Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Негізгі қарастырылатын сөздер



бет18/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
Негізгі қарастырылатын сөздер: Бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік баланстың түрлері, формалары, капитал мен міндеттемелер, ұзақ мерзімді мен қысқа мерзімді активтер мен міндеттемелер, баланс бабы.


1. Бухгалтерлік баланстың рөлі мен маңызы.
2. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны.
3. Баланстың негізгі баптарының түсініктері.
4. Бухгалтерлік баланс түрлері.
1. Бухгалтерлік баланстың рөлі мен маңызы. Кәсіпорынды басқару шаруашылық құралдарының тиімділігін және сақтығын бақылау мақсатында бөлігі бір мерзімге құрамы және шамасы жөнінде ақпараттар қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік баланс көмегімен алады. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік баланс ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көретін негізігі қаржылық есептіліктердің бірі болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есептілік ақпаратын пайдаланушылар қатары көбейіп келеді. Өйткені, балансты оқи білу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, ұйымдардың басшыларына, акционерлерге, салық органдарының, қаржылық және банктік құрылым қызметкерлерінеде өте қажет.
Баланс термині латын тілінен аударғанда – екі рет және lanx – таразы табақшалары, сөзбе – сөз аударғанда екі табақша дегенді білдіреді және тепе-теңдік символы ретінде қолданылады.
Кәсіпорын әдетте есеп беріліп отырған айдан кейінгі айдың бірінші күніне шаруашылық құралдары мен оның көздерінің баланстық қортындысын жасайды. Баланс шаруашылық құралдарын өндіріс процесінің құрамы мен функциялық ролі бойынша, ал оның көздерін құралу формасы және мақсаты, міндеті бойнша ақшалай бағамен белгілі мезгілге топтастыру.
2. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны. Бухгалтерлік баланс деп - ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы ұйымның қаражаттарын) және бұларды қаржыландыру көздерін экоиомикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады, Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе каражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.
Нәтижесінде активтердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы ұйымның аталуы және баланстың қай уақытқа қорытындыланып жасалған күні жазылады.
Көптеген тұлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір кезеңдерге қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа тұлғаларға қанша көлемде берешегінің бар екендігін көрсетіп отырады. Яғни бухгалтерлік баланс осы «ұйымның қолда бар активті қаражаттарын және берешектерін белгілі бір уақытқа қарай көрсетіп отырады» деу орнықты ұғым. Тағы да қайталаймыз: белгілі бір ұйымның қолда бар мүліктері активтер деп аталынады. Ал осы ұйымның басқаларға берешегі міндеттемелер деп аталынады. Активтер құрамына осы ұйымның меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар, тасымалдау құралдары, өлшеу т.б. приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші машиналар т.с.с. жатады. Сонымен қатар осы ұйым меншігіндегі шикізаттар мен материалдар, босалқы бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай өлшеммен өлшеніп, осы ұйымның меншігінде болады.
Бұлардың барлығы да активтер түрінде классификацияланады. Осы жерде ұйымдар өзінің активті қаражаттарын толықтырып, бұларды өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы үшін әртүрлі көздерден ақшша алу мүмкіндігі болатындығын тағы да қайталайық. Қосымша алынатын ақшаларды, бұлар компаниялардан немесе банктерден алады. Алған ақшалары үшін осы ұйым қарыз алуушының қатарына (категориясына) түседі. Қарызға алынған ақшаларды міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған несиелерден бөлек осы ұйым басқа да тұлғалардан көп көлемде қарыз ақшалар алуына болады (мысалы, өзінің үлес қосушы аккционерлерінен). Ірі акционерлерден алынған қаражаттарды акционерлік капитал деп атайды. Осы ұйымды қолдаушы кейбір акционерлік компаниялар акцияларға жазылады немесе акционерлер осы ұйымның қызметін жалғастыра беру үшін белгісіз уақытқа дейін акционерлік ақша береді. Қандай да болмасын алынған акционерлік капитал, ең соңында жазылған акцияларға сай қайтарылады. Яғни осы ұйымның алған акционерлік ақшасы уақытша алынған қарыз ақша түріне саналады. Акцияға жазылган, түбінде қайтарылатын ақшаны міндеттемелер деп атайды. Нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік баланс әр түрлі әдістермен жасалынып, әрқашан да активтер мен міндемелер сомасы бірдей тепе-теңдік жағдайда болады. Бухгалтерлік баланс жекелеген синтетикалық счеттар қалдығын жинақтауды туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізі 5 болып табылады. Әрбір келесі кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік есеп мәліметтерін топтастырып жинақтау мақсатында баланс құрылады, Баланс құруды екі жақты принциптің қолданбалы әдісі деп те түсінуге болиады. Әрбір келесі кезеңге баланс қүруда бұрында бухгалтерлгік баланста көрсетілген көрсеткіштер, яғни (мәліметтер) балансттгың жекелеген элементтері арнайы счеттарға таратыльш жазылады. Әрбір жекелеген счеттар материалдық және қаржылық объектілерге, мысалға, несиелендірушілер, алашақтар, берешектер, меншіик иелері, инвесторлар, негізгі құралдар, қоюшылар т.с. с. жатады. Бухгалтерлік баланс ұйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір кезеңге қарай жинақтап көрсетеді.
Баланс деп — ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бұл анықтамада
1) баланс;
2) үлгі;
3) пайдаланушылардың мүддесі;
4) сыртқы сипаты;
5) белгілі бір мерзім;
6) қаржы жағдайы;
7) кәсіпорындар (ұйымдар) деген сияқты элементтер қатысады. «Баланс» - латын сөзі. Бұл сөз «екі табақты таразы» деген ұғымды білдіреді.
Үлгі - баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай, кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің жағдайы мен бұлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші ресми қағаз. Баланстық үлгі қағаз қорытынды есеп жасау қажеттігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған жазулар ұйымның қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланстық үлгі қағазға (сызық жолдарға) жазылған жекелеген көрсеткіштер баланстың белгілі баптары деп аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мұның өзі ұйымдардың шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік есеп объектілерінен туындайтын жалпы есеп жүйесінің маңызды категориясы екендігін білген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет