1916 жылғы халықтың ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң маңызы. ХХ
ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтерiлiс бүкіл қазақ халқы мен Ресейдің
империялық езгісіндегі аймақтардың ғасырлар бойы армандап, бостандықты
аңсаған күреске қосылған сүбелi үлес, ол бүкiл әлем және қазақ тарихында
маңызды орын алады. А.Иманов пен оның рухани ақылшылары және
әрiптестерi қазақ халқын өз уақытында Сырым Датов, Исатай Тайманов пен
Махамбет Өтемiсов, Маңғыстау, Қазалы аймағындағы бас көтерулер, Кеңесары
мен Наурызбай Қасымовтар бастаған тәуелсiздiк жолындағы күрес деңгейiне
дейiн көтердi. Кеңесары Қасымовтың басшылығымен болған ұлт-азаттық
қозғалысынан кейiн бiрiншi рет 1916 жылы көтерiлiс қазақ елiнiң барлық
аймақтарын қамтып, кең көлемдегi азаттық қозғалыс сипатын алды. Көтерiлiс
отаршылдыққа және империалиялық саясатқа қарсы бағытта өрбiдi. Халықты
ұлттық және саяси жолындағы көтерiлiстiң басты мiндеттерiмен салыстырғанда
бұл көтерiлiстiң таптық жағы (ауылды билеуші топтарына қарсы күрес) екiншi
кезектегi мәселе болып қалды.
1917 жылдың басында Ресей елiндегi халықтың билік орындарына
наразылығы тереңдеп ашық қарсылыққа ұласа бастаған. Осы жылдары
большевиктер партиясы бiрiншi дүниежүзiлiк соғысты бұқараның отарлаушы
мен қанаушыларға қарсы азамат соғысына иландыру ұранын насихаттап оны
жаңа сатыға көтере бiлдi. Осы кезеңнің тағы бiр ерекшелiгі ол империялық
үкiметке ызалы халықтың большевиктер бағдарламасын iшiнара қолдауында
болды. Отарлық үкiмет бұндай саяси әрекеттерден сескенiп, түрлi айла-шаралар
iздедi. Революциялық дағдарыстың пiсiп-жетiлiп келе жатқандығы ұлт
аймақтарында, оның iшiнде Қазақстанда да құлаш жаяа бастады.
1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық- демократиялық
революция жеңiске жеттi. Үш ғасырға жуық Еуразия кеңістігін жұдырығында
ұстаған Романовтар әулетінің билігі құлатылып, үкiмет басшылары мен билік
басындағы шенеуініктер орындарынан босатылып тұтқынға алынды. Бүкiл
Ресей империясы мен Қазақстанда қос (Уақытша үкiмет пен Кеңестер) үкiмет
орныға бастады. Патша үкiметiнiң құлатылуын Қазақстан еңбекшiлерi саяси
және ұлттық егемендік алудың бастамасы тұрғысынан қабылдады.
Революцияшыл халық бұқарасының белсендi қимылдары нәтижесiнде өлкеде
бұрынғы үкiмет мүшелері биліктен қуылып, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-
демократиялық сипаттағы ақпан революциясының жеңiсi қазақ халқының саяси
белсендiлiгiн арттырды.
Уақытша үкiметтiң Қазақстандағы жергiлiктi органдары қазақ
құрамалары мен билеушi топтарына, ауылдардағы бай-манаптарға арқа сүйеп,
жұмысшылар мен еңбекшiлердiң революциялық шабытын саябырыстуға
тырысты, ал халықты әртүрлі әдіспен тонау әрекеті жалғаса бердi. Оларды
империалистiк соғыстың ауыртпалығын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр
еттi. Тарихи объективтілікке қайшы революция нәтижесінде Уақытша үкiмет
Қазақстанда самодержавиенiң бұрынғы саясатын жалғастырды. Ол Қазақстан
мен Орта Азиядағы 1916 ж. көтерiлiстi басып-жаншыған жазалаушы отрядтарға
қатысушыларды ақтау жөнiнде қаулы қабылдады, жергiлiктi жерлерде бұрынғы
уезд бен болыс бастықтары, губернаторлар ендi қайта комиссарлар, азаматтық
комитеттердiң төрағалары бола бастады. Қазақтарды саяси құқықтарынан
айырған ескi заңдар күшiнде қалып, орасан зор жер иелiктерi мен казак
әскерiнiң солбұрынғы әлеуметтiк артықшылықтары өзгеріссіз қала бердi. Қазақ
халқының таңдаулы жерлерiн тартып алушы- қоныс аудару басқармасының
қызметi әрі қарай өршіп, қазақтарды ата қонысынан күштеп шеттету жалғасты.
1916 ж. көтерiлiске қатысушыларды патша үкiметi қантөктiре
жазалағаннан кейiн Қытайдан қайтып орала бастаған қазақ пен қырғыздарға
Уақытша үкiмет тек 100 сомнан жәрдем бердi. Жергiлiктi орыс ұлтшыл-
шонжарлар бұл жағдайды пайдаланып, осындағы жергіліктi халықты тонаумен
шұғылданды, зорлық-зомбылық жасап, олардың жерлерiн тартып алып отырды.
Мысалы, Уақытша үкiметтiң Жетiсудағы комиссары Шкапский “татуластыру
жөнiнде ешқандай сөз болуға тиiстi емес, сондықтан қырғыздар (қазақтар)
көшiрiлiп жiберiлуi керек”, - деп шегелеп мәлiмдеген.
Қазақстанда Кеңестер 1917 ж. наурыз-мамыр айларында Семей,
Әулиеата, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Павлодар, Орал, Өскемен, Атбасар,
Ақтөбе, Түркiстан және т.б. жерлерде құрылып билік басына келе бастаған. Сан
жағынан мемлекет басындағы Кеңестердiң құрамында жұмысшы мен шаруа
депутаттары басым, ал олардан кейiнгi орындарда меньшевиктер мен эсер
партиясының өкiлдерi болған. Осы кезде Уақытша үкiметтiң жергiлiктi
органдары қалыптасты. Уақытша үкiметтiң облыс және уездегi басқару
құрылымдарын көбiнесе патша шенеуініктерi, эсерлер, меньшевиктер және
ұлтшылдардан тұратын комиссарлары қолына тидi. Сайып келгенде Уақытша
үкiметтiң жергiлiктi өкiлдерi басқару әдiс-тәсілдерi жағынан революцияға
дейiнгi патша әкiмшiлiгi қалың бұқараға көзқарасы сол күйінде қала берген.
Ресейдегi Ақпан революциясынан кейiн Қазақстандағы большевиктер
тобы да ұйымдастырушылық және үгiт-насихат шараларын ашық жүргiзуге
мүмкiндiк алды. Орынбор және Торғай аймақтарында П.Кобозев, Ә.Жангелдин,
А.Коростелев, Ақтөбеде В.Ф.Зинченко, Перовскiде А.В.Черняхов, Оралда
П.Парамонов, П.Дмитриев, Шымкентте Н.Морозов, Семейде П.Салов,
Петропавлда К.Сутюшевтер халық арасында саяси-ұйымдастырушылық
жұмыстарын жүргiздi. Большевиктер партиясының қатарына С.Сейфуллин,
Б.Серикбаев, Т.Рысқұлов, С.Арғыншиев және басқалары болған. Олар Уақытша
үкiметтiң саясатының мәнiн халыққа анық түсіндіруге күш салып, революция
қарсыластарын әшкереледi, елдегi патша саясатына қарсы халық топтарын
күреске жұмылдырды.
Осы кезде қазақтың ұлттық зиялылары басқарған облыстық және уездiк
комитеттерi де ұйымдастырылды. Облыстар мен уездерде Уақытша үкiметтi
қолдаған Сiбiр, Орынбор, Орал және Жетiсу казак әскерлерi және
станицаларының қанаушы басшы топтары үкiметiнiң органдары – казактар
комитеттері құрылды. Татар, өзбек және ұйғыр саудагерлерi мұсылман
алқаларына топтасты. 1917 жылы 7 наурызда Верныйда З.Тазетдиновтың
басшылығымен жалпы мұсылмандар алқасы құрылған.
Қазақстанның әр аймақтарында оқушы қазақ жастарының мәдени-ағарту
iстерiмен айналысатын үйiрмелерi мен ұйымдары қалыптасады. Мысалы, 1915-
1917 жж. 20-ға жуық үйiрмелер мен топтар құрылып, халық арасында сол
заманның өзекті мәселелерi туралы мәдени-көпшiлiк шаралар ұйымдастырды.
Олардың арасында Орынборда “Еркiн дала”, Омбыда “Бiрлiк”, Оралда “Жас
қазақ”, Троицкiде “Үмiт” тағы басқа жастар ұйымдары баянды қызмет атқарған.
Нақты сыналған бағдарламалары болмаса да бұндай үйiрмелер ұлтты отарлық
езгiден азат етудi шын пейiлдерiмен қалады, қазақтың бiлiм алуын талап еттi,
ұлттық бiрлiк, бостандық пен тәуелсiздiк идеяларын оятуға ұмтылды. Олардың
iшiнде Әулиеата уезiнде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған “Қазақ жастарының
революцияшыл одағы” қазақ қоғамында экономикалық, саяси-әлеуметтік
жаңалықтар енгізуге бiршама талпыныстар жасаған.
Бұл кездегi Ресей империясын түгелдей қамтыған саяси тұрақсыздық
жағдайында Орынбор қаласында осы өңірдің зиялыларының белсенділігімен
кеңестер өткізіліп, кезек күттiрмейтiн ұлттық мәселелерге байланысты бiр орта
тұжырымға келу үшiн жалпы қазақ съезiн шақыру туралы шешiм қабылданды.
“Қазақ” газетi арқылы ұлттық және құқықтық езгідегілерге арнайы үндеу
жолданды. 1917 жылы 21-26 шiлдеде Орынборда өткен Бүкiл қазақтар съезінде
“Алаш” партиясы құрылып оның басшы органдары сайланды. Партияның
басқару орындарына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып
Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел
және Жанша Досмухамедовтер, Халел Ғаббасов т.б. сайланды. Сол жылы 5-13
(18-26) желтоқсанда Орынборда өткен екiншi съезiнде Қазақтың автономиясы -
Достарыңызбен бөлісу: |