2. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар.
2.1 Қазақстандағы азамат соғысы (қарсыластығы).
Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы.
1918
жылдың
бiрiншi
жартысында
Кеңес
үкіметінiң
iшкi
қарсыластығының шиеленiсуi ел iшiндегi азаматтардың қарсыластығына,
қарулы ұрыстарға әкелiп соқтырды. Қарсыластықтың негiзi ауыл мен қала,
жұмысшылар мен шаруалар арасында болып шиеленiсе түстi. Жұмысшы-
шаруалар Кеңестерiнiң орталық пен ел өңiрiндегi үкiмет тiзгiнiн басып алуы,
алғашқы кезден-ақ билiктен алыстатылған топтардың қарулы қарсылығын
туғызды. Яғни, бүкiл мемлекеттегiдей Қазақстанда да азаматтық қарсыластық
қарулы ұрысқа - азамат соғысына әкелдi.
Казіргі Қазақстан өңірінде азамат соғысының оты 1917 жылдың
қарашасында Торғай облысының әкiмшiлiк орталығы Орынборда тұтанды.
Атаман Дутов басшылығымен мұнда Кеңес үкiметi құлатылып С. Цвиллинг
басқарған революциялық комитеттi тұтқындады. Ал 1917 ж. 13 қарашасында
Жетiсудың казактары Кеңестермен күресу үшiн әскери үкiмет құрылымын
ұйымдастырып, Верныйға осы өңiрдегi ақгвардияшылар мен юнкерлердi
топтастыра бастайды.
1917 ж. қарашасында революцияға қарсы ауқымды топ Оралда бой
көтерді. Басшылыққа келген әскери үкiмет жергiлiктi Кеңестi таратып, өңiрдегi
билiктi қолына алады. Осынау әскери үкiметтер Қазақстандағы революцияға
қарсы ақгвардияшылардың басты күшiне айналды. Олар ақгвардияшыл
офицерлерге, казак станицалары мен келiмсектер қоныстанған елдi-
мекендерiнiң бай-билеушi топтарына сүйенiп, жергiлiктi кадет, эсерлер мен
меньшевиктерден, Алаш, Шура-Ислами партиялары басшыларынан, тағы басқа
саяси қозғалыстар мен топтар тарапынан қолдау тапты. Мысалы, Атырауда
(Гурьев) 1918 жылы 23 наурызда Орал казактары бүлiк шығарды. Бұнда
генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесiнiң
9 мүшесi сотсыз атылды. Ал осы жылы наурыз айының аяғында ақ
гвардияшылар Алаш Орда өкiлдерiмен бiрiгiп, Орал қаласында төңкерiс
ұйымдастырды.
Сайып келгенде, Кеңес үкiметiн құлату үшiн ел iшiндегi
ақгвардияшылдармен бiрiгiп алған iрi-iрi дамыған мемлекеттердiң қатысып
қолдауымен 1918 ж. жазында азамат соғысы кең көлемде құлаш жайып кетедi.
Олардың ең басты, пәрмендi күшi елдiң солтүстiгi мен шығысында, яғни
Австро-Венгрия тұтқын солдаттары сапар шегiп бара жатқан бағытында
болады. Ciбiрде 1918 жылдың мамырында Антанта елдерiнiң қолдауымен
Чехословак әскери тобының офицерлерi бүлiк шығарды. Кейiн олар ел iшiндегi
жаңа үкiметке қарсы күштермен бiрiгiп, Петропавл, Ақмола, Атбасар,
Қостанай, Семей қалаларын басып алды. Қ.Сүтiшев, И.Дубинин, П.Калюжная,
Қ.Ыдырысов, Қ.Шугаев, П.Салов және басқаларын азаптап өлтiрiп, Өскемен
Совдепiнiң төрағасы Я.Ушаковты тiрiлей кеменiң пешінің отына тастады.
Жаңа үкiметке қарсы күштер Самарада ақ гвардияшылар мен әскерлердiң
“Комуч” (Құрылтай жиналысының мүшелерiнiң комитетi) “үкiметiн”, Омбыда
Колчак бастаған Сiбiр ақгвардияшыларының “үкiметiн”, Каспий сыртқы
облысында ағылшындар “үкiметiн” құрды. Краснов пен Деникин соғыс
қимылдарын күшейте түстi. 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл
Армия бөлiмдерiнің кейiн шегiнуіне байланысты Ақтөбе майданы пайда болды.
Оның әскери құрылымдарына Қазақстанның оңтүстiгiндегi қалаларда
(Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск /Қызылорда/, Черняевск /Шымкент/,
Әулиеата) қалыптасқан шоғырлар келiп қосылды. Оның қатарында негiзiнен
ерiктiлер болды.
Әскери мiндет туралы БОАК-тiнiң (Бүкіл Орталық Атқару Комитеті) 1918
жылы 29 мамырда қабылданған жарлығынан кейiн әскери мiндеттi өтеуге
еңбекшiлердiң белгiлi жасқа жеткендер шақырылатын болды. 1918 жылдың
жазында алғашқы ұлттық әскери бөлiмдер Жетiсуда, Орынборда, Оралда,
Батыс Қазақстанда, Бөкей Ордасында ұйымдастырылған. 1918 жылдың күзiнде
Бөкей Ордасында қалыптасқан қазақ атты әскер полкiнде Хамит Чурин,
Ж.Сарсеков, Х.Ишанов, В.Жәнекешев т.б. азаматтар белсендiлiк көрсеттi.
1918-1919 жж. Торғайда Әлiби Жангелдин және Аманкелдi Имановтың
екi атты әскер бөлiмдерiне кiшi буындағы командирлердi даярлайтын оқу тобы,
зеңбiрекшiлер тобын, Ырғыз қаласында тағы бiр атты әскер бөлiмiн құрды.
Олардың қатарында қазақ жастары мен бiрге бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс
жылдарында Ресейде қалып қойған шетелдiктер венгр, чех, румын, поляк, немiс
өкiлдерi де ішінара болған. Осы жылдары Ә. Жангелдин бастаған экспедиция
Мәскеуден көп қару-жарақ пен оқ-дәрi жеткiздi. 1918 ж. көктемінде ол ХКК-
ның төрағасы В.Ульянов-Лениннен тікелей тапсырма алып жол-жөнекей
Астрахань қаласында балық зауытында жұмыс жасап жүрген қазақ жігіттерін
қатарына тартып, Маңғыстауға адай руының жігіттерімен қатарын толықтырып
Үстүрт арқылы Шалқарға /казіргі Ақтөбе облысы, Орынбор-Ташкент
теміржолының торабы/ жетіп, жиналған қару-жарақты аман-есен Ақтөбе
майданына жеткізеді. Кеңес үкiметiн жақтаушы күштердiң (Қызыл Армия) 1
және 4-шi бөлiмдерi шабуылға шығып, Бугуруслан, Бұзылық, Қазан,
Александров Гай қалаларын азат етіп, Орынбор мен Оралға жақындай түсті.
Жетiсу өңiрiндегi азаматтық қарсыластық жаңа үкiмет жауларының
пайдасына шешiлмедi. Бұл бағытта қазан айының екiншi жартысында Қызыл
Армия күштерi шабуылға шығып, Абакумовка стансасын ақ гвардияшылдардан
босатты. Ақтөбе майданының қарулы күштерi 1919 жылы 22 қаңтарда
Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етiп, Қазақстан және Түркiстан
аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтiрдi.
Азаматтық қарсыластық толықтай қарулы сипат алғанда, Қазақ жерiнiң
көпшiлiгiнде Кеңес үкiметi құлатылған алмағайып жағдайда, Алаш Орда
Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Сiбiр уақытша үкiметiмен және
Самарадағы құрылтай жиналысының Комитетiмен (Комуч) одақтасып, Орал
мен Сiбiр, Жетiсу қазақтарымен байланысты күшейтiп, Кеңестерге қарсы
шығуға дайын отырды. 1918 жылдың маусымында Алаш Орда үкiметi
Кеңестердiң мемлекеттiк жүйесiне қарсы бағытталған бiрқатар жарлық
шығарады. Бұл құжаттарда Алаш аймағында Кеңес үкiметi жария еткен
шешімдер, заң актiлерi түгелдей күшiн жояды деп жарияланып, большевиктер
партиясының мүшелерiн қудалау заңды деп табылды.
Алаш партиясының өкілдері Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков және бiрқатар
әскерилер 1918 ж. шiлде және тамыз айларында Самар мен Омбыда Комуч пен
Сiбiр уақытша үкiметтерiнiң әскери ведомстволары өкiлдерiмен кездесiп, Алаш
Ордаға көмек беру және оның қарулы күштерiн құру жөнiнде келiссөздер
жүргiздi. Алаш Орданың елiмiздiң батысындағы жетекшiлерi ағайынды
Досмұхамедовтер таяу уақытта қазақтардың 2 мың адамнан тұратын іскери
құрамасын ұйымдастыруға уәде бередi. Казіргі Қазақстан территориясындағы
азаматтық қарсыластық Ресейдегi азамат соғысының құрамды бiр бөлiгi едi.
Сол себептi де Қазақстан майдандарындағы күрес-тартыстың дамуы мен
барысына соғыстың басты майданындағы соғыс әрекеттерiнiң жүрiсi ғана емес,
Қазақстанның ақгвардияшылар жаулап алған территориясындағы жаңа билікті
қолдаушылар соғысы Қызыл Армияның Шығыс және Оңтүстiк майдандарында
шайқасып жатқан негiзгi күштерiнiң күрестерiне біраз тірек болған.
Азамат соғысының нәтижесiне ақгвардияшыларға қарсы халықтың ерікті
белсенділігі (партизан) елеулі әсер еттi. Қазақстандағы партизан қозғалысының
iрi ошақтары Қостанай уезi, Ақмола, Жетiсу облыстарында болды. Павлодар,
Өскемен, Бұқтырма мен Зайсан уездерiнде, әсiресе Зырян, Қатон Қарағай,
Шыңғыстау, Шемонаиха болыстарында партизан қозғалысы кең қанат жайып,
елдiң едәуiр бөлiгiн қамтыған. Черкасск қорғанысы, Тарбагатай мен Үржардың
“Таудың қызыл қырандары” отрядтарының ерен қимылдары Қазақстандағы
азамат соғысында елеулi орын алды. Кеңес мемлекетiнiң тарихында 22-і және
25-шi Чапаев дивизияларының қимылы, Орал мен Орынборды қаhармандық
пен қорғау елiмiздiң тарихының аса елеулi беттерi болып саналады.
1919 жылы М.В.Фрунзе басқарған Қызыл әскер шоғырлары
Қазақстанның солтүстiк аудандарында, ал Чапаев бастаған шоғырлар оңтүстiк-
батыс аудандарда соғыс жүргiзiп, Колчак құрамаларының Деникин
әскерлерiмен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берген.
Қазақстанда Колчак әскерiне қарсы көтерiлiс Қостанай уезiнде болды. 1918
жылы желтоқсан айының аяғында Ә.Жангелдин, А.Иманов және Ырғыз
шоғырының бiрiккен күшiмен Торғайда Кеңес үкiметi қалпына келтiрiлдi. Бұл
кезде Семей, Ақмола облыстарында да партизандық қозғалыстар өрiстедi.
Сондай-ақ Жетiсу майданының, солтүстiк-шығыс шебiнде 1918 жылы тамыз
және 1919 жылғы қазанның орта кезiне дейiн ақгвардияшыларға қарсы күрес
қарқынды жалғасқан.
Шығыс майданындағы Колчак армиясы жеңiлгеннен кейiн Батыс,
Солтүстiк, Солтүстiк-Шығыс Қазақстан мен Жетiсуды азат ету міндеті тұрды.
Сөйтiп, 1919 жылдың аяғында Қазақстанның негiзгi аумағы ақ
гвардияшылардан азат етiлiп, 1920 ж. наурызында азамат соғысының
Қазақстандағы ең соңғы ошағы - Солтүстiк Жетiсу майданы жойылды. Кеңес
үкiметiне қарсы күштердiң Қазақ елiнiң барлық аймағындағы күйреуi Алаш
Орда қарулы топтарының арасында толқулар туып, Алаш милициясының
қатарының сирей бастауына алып келдi. Бүкiлресейлiк Орталық Атқару
Комитетi 1919 ж. наурыз айында Алаш Ордаға амнистия (кешiрiм)
жарияланғаннан кейiн және Алаш Орда басшыларының бiрi А. Байтұрсынов
пен оның жақтастарының үлкен бiр тобының Кеңес өкiметi жағына шығуына
байланысты бұл құбылыс өзiнше тоқтамайтын сипат алды. Азамат соғысы
аяқталысымен Кеңес үкiметi қайта қалпына келтiрiлiп, 1919 ж. шiлдесiнде
РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесiнiң жарлығы бойынша Қазақ өлкесiн
басқару жөнiндегi Революциялық Комитет (Ревком) құрылды.
Елiмiздi шет ел басқыншылары мен Кеңес үкiметiн құлатуға ұмтылған
күштерге қарсы ұрыстарда М.В.Фрунзе, М.Н.Тухачевский, В.И.Чапаев сияқты
қолбасшылар, И.П.Белов, И.С.Кутяков, А.Иманов т.б. талантты командирлер
ерен ерлiк көрсеттi.
1918 жылдың орта шенiнде елде қалыптасқан жағдайды ескере отырып,
билеушi партия мен Кеңес үкiметi барлық материалдық қорларды жаңа
мемлекеттi қорғауға жұмылдыру және оларды үнемдеп бөлу үшiн экономикада
бiрқатар төтенше шараларды қабылдады. Бұл шаралар тарихқа “соғыс
Достарыңызбен бөлісу: |