Қазақстан Республикасы оқу және ағарту министрлігі



бет6/7
Дата24.04.2023
өлшемі89,24 Kb.
#86301
1   2   3   4   5   6   7
Гистограмма № 1
Экспериментке дейінгі ересек балалардың дидактикалық ойынсыз өткізілген сабақ деңгейін анықтау (%)

Гистограмма № 2
Эксперименттен кейінгі ересек балалардың дидактикалық ойынмен өткізілген сабақ деңгейі (%)

Ересек жастағы балалардың Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар тиімді қолдануды дамыту жолдарын анықтау барысында жүргізілген эксперимент жұмысының қорытындысы:
Экспериментік топ пен жүргізілген жұмыс нәтижесінде балалардың дидактикалық ойындар тиімді қолдануды дамыту іс-әрекеттің барлық көрсеткіштері бойынша қамтамасыз етілгендігін көрсетті. Зерттеу барысында белгіленген мақсат, міндет оқыту үдерісінде қол жетімді, іске асырылды.
Педагогикалық эксперимент жұмысында зерттеу болжамының дұрыстығы эсперимент нәтижесінен көруге болады.
Анықтау кезеңде: №1 гистограмма бойынша, бақылау және эсперимент топ балаларының даму деңгейінің алшақтылығы көп үлкен емес. Балалардың көбі берілген тапсырманы нашар орындады. Оқыту әдістемесі ойын арқылы жүргізілмейтіндігі, балаларға сабақтың, тапсырманың қызықсыз болатындығы, әдіс-тәсіл түрлерін түрлендірудің жеткіліксіздігі анықталынды.
Қалыптастыру кезеңде: №2 гистограммада көріп отырғанымыздай, бақылау тобының балалрына қарағанда эсперимент тобының балаларының даму деңгейі жоғары екендігі анғарылады.
Өйткені, оқыту үдерісінде пайдаланылған әдістемелерді жүйелеп бағыттау, түрлі әдіс-тәсілдер қолдану, дидактикалық ойындардың болуы, түрлі оқушылармен қызықты жұмыс істеу арқылы балалардың ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдануды дамыту мүмкінділігі анықталынды.
Тәжірибелік-эсперимент негізінде әдістемелік теорияның практикалық құндылығы балалардың ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдануды дамытуда тиімділігі дәлелденді.


Қорытынды
Ойын арқылы оқыту технологиясы ағылшын тілі сабақтарында кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет:

  • Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау

  • Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.

  • Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.

  • Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.

  • Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Қорыта келгенде, оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Бастауыш сынып пен орта буын сабақтастығы барысында оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушлығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет.
Дидактикалық ойындар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет