Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет13/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

коммунизм”  деген  атаумен  енген.  Кеңес  мемлекетi  кезiндегi  оқулықтар  мен 
ғылыми зерттемелерде “Ол лажсыз белгiленген, төтенше, уақытша жүргiзiлген 
саясат болды, бiрақ сонымен бiрге сол жағдайдағы қажет әрi бiрден-бiр дұрыс 
саясат едi. Ол шаруашылық күйзелiсiнен, экономикалық қоршаудан және жаңа 
үкiметтi қорғаудың ерекше қиыншылықтарынан туған едi”  деген тұжырымдар 
берiлдi. 
 
Бұл саясаттың тарихи шарттылығы туралы ғылымдағы пiкiрлер сан-қилы. 
Олар  негiзiнде:  большевиктер  партиясының  жетекшiлерiнiң,  Кеңес  дәуiрiндегi 
ғылымның,  шет  ел  (Шығыс,  Батыс)  ғылыми  мектептерiнiң,  ХХ  ғасырдың  90-
шы  жылдарындағы  ғылымның  жаңаша  бағалары  мен  көзқарастары  болатын. 
Бiздiң  елiмiздiң  ХХ  ғасырдағы  тарихи  жолы  аталған  пiкiрлердiң  арасында 
әскери  коммунизм  әдiсiмен  бейбiт  жағдайда  жаңа  қоғам  құрылысын  жүргiзу 
мүмкiн  еместiгiн  анықтады.  Адамзат  тарихындағы  тең  және  бостанды  елдiң 
идеясын iс жүзiнде орындауға алғашқы  теориялық пайымдаулар мен тәжірибе 
жасағандар бұл  жөнінде  мынадай  тұжырым  берген:”...амалсыз  осыны  iстеудiң 
қажетi  де  болды:  бiз...  адам  айтқысыз  ауыр,  сұрапыл  соғыс  жағдайында  өмiр 
сүрдiк;  мұндай  жағдайда  бiзге  экономика  жөнiнде  де  соғыстағыдай  қимыл 
жасаудан басқа ештеңе қалмады”. 
 
Соғыс  (әскери)  коммунизм  саясатын  енгiзудегi  алғашқы  төтенше 
шаралардың  бiрi  азық-түлiк  мәселесiн  шешуге  бағытталды.  Кеңес  үкiметiнiң 
1918  жылдың  көктемiнде  және  жаздың  басында  қабылдаған  декреттерi 
материалдық  тұрғыдан  қорымды  және  меншік  иемденушi  топтардың 


қолындағы  азық-түлiктiң  артығын  әміршіл  жолмен  алуды,  жалдаушылыққа 
тыйым салып, халықты бiр орталықтан жабдықтау тәртiбiн  белгiлеудi көздеген 
едi.  Сөйтiп,  азық-түлiк  салғырты  енгiзiлгеннен  кейiн  мемлекет  астық 
дайындауды  көбейтуге,  майданды  азық-түлiкпен  қамтамасыз  етуге,  қала 
тұрғындары  мен  азық  түлiгi  тапшы  адамдарды  ашаршылықтан  құтқару 
мiндеттерi көзделген болатын. 
 
Соғыс  коммунизмі  түйінді  сипаттары  өнеркәсiптi  жедел  қарқынмен 
ұлттандыру,  оны  басқаруды  Кеңестер  құзырына  толық  беру,  өнеркәсiп 
ұжымдарын  қару-жарақ  және  қарулы  күштіер  саласын  материалдық  жағынан 
жабдықтап басқа да бұйымдар өндiретiн етiп қайта құру қажет болатын. Кеңес 
үкiмет  бағдарламасы  аясында  iрi  және  орташа  өнеркәсiптi  ғана  емес,  ұсақ 
кәсiптi де ұлттандыруға арналған еді. Осындай шара арқылы мемлекеттiң соғыс 
өндiрiсiн  едәуiр  көлемде  ұлғайтып,  қару-жарақ,  құрал-жабдық,  оқ-дәрi 
шығаруды арттыруды, материалдық қорларды iшкi және сыртқы жаңа үкiметке 
қарсыластармен  күреске 
пайдалануына 
мүмкiндiк  беретін 
мақсатқа 
оңтайландырылды. 
 
1919  жылғы  29  қаңтарда  Халық  Комиссарлары  Кеңесiнiң  қарары 
бойынша  бүкіл  елде  баршаға  бiрдей  еңбек  мiндеттiлiгi  енгiзiлдi.  Еңбекке 
жарамды  азаматтардың  бәрi  тұрақты  қызметiне  қарамастан,  жергiлiктi  үкiмет 
орындары  кезек  күттiрмейтiн iстер деп  есептеген  түрлi  жұмыстарды  атқаруға; 
жолдарды,  көпiрлердi  жөндеп  қалпына  келтiруге,  олардың  сапасын  жарамды 
етіп  ұстауға,  отын  дайындап  жеткiзуге,  әскери  құрамалар  мен  жүктердi 
көлiкпен тасуға міндеттелді. 
 
Ауыл  шаруашылық  өнiмдерi  мен  көпшiлiк  қолмен  iстелiнетiн  тауарлар 
өндiрудiң қысқаруы қала мен ауыл арасындағы экономикалық байланыстардың 
үзiлуiне  әкелiп  соқтырды.  Рынок  қатынастары  барған  сайын  тауар  айырбасы 
сипатына  ие  болып  келе  жатты.  Жаңа  үкiмет  жүйесі  халықты  азық-түлiкпен 
және  көпшiлiк  қолданысты  бұйымдармен  тұрақты,  қолжетімді  бағамен,  ал 
кейбiр  ерекше  жағдайда  тегiн  тауарлармен  жабдықтау  мақсаты  туралы  сөзбен 
жарияланды.  Осы жылдары (1918-1920) жалақыны заттай беру және өнеркәсiп 
бµйымдарын  ауыл  шаруашылық  өнiмдерiне  тiкелей  айырбастау,  тұтыну 
заттарын  бөлудегi  теңгермешiлiк  экономикалық  саясаттың  құрамдас  бөлiгi 
болды.  Соғыс  коммунизм  саясаты  әуелi  Қазақстанның  майданнан  тыс 
аймақтарында  жүргiзiлдi.  Зерттеушілер  мен    замануи  саясаткерлер 
тұжырымынша  сол  саясаттың  жедел  міндеті  азық-түлiк  салғырты  өлкеде 
жарияланысымен бiрден енгiзу болмаған. Мұның өзi ең алдымен Қазақстанның 
кеңестiк аудандарында қалыптасқан жағдайдан туған едi. Майдан қоршауында 
болған  бұл  аудандардың  орталықпен  байланысы  тіпті  нәзік  болды.  Мұндай 
жағдайда  ауыртпалықтың  едәуiр  үлесi  орта  шаруаның  мойнына  түскен  азық-
түлiк  салғыртын  дереу  енгiзу  мүмкiн  емес  едi.  Олай  болса  адам  құрамы 
негiзiнен  алғанда  жергiлiктi  шаруалардан  құралып,  толықтырылып  отырған 
жаңа  мемлекеттiк  әскери  бөлiмдерiнiң  жауынгерлiк  қабiлетiне  ол  кері  әсерiн 
тигiзер едi. 
 
Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда ескi тәртiптердi қайта орнатқан 
бұрынғы  билік  тәртiбiнiң  қыспағын  көрмеген орта шаруа  бұрынғы  иемденушi 


топтардың  үгiтiне  оңай  ерiп  кететiн  болды.  Шаруалар  екiнiң  бiрiнде 
мемлекеттiк  қысымнан  (монополиядан)  және  тұрақты  бағалардан  орағытып 
өтiп, азық-түлiгiн “қара” рынокта өнеркәсiп тауарларына айырбастауды тиімді 
деп  есептеген.  Оның  үстiне  Қазақстанның  кеңестiк  аудандары  астықты  аз 
өндiретiн.  Мысалы,  Бөкей  өңірінде,  халықтың  денi  көшпелi  мал 
шаруашылығымен  шұғылданды.  Оның  солтүстiк  аудандарындағы  отырықшы 
орыс  және  қазақтар  орналасқан  азын-аулақ  елдi  мекендерiнде  ғана  60  мың 
десятинадай  егiн  егiлетiн.  Қазақстанның  оңтүстiгiндегi  шөлейт  және  құнарсыз 
жердегi  уездерi  де  ол  кезде  дәнді    дақыл  немесе  көкөніс  егумен  жөндi 
шұғылданбайтын және оны сырттан алатын. 
 
Жетiсу  облысында  бiраз  астық  өндiрiлетiн,  бiрақ  облыстың  солтүстiк 
жағында  орналасқан  негiзгi  астықты  аудандары  1918-1920  жылдары  өршiген 
соғыс  орталығы  болғандығынан,  астық  өндiруден  қол  үздi.  Бұл  аудандар  азат 
етiлген  кезде  революциялық  өзгерiстерге  қарсы  күштер  оларды  күйзелтiп, 
талап-тонап  кеткенi  сонша,  халыққа  азық-түлiк  пен  тұқымдық  астық  берiп, 
жедел  көмектесу  қажет  болды.  Ал  салғырт  жөнiнде  әңгiме  де  болуы  мүмкiн 
емес едi. 
 
Торғай  және  Орал  облыстарының  Ақтөбе  және  Темiр  уездерi  астықпен 
бiршама  тәуiр  қамтамасыз  етiлген  едi.  Түркiстан  республикасының 
орындарымен  жасасқан  шарт  бойынша  тауар  айырбас  ретiмен  Ақтөбе  уездiк 
азық-түлiк бөлiмi 1918 жылдың орта шенiне дейiн 150 мың пұт астық жөнелттi. 
Темiр уезiнде 1918 жылдың ортасынан 1919 жылғы наурызға дейiн азық-түлiк 
орындары 545,4 пұт, ал Ақтөбе уезiнен  - 944,1 пұт астық дайындап темiр жол 
арқылы Түркiстанға жөнелтiп отырған.  
 
Қазақстанның кеңестiк аудандарының Ресей империясының орталығынан 
шалғай  жатқандығы,  соғыс  қимылдарының  шаруашылық  өмiрдiң  шырқын 
бұзуы,  жекелеген  уездер  мен  облыстардың  шаруашылық-экономикалық 
жағынан  дамуының  әркелкiлiгi  мен  өзгешелiгi  (көшпелi  және  жартылай 
көшпелi мал шаруашылығының басым болуы, бұл жылдары егiннiң аз себiлуi, 
жер мәселесiнiң шешiлмегендiгi, ұлттық қарым-қатынастардың күрделiлiгi) т.б. 
себептер  Қазақстанда  азық-түлiк  салғыртының  толық  көлемiнде  майдандар 
жойылып, астық өндiретiн негiзгi аудандар азат етiлгеннен кейiн ғана, тек 1920 
жылдың басынан кейiнгi кезеңдерде iске асырылуына мүмкiндiк болды. Кейбiр 
уездерде  1919  жылы  азық-түлiк  салғыртын  жүргiзуге  әрекет  жасалды,  алайда 
оның нәтижесі мардымды болмады.  
 
Мемлекеттiк  астық  монополиясы,  астықтың  тұрақты  бағасы  барлық 
жерде  бiрдей  жүзеге  асырылмады  және  ол  мүмкiн  емес  едi.  Астықтың  негiзгi 
қорларын  иеленушiлер  астықты  Кеңес  азық-түлiк  орындарына  тұрақты 
бағалармен  тапсыруға  мүлде  қарсы  болды.  Олар  астығын  жасырын  түрде 
жалдаптықпен  сатты.  Орталықтандырылған  жолмен  өнеркәсiп  тауарлары  мен 
азық-түлiк  ала-алмаған  халық  оларды  түрлi  саудегер  мен  алыпсатарлардан 
алуға  мәжбүр  болды.  Кеңес  орындарының  жеке  меншiк  сауданы  жоюға 
ұмтылған түрлi айла-әрекеттерiне қарамастан, бұл сауда жойылған жоқ, әсiресе 
облыс орталықтары мен темiр жолдардан шалғай жатқан жерлерде кең тараған. 


 
Малы бар азаматтар мен байларға салық салу арқылы, сондай-ақ үдемелi 
жинау  әдiсi  бойынша  шаруалардың  артық  малын  тәркілеу,  салық  төлеуден 
қашып  жүргендердiң  мүлкiн  реквизициялау,  малды  аудандарда  еркiн  баға 
бойынша  сатып  алу  және  тауар  айырбасы  ретiмен  тұрақты  бағалар  бойынша 
заттай  мiндеттiлiктi  күшпен  орындату  арқылы  дайындалды.  Еңбек  ақыны 
заттай беру өте-мөте шектеулi болды. Негiзгi тамақ өнiмдерi - ет, астық, картоп, 
қант  еңбекшi  халықтың  әрбiр  тобы  үшiн  таптық  белгiсi  бойынша  шектеулi 
мөлшерде  берiлдi.  Бiрқатар  уездерде  тамақтандыру  нүктелерi  мен  асханалар 
ашу арқылы ашыққан халықты тегiн тамақтандыруы қолға алынды. 
 
Соғыс коммунизмі саясатының Қазақстанда өнеркәсiптi ұлттандыру және 
кеңес  органдарының  қолына  шоғырландыру,  өнеркәсiп  орындарын  әскерге 
арнап  қару-жарақ  пен  құрал-жабдық  жасауға  ыңғайлау  сияқты  қысымды 
шаралар  толық көлемде қолданылды. Ең қажеттi өнеркәсiп тауарларына деген 
тапшылықты  iшiнара  болса  да  өтеу  үшiн  iрi  және  орташа  кәсiпорындар  емес, 
сонымен  қатар  ұсақ  және  қолөнер  өндiрiсi  майдагерлiк  кәсiпорындары  
ұлттандырылды. 
 
Өлке  экономикасының  аграрлық  сипатына,  қалалардың  экономикалық 
рөлiнiң  мардымсыздығына,  өнеркәсiп  пен  қатынастың  жұмыс  күшiн 
қажетсiнуiнiң  шектеулiлiгiне  байланысты  Қазақстанда  баршаға  бiрдей  еңбек 
мiндеттiлiгi  кең  қанат  жайған  жоқ.  Ол  мұнда  баршаға  бiрдей  және  тұрақты 
сипат  алмады,  негiзiнен  кәсiпорындары  бар  қалалар  мен  елдi  мекендерде, 
сондай-ақ  темiр  жолдарға  25  шақырым  өңiрдегi  ауылдарда  темiр  жолдарды 
жөндеу  және  түрлі  табиғи  құбылысқа  қарсы  шараларға  сол  жерлгілікті 
тұрғындар тартылды. Осы жылдары үкiмет мүддесiне халықтың тiкелей еңбек 
ету  және  көлiк беру  мiндеттiлiгi  (отын  дайындау  және  тасып беру,  азық-түлiк 
және  басқа  жүктердi  тасып  жеткiзу)  де  болды.  Ал  көшпелi  қазақтың  дәстүрлі 
өмір жәйі аясында тұрғындар еңбек ету және көлiк беру мiндеттiлгiне бiршама 
аз тартылды. 
 
Қазақстанның 
облыстары 
мен 
уездерiнде 
ұлттандырылған 
кәсiпорындарды  басқару  үшiн  Халық  шаруашылығы  кеңестерi  құрылды. 
Алғашқы кеңестердiң бiрi 1918 жылғы 16 мамырда Ақтөбе уезiнде қалыптасты. 
Сол  жылғы  маусым  айынан  бастап  облыстық  халық  шаруашылығы  Кеңесi 
Жетiсу облысында, Черняев, Арал, Әулиеата, Қазалы, Перовск және Түркiстан 
уездерiнде құрылды. 
 
Қорғаныс  үшiн  зор  маңызы  бар  кейбiр  кәсiпорындарда  соғыс 
жағдайындағы  тәртіп  жарияланды.  Жергiлiктi  жерлерде  халық  шаруашылығы 
Кеңестерiмен  қатар  әскердi  жабдықтау  жөнiндегi  төтенше  комиссиялар 
құрылды.  Олар  халық  шаруашылығы  кеңестерiмен  бiрге  әскер  бөлiмдердi 
материалдық  жағынан  қамтамасыз  етумен  шұғылданды.  Шикiзат  пен  отынды 
есепке  алып,  кәсiпорындарды  қажеттi  материалдармен,  құрал-жабдықтармен 
қамтамасыз етуге тікелей араласты. 
 
1918 жылғы 12 қазанда Түркiстан Халық шаруашылығы кеңесi қорғасын 
қорыту зауыты мен кен орындарын отынмен және кадрлармен қамтамасыз ету 
туралы  шешiмнiң  нәтижесiнде,  желтоқсанның  бас  кезiнде  қорғасын  өндiрiле 
бастады. 
Ақтөбеде, 
Перовскiде, 
Верныйда, 
Қапалда, 
Гавриловское 


(Талдықорған) селосында қару жөндейтiн, оқ-дәрi жасайтын, киiм тiгетiн, көлiк 
әбзелдерi  мен  ер-тұрман  жасайтын  шеберханалар  жабдықталды.  Верныйдағы 
реквизицияланған шұға фабрикасы тек 1919 жылдың I жартысында әскер үшiн 
47 мың кездей шинельдiк шұға тоқыды; қаладағы 7 былғары зауыты жылына 24 
мың былғары берiп тұрды.  
 
Cолтүстiк  Жетiсу  майданының  әскерлерiне  қажеттi  жылқы  малын 
өсiретiн  өнеркәсiп  иелерiнен  тіркіленiп  алынды.  Бөкей  аймағында  Царицын 
майданының мұқтаждары үшiн 1918 жылы тамызда 500 түйе, ал қазанда 1000 
жылқы  мен  500  түйе  сатып  алынды.  Осы  облыста  әскердi  етпен  жабдықтау 
үшiн тек 1919 жылдың қаңтарында қазақтардан 5 мың бас iрi қара мен 40 мыңға 
жуық қой “Кеңестер шешiмiмен” деген әміршілдікпен тартып алынды. 
 
Қазақстан  территориясы  арқылы  өтетiн  негiзгi  темiр  жол  магистралы  - 
Орынбор-Ташкент жолында соғыс коммунизм саясаты кезiнде 1918 жылғы 22 
шiлдеде төтенше жағдайы енгiзiлдi. Майданға жүк, ал Ташкентке, Шымкентке, 
Қазалыға және басқа елдi мекендерге астық тасуды қамтамасыз ету үшiн  сала 
қызметшілері жолдарды қалпына жөндеп қалпына келтiретiн арнайы топтарын 
құрды.  Олар  әскер  үшiн  бiрнеше  бронепоезды  мезгiлiнде  iске  қосуға,  кiрiс 
жолдарын техникалық талаптар арнасында ұстауға елеулі істер атқарған.  
 
Соғыстың  аса  қиын  жағдайларында  “соғыс  коммунизмі”  талабын 
орындау желеуiмен большевиктер партиясы мен Кеңестер ауылдағы жағдайға- 
мұндағы  өндiргiш  күштердi  сақтау,  аграрлық  мәселелердi  шешу  т.б.  аса  көңiл 
бөлдi.  Иемденушi  топтардың  жаппай  егiндiк  және  жайылымдық  жерлерi, 
шабындықтары, құрал-саймандары, жемшөбi, астығы мен малы  билік қысымы 
арқылы мемлекет қорына алынды.  
 
Қоныс аударып келгендердiң тұрағы мен қазақ ауылында жаңа әлеуметтiк 
құрылым  да  билік  күшімен  орнатыла  бастады.  Қазақстанның  бiрқатар 
уездерiнде 
ауыл 
шаруашылығында 
жаңа 
әлеуметтік-экономикалық 
(социалистiк)  қатынастар  аясында  алғашқы  ұжымдар  құрыла  бастады.  1918  ж.  
шiлде  айында  Верный  Кеңес  үкiметiнiң  ұйғарымымен  Жетiсуда  “Новая  эра” 
коммунасы  құрылды.  Одан  кейiн  осы  өңiрде  “Заря”,  Карл  Маркс,  “Единение” 
деген  жаңа  типтегі  еңбекшілер  ұжымдары  бой  көтерген.  1919  жылдың  бас 
кезiнде  облыстағы  жүзден  астам  коммуналар  мен  артельдерге  4  мыңға  жуық 
шаруалар күштеп тартылды. Бөкей облысында сол кездегi 19 кооперативтiк жер 
бiрлестiгiнiң 11-не қазақтардың басым көпшілігі күштеп бiрiктiрiлген болатын. 
Шаруалар  мен  мүлік  иелері  арасын  алшақтатып,  бiрiне-бiрiн  қайшы  қою 
саясаты басқа өңiрлерде де өктемдiкпен таратылды.  
 
Сайып келгенде,  соғыс коммунизмі саясаты кезiнде қазақ жерi жаңа, әрi 
көп  қиыншылықтар  әкелген  саяси-экономикалық,  әлеуметтiк  құбылыстарға 
толы болды. Осы кезде болашақ Кеңес тоталитарлық басқару жүйесi құрылым 
негiзiнiң алғашқы тiректерi қалана бастады. Жұмысшы-Шаруа Қорғаныс Кеңесi 
1920  жылдың  2  қаңтарындағы  губерниялық  және  уездiк  революциялық 
комитеттердi  тарату  және  бүкiл  өкiмет  билiгiн  Кеңестердiң  құзырына  үзінді 
кесінді  беру  туралы  қаулысына  сәйкес  Қазақ  өлкесiнде  де  революциялық 
комитеттердiң орнын Кеңестер ала  бастады. Осы мiндеттi түсiндiру және оған 
қалың  бұқараны  иландыру  мақсатымен  1920  жылдың  бiрiншi  жартысында 


бүкiл  Қазақстан  бойынша  қазақ  халқы  өкiлдерiнiң  уездiк  съездерi  өткiзiлдi. 
Мысалы, Семей уезiндегi қазақ халқы өкiлдерiнiң осындай шарасына 90 делегат 
қатысқан. 1920 жылғы 11-15 маусымда Маңғыстау уезiнде Бозащы болысының 
Буракөл  деген  жерiнде  өткен  адайлардың,  табындардың  және  олармен  бiрге 
көшiп  жүрген  басқа  да  қазақ  руларының  1-шi  Кеңестiк  делегаттық  съезiне 
Маңғыстау  мен  Темiр  уездерiнен  және  Түркiстан  АКСР-iнiң  Закаспий 
облысындағы  Красноводск  уезiнен  қазақтардың  мыңға  өкiлдерi  қатысып жаңа 
билік және кеңестік реформалар туралы ой-пайымдарын талқылаған. 
 
Революциялық  комитеттерден  Кеңестерге  көшу  ең  алдымен  Орал 
облысында  басталды.  1920  жылғы  қаңтардың  бас  кезiнде  Орал  уезiнiң  22 
болыстық,  станицалық,  ауылдық  және  селолық  Кеңестерi  сайлауы  өтiп, 
болыстық  Кеңестердiң  құрамына  101,  ал  ауылдық  Кеңестерге  396  депутат 
сайланды.  1920  жылдың  шiлдесiнде  Ақмола,  Атбасар,  Көкшетау  және 
Петропавл уездерiнiң көп жерiнде селолық, ауылдық және болыстық Кеңестер 
сайланды. Сол кезден бастап-ақ большевиктер партиясы демократия мен теңдiк 
идеяларына  сүйеніп,  Кеңестер  құрамының  басым  көпшiлiгiне  тек  қана  өз 
партиясының мүшелерiн сайлау талабын ашық жариялаған.  
Негiзiнен  1920  жылғы  жаздың  аяғына  қарай  жергiлiктi  жерлерде 
мемлекеттiк  өкiмет  органдарының  бiрыңғай  жүйесiне  көшу  аяқталды. 
Революциялық  комитеттер  төтенше  органдар  ретiнде  өз  мiндеттерiн 
атқарғаннан  кейiн  орнын  конституциялық  органдарға  -  Кеңестерге  бердi. 
Ерекше    жағдайға  байланысты  Адай  уезiнде  және  Жетiсуда  революциялық 
комитеттер  сақталып  қалды.  Қоғамдағы  Кеңестер  рөлiн  өктемдiкпен 
күшейтумен қатар большевиктер партиясы ұйымдастыру және саяси билiктi өз 
қолына  алуды  да  назардан  тыс  қалдырған  жоқ.  Көптеген  маман  зерттеушілер 
осы тарихи оқиғалардың бәрi қазақ жерiнде  кеңестік мемлекеттiк құрылыстың 
орнауына негiзгi себепкер болды деп есептейді. 
 
Кеңестiк  Қазақ  мемлекетiнiң  қалыптасуы  мен  нығаю  мәселесi  РКП(б) 
Орталық Комитетiнде, Саяси бюроның мәжiлiстерiнде, Бүкiлресейлiк Орталық 
Атқару Комитетi мен Халық Комиссарлары кеңестерiнде жиі талқыланды. 1920 
жылғы  25  тамызда  Облыстық  бюроның  және  Қырғыз  революциялық 
комитетiнiң  төрағасы  болып  В.А.Радусь-Зенькович  тағайындалды.  Осы  жылы 
қазақ  еліне  Ресей  орталығынан  ұйымдастырушылық  және  мол  тәжiрибесi  бар 
деген ұсыныспен жүзге тарта қызметкерлер жiберiлдi. 1920 жылғы 26 тамызда 
Автономиялы  Қырғыз  (қазақ)  Социалистiк  Кеңес  Республикасын  құру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет