Бұлттың жарты бөлігі сақталып, Күннің айналасында айналуын жалғастырды. Газ тез суып, 200 млн. жылдан кейін жаңа жұлдыз жарылысынан соң газ молекулаларының тез конденсациясы басталды. Молекуладан ұсақ шаңдар – кристаллдар пайда болды. Бұлттың ішкі бөлігі жас Күннің күйдіргі сəулесімен қыздырылды. Сондықтан алғашқы алюминий, кремний, магний, темір оксидтері тəрізді ұшпайтын заттардан шаңдар пайда болды. Ал, салқын сыртқы зонада ұшқыш заттар конденсацияланады. Бұлттар уақыт өте қабаттанды. Шаңдар біртіндеп ірі агрегаттарға айналды. Агрегаттар өз кезегінде өте үлкен көлемді денелерге айналды. Сөйтіп, көптеген кіші планеталар пайда болды. Бұл кіші планеталар түйісіп, бөлшектеніп қосылды. Бұлардан Күн жүйесінің барлық планеталары пайда болды. Күн айналасындағы планеталарды екі топқа бөледі: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс – ішкі, ал Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун – сыртқы планета. Күн жүйесінің пайда болуы туралы ең бірінші гипотезаны И.Кант пен П. Лаплас жасады. Соңғы онжылдықта планеталарды зерттеу жұмыстары бұрын астрономияда белгісіз деректерді ашты.
Күн жүйесі күннің тартылыс күші əсер ететін кеңістік аймағын қамтиды. Жəне оның мөлшері Күн мен Жердің арасындағы қашықтықтан 2*105 есе үлкен. Күнді жұлдыз деп қарайтын болсақ, ол – жəй сары карлик, қатты қызған плазмалық шар. Ол өз өсінен Жермен бір бағытта айналады жəне өзінің магниттік өрісі бар жүйе.
Əдебиеттер:
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, Костарев А.С. . «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы»: Электрондық оқулық. – Орал, 2005.16-20 бет.
Горелов А.А. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» -М: Центр, 1997 –37-44 бет, 174-182 бет.
Солопов Е.Ф. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - М: Гуманит. Баспа ВЛАДОС орталығы, 1998 – 83-88 бет.