Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет11/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

Алаш Орда үкiметi - Ұлт Кеңесi құрылды. 
 
Алаш  Орда  үкiметiнiң  құрамына  15  адам  сайланды,  ал  Халық  Кеңесi 
төрағасы  болып  Әлихан  Бөкейханов  тағайындалды.  Үкiметтiң  алдына  қойған 
бағдарламалық  мақсаты  ұлттық  бiрлiктi  нығайтып  оны  насихаттау  болатын. 
Қазақ зиялыларының осындай қоғамдық өмір мен мемлекеттік идеясын өмiрге 
әкелуi  отаршылдық  езгiдегi  халқымыздың  ғасырлар  бойы  аңсаған  және  әбден 
пiсiп-жетiлген тағдырлық аңсауларының айқын көрiнiсi еді. 
 
Қазақ халықының ұлттық және әлеуметтік-экономикалық мұңын түсiнiп, 
сол  арқылы  оларды  егемен  идеясына  табындырған  саяси  ұйым  -  социал-
демократтардың  бөлiгi, большевиктер партиясы болды. 1917 ж. наурыз айынан 
бастап  бұл  партия  жұмысын  ашық  жүргiзуге  мүмкiндiк  алып,  олардың  саяси-
көпшiлiк шараларына Ташкенттiң, Орынбордың және Омбының большевиктерi 
басшылық  жасады.  РСДЖП-ның  Перовск,  Қазалы,  Ақтөбе,  Орал,  Петропавл, 
Семей,  Шалқар,  Шымкент  т.б.  қалалардағы  және  Қазақстанның  темiржол,  кен 
орындарындағы ұйымдары топтастырылды. 
 
Табанды  әрi  шыдамды  және  ұтымды  әдістерді  қолданған  большевиктер 
ұйымдары  мен  жеке  тұлғалары  этникалық  және  әлеуметтік-экономикалық 
езгідегі  қалың  бұқараны  өз  мақсаттарының  айналасына  топтастыра  бiлдi. 
Көптеген қалаларда, темiр жол бойында, әсiресе Орынбор, Перовск, Петропавл, 
Орал,  Ақтөбе,  Гурьев,  Маңғыстау  т.б.  орталықтарда  большевиктер 
партиясының ұйымдары белсендi және табанды қызмет атқарды. 
 
Ақпан  революциясы  жеңгеннен  кейiн  Қазақстан  халқының    атаулы 
табысы сол – кәсiподақтардың жүйесi қалыптасып, жер-жерде оның ұйымдары 
құрыла бастады. Олардың қалыптасуында Орынбор-Ташкент темiр жол торабы 
жұмысшыларының  құрылтай  съезi  және  Омбы  темiр  жол  торабы 
қызметшiлерiнiң  I-съезi  маңызды  болды.  Cол  съездерде  бiрқатар  саяси  және 
экономикалық  өзекті  мәселелердi,  яғни  Уақытша  үкiмет  пен  соғысқа  көзқарас 
туралы,  жұмыс  күнi  ұзақтығын  8  сағатқа  келтіру,  жұмысшы,  солдат  және 
шаруалар  депутаттары  Кеңестерiн  сайлау  туралы,  революцияға  қарсылармен 
күрес  жүргізу  туралы,  Құрылтай  жиналысының  кажеттiлiгi,  зейнетақымен 
қамтамасыз ету және басқа мәселелер талқыланды. 
 
Большевиктер  билiкке  келген  алғашқы  кезден-ақ  ұлттық  мүдденi  басты 
мұрат  деп  есептеген  Қазақстандағы  бұл  қозғалыстар  мен  Алаш  партиясын 
пролетарлық  революцияның  салтанатты  шеруi  жолындағы  кедергi  деп 
бағалаған.  Бұл  бағыт  оның  iшкi  және  сыртқы  саясатында  ашық  немесе  айқын 
көрiнiп,  әсiресе  елдегі  И.Сталиннiң  дербес  билiгi  орнағаннан  кейiнгi  кезеңде 


жетекшi, шешушi бағытқа айналды. Соның нәтижесiнде бұрынғы империяның 
шет аймақтарында дами бастаған қозғалыстарға үзiлдi-кесiлдi тежеу салынды.  
 
1917 ж. 24 қазанында (6 қараша) большевиктер партиясы жетекшілігімен 
Петроградта  қарулы  көтерiлiс  басталды.  Ертеңiне  көтерiлiсшiлер  сол  кездегі 
империя  астанасы  Петербордың  аса  маңызды  орындарын  басып  алды.  ХХ 
ғасырдың басындағы бұл тарихи оқиға бүкiл елде, кейiн дүние жүзiнде кешенді 
саяси-экономикалык, әлеуметтік радикалды өзгерiстерге әкелiп соқтырды. Осы 
оқиға бүкiл  елде,  Ресейдiң орталық  аудандарында оның ұлттық  аймақтарында 
Кеңес үкiметiн құрып оны нығайту ұйымдық саяси шараларымен жалғасты. Бұл 
саяси процесс әр аймақтың түрлі ерекшеліктері аясында өттi (қан төгiссiз және 
карулы күш қолданып зорлық-зомбылық әдістерімен).  
 
Қазан  оқиғаларынан  кейiн  елдегi  бүкiл  билiк  жұмысшы,  солдат,  шаруа 
депутаттарының  қолына  берiлдi  деп  ресми  жарияланды  және  сол  арқылы 
халықтың әр түрлi топтары мен ұлттардың келешектегi тағдырына байланысты 
бұрын  болмаған  зор  үмiт-сенiмге  жол  ашты.  Империяның  жұмысшы,  шаруа, 
солдаттар қалың бұқарасы елдi соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жұтаңдық 
пен  мұқтаждық  зардаптарын  шешiп  әбден  қажыған  олардың  жағдайын 
жақсартуға ендi айқын жол ашылады деген декларациялық желеудi жан-жақты 
насихаттады.  Ресейдiң  қол  астында  болып  келген  орыс  емес  халықтардың 
еңбекшi  бұқарасы  Қазан  саяси  оқиғасынан  кейiнгі  жылдары  экономикалық-
әлеуметтiк  күйзелiстен  шығумен  бiрге  отаршылдықтың  бұғауынан  босанып, 
тәуелсiздiк  алатын  үмiтте  болды.  Большевиктер  партиясы  өндіріс 
жұмысшылары мен  шаруаларға, бейбiтшiлiк - бүкiл халыққа деген ұран тастай 
келе,  Ресейге  тәуелдi  болып  келген  халықтар  жөнiнде  жаңа  саяси 
бағдарламасын  белгiлеп  барлық  ұлттар  мен  ұлыстарға,  этностарға  теңдiк  пен 
бостандық, азаттық жария етіп, оларды жаңа мемлекет құрамында бола беруіне 
шақырды. 
 
Қазан  қарулы  көтерiлiсiнiң  Петроградтағы  жеңiсiнiң  және  орталықта, 
сондай-ақ  Қазақстанмен  iргелес  iрi  қалалар  -  Ташкент,  Омбы,  Орынбор, 
Астрахань  қалаларында  Кеңес  үкiметiнiң  орнауының  бүкiл  үкiмет  билiгiнiң 
мемлекеттi басқарудың жаңа түрiне көшiрiлуі маңызды болды. Бiздiң елiмiзде 
Кеңес  үкiметiнiң  орнауы  төрт  айға,  яғни  1917  ж.  аяғынан  1918  ж.  наурызына 
дейiн  созылды.  Жаңа  үкiметтiң  орнауы  өлке  халқының  әлеуметтiк-
экономикалық  және  рухани  дамып  өрлеуіне,  жергiлiктi  саяси-қоғамдық 
ұйымдарының  әлсiз  болғандығынан,  ұлтаралық  қатынастардың  күрделiлігiнен 
туған қиыншылықтарына орай шиеленiсе түстi. Өлкеде жаңа үкiметiнiң жеңiске 
жетуiнде  солдат  депутаттары  Кеңестерiне  бiрiккен  жергiлiктi  әскери 
гарнизондардың  және  Ақпан  революциясынан  кейiн  Қазақстанға  майданнан 
әлеуметтік және этникалық түрлi топтар өздерiне - бейбiтшiлiк, ал шаруаларға - 
жер  беруге  уәде  еткен  үкiметтiң  болуына  барынша  қолдау  көрсетiп,  оның 
орнауында маңызды рөл атқарды. 
 
Орал,  Жетiсу,  Сiбiр  және  Орынбор  казак  құрамаларының  аласапыран 
кезінде пайда болған үкiметтерiнің жаңа билікке қарсы табанды күресі, сондай-
ақ  Қазақстанның  әр  түрлi қалаларында  (Оралда) орталық аудандардан  қашқан 


бұрынғы  Уақытша  үкiмет  жақтастарының  шоғырлануымен  жалпы  ел  iшiндегi 
саяси жағдай одан бетер шиеленiсе түстi.  
 
Ресей  орталық  аудандарынан  Қазақстанға  ақыл-кеңес  беру  мақсатымен 
Ә.Жангельдин, В.Чекмарев, П.Кобозев және т.б. төтенше комиссарлардың келуi 
Кеңес  үкiметiн  жақтап,  қазақ  халқының  арасынан  Әдiлбек  Майкөтов,  Бекен 
Серiкбаев,  Сәкен  Сейфуллин,  Тоқаш  Бокин,  Ораз  Жандосов,  Әбдiрахман 
Әйтиев  сияқты  көптеген  күрескерлердiң  қалыптасуына  себепкер  болды. 
Қазақстандықтардың  жаңа  өмiр  жолындағы  күресiне  басқа  ұлт  өкiлдерi 
К.Шугаев,  П.Салов,  П.Виноградов,  С.Журавлев,  П.Басов,  И.Дубынин  тағы 
басқа  ондаған  азаматтардың  ат  салысып  Кеңестердiң  Қазақстан  билік  басына 
келуіне жол ашты. 
 
Төңкерiстi қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергiлiктi кеңестер 
большевиктер  жағына  бүтiндей  шықты.  Ал  қызыл  әскер  жасақтары  бар 
аудандарда  үкiмет билiгi большевиктердiң  Кеңесте  көпшiлiк  орынға ие  болуы 
арқылы  жүзеге  асты.  Мұндай  жағдай  Қазақстанның  солтүстiк-шығыс 
облыстарының  көптеген  аудандарында,  Сырдария  және  Бөкей  ордасында 
болды. Қазан 1917 ж. революция (төңкерiс) қарсыластарының күштерi көбiрек 
шоғырланған Орынбор, Орал, Жетiсу облыстарында үкiмет билiгi жұмысшылар 
мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендердi  жою арқылы, осы күресте 
жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тидi. 
 
Уақытша  үкiметтiң  жақтастары  едәуiр  күшке  ие  болған  Торғай,  Орал, 
Семей  және  iшiнара  Жетiсу  облыстарында  iстiң  барысы  басқаша  өрбiдi. 
Көптеген  жерлерде,  соның  iшiнде  облыс  орталықтары  мен  уездiк  қалаларда 
кеңеc үкiметi қызыл гвардияшыл отрядтардың және жергiлiктi гарнизондардың 
большевикшiл  солдаттарының  күштерiмен  қарулы  көтерiлiстерге  барып, 
Уақытша  үкiметтiң  жергiлiктi  органдарының  және  олардың  одақтастарының 
қарсылық көрсеткен күштерiн басып-жаншу жолымен орнатылды.  
 
1917 ж. қазан айының соңынан бастап 1918 ж. наурыз айына дейiн Кеңес 
үкiметi  негiзiнен  алғанда  Қазақстанның  қалалары  мен  iрi  елдi  мекендерiнде 
орнатылды. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшiлiгiнде Қазақстанда кеңес 
өкiметiн орнату процесi азамат соғысы басталғанға дейiн созылды. Қазақстанда 
кеңес  өкiметiн  орнату  iсiне  С.Сейфуллин,  К.Сүтiшев,  А.Асылбеков, 
Б.Серiкбаев,  Ә.Майкөтов,  С.М.Цвиллинг,  Л.П.Емелев,  А.Розыбакиев  және 
басқалар неғұрлым белсендi қатысты.  
 
Жалпы  алғанда  Кеңес  үкiметi  Қазақстан  аймақтарына  билiкке  әр  турлi 
кезеңдерде  орнады.  Перовск  (Қызылорда)  жұмысшылары  мен  солдаттары 
үкiмет билiгiн 1917 жылғы 30 қазанда (12 қарашада) өз қолына алды. Ол кезде 
бұл  үлкен  әскери  гарнизон  орналасқан  iрi  темiр  жолы  торабы  болатын. 
Сырдария  облысында  Кеңес  үкiметiнiң  орнатылуы,  оның  саяси-экономикалық 
және әкiмшiлiк орталығы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда iске асты. 
1917  жылдың  қараша  айының  орта  кезiнде  Кеңес  үкiметi  Черняев  (Шымкент) 
қаласында  билікке  келді.  Қараша-желтоқсан  айларында  Кеңес  үкiметi 
Әулиеатада,  Түркiстанда,  Қазалыда,  Арал  поселкасында және облыстың  басқа 
да  iрi  елдi  мекендерiнде  бейбiт  жолмен  орнады.  Петропавл  жұмысшы  және 
шаруа  депутаттары  Кеңесiнiң  темiр  жол  жұмысшылары  мен  бiрлескен 


қимылының  арқасында  1917  жылы  12  қарашада  Уақытша  революциялық 
комитет  құрылды,  оның  құрамына  Ғ.Ыдырысов,  Я.Побелянский,  К.Сүтiшев 
және басқалар енген. Ал Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен сияқты 
казак  әскери  топтары  басым өңiрлерде жаңа үкiметтiң орнауы  бiраз  қиындық, 
тiптi қантөгiске соқтырды. 
 
Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа 
да  iрi  елдi  мекендерінде  Кеңес  үкiметi  1917  жылғы  желтоқсан  -  1918  жылғы 
наурыз  аралығында  орнатылды.  Жаңа  үкiметтiң  бұл  өңiрде  билiкке  келуiне 
А.Иманов,  Қ.Қойдасов,  В.Чекмеров,  В.Зинченко  және  т.б.  күрескерлер  елеулі 
үлес қосқан. 
 
Жетiсуда  Кеңес  үкiметiн  орнату  жолындағы  тартыс  бұндағы  қарсылас 
күштерiнiң басым болуына байланысты 1918 жылдың көктемiне дейiн созылды. 
Жаңа билiк жүйесiнiң орнауына бұнда 1917 жылдың күзiнен бастап майданнан 
оралғандар  мен  басқа  аймақтардан  келген  төңкерiс  идеясын  қолдаушылардың 
үлесi  мол  болды.  Сол  жылдары  Верный  жұмысшыларынан    қызыл  гвардия 
жасақтары  құрылып,  әскери-төңкерiс  комитетiн  құруға  Т.Бокин,  Т.Өтепов, 
Ж.Бабаев,  А.Розыбакиев  сияқты  жергiлiктi  халықтың  өкiлдерi  зор  үлес  қосты. 
Әскери  төңкерiсті  басқарған  жұмысшылардың  Қызыл  ұлан  жасақтары  мен 
екiншi  қазақ-орыс  полкi  жауынгерлерiнен  құралған  топтар  және  қала 
жұртшылығы  қолдауымен  наурыздың  2-нен  3-не  қараған  түнi  Верный 
қаласында Кеңес үкiметi орнады. Осы айда Кеңес үкiметi Жаркент, Сергиполь 
(Аякөз),  Талдықорған  қалаларында,  ал  көкек  айының  бас  кезiнде  Лепсiде 
орнады.  
 
Кеңес  өкiметi  орнауымен  қатар  Қазақстанда  ескi  билік  буындары,  оның 
iшiнде  уақытша  үкiметтiң  комиссарлары,  отаршыл  әкiмшiлiк,  қоныстандыру 
мекемелерi, бұрынғы сот жүйесi жойылып, үкiмет билiгi жұмысшы және солдат 
депутаттары  кеңестерi  арқылы  еңбекшілер  құзырына  өте  бастады.  Мұндай 
өзгерiстердiң  болуына  Қазақстан  қалаларында  құрылған  революциялық 
комитеттердiң рөлi ерекше болды. Олар қызыл ұландар бөлiмдерiн, жұмысшы 
жасақтарын  құрды,  кедейлерге  арқа  сүйеп,  бұрынғы  билік  қарсылығына 
тойтарыс  бердi.  Ревкомдар  өз  мiндетiн  кеңестерге  берiп  жаппай  тарап  кеттi. 
Өкiмет билiгiнiң ескi құрылымы әуелi кеңестердiң қарамағына өтiп, араға уақыт 
салып  аттарын  өзгертiп  бiрте-бiрте  кеңес  қарауына  алынды.  Мысалы,  1918 
жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат, мұсылман депутаттары Ақтөбе Кеңесi 
қалалық  басқарманы  кеңес  басқару  орны  етiп  қайта  құрып,  қалалық  думаны 
таратты.  1918  жылы  9  наурызда  Семей  облыстық  Кеңесi  дума  мен 
басқармаларды  таратып  уақытша  үкiметтiк  уездiк  комиссарларының 
мiндеттерiн  жаңа  құрылған  кеңестерге  жүктедi.  Осы  жылдың  сәуiрiнде 
Түркiстан  өлкесiнiң  халық  комиссарлар  Кеңесi  азық-түлiк  басқармаларына 
тиiстi  Кеңестердiң  азық-түлiк  бөлiмi  етiп  қайта  құру  жөнiнде  үкiм  шығарды. 
Қостанай  уезiндегi  шаруашылық  иелiгi  Кеңестiң  қарамағына  алынды.  Ал 
аталған  өзгерiстерге  қарсылық  бiлдірген  бұрынғы  земстволық,  қалалық 
басқармалар  дереу  таратылды  (Петропавл,  Ақмола,  Түркiстан,  Өскемен, 
Верный,  Әулиеата,  Жаркент,  Қапал,  Лепсi)  немесе  олар  Кеңестердiң 
қарамағына өттi (Қостанай, Перовск, Қарқаралы, Зайсан). 


 
Ғасырлар  бойы  отарлау  құрсағында  болған  халықтар  Қазан 
революциясының  нәтижесiнде  жарияланған  ұлттық  бағдарламаны  зор 
ықыласпен қабылдап, бiрiншi кезекте ұлттық-мемлекеттiк құрылыс мәселелерiн 
өткiрiрек  талқылады.  Осы  кезде  елдегi  ұлт  саясатының  негiзгi  ұстанымдары 
Кеңес  үкiметiнiң  маңызды  екi  құжатында  -  Ресей  халықтары  құқығның 
Декларациясы (1917 ж. 2 қараша) мен “Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман 
еңбекшiлерiне” Үндеуiнде (1917 ж. 20 қараша) жарияланды.  
Кеңестердiң  III  -  Бүкiлресейлiк  съезi  қабылдаған  (1918  ж.  қаңтар) 
“Еңбекшiлер  мен  қаналушы  халықтарының  Декларациясында”  Коммунистiк 
партия  Кеңес  республикаларын  мемлекеттiк  құрылым  түрi  ретiнде  кеңестiк 
федерациялау үшiн ұстанған қағидаты нақты жүзеге асыруға шешiмдi қадамдар 
жасады.  Ол  тарихи  құжат  бойынша  Кеңестiк  Ресей  Республикасы  егемен  
ұлттардың  еркiн одағы негiзiнде, кеңестiк ұлт республикалары болып құрылуы 
белгiлендi.  РКФСР  құрылғаннан  кейiн  iзiнше  елдiң  Шығысында  жаңа 
автономиялық  республикаларды  құруға  саяси-ұйымдастырушылық  шаралар 
белгіленіп, нақты жұмыстар қолға алынды. 
 
Қазақстандағы  большевиктер  ұйымдары  мен  Кеңестер  бүкiлқазақ 
съездерiн  шақыру  аясында  сүбелі  шараларды  іске  асырған.  Мазмұны  және 
бағыт-бағдары  жағынан  бұл  шаралар  Кеңес  үкiметiн  нығайту  жолындағы 
ауқымды  бейбiт  және  қарулы  күрес  болды.  Қазан  революциясын  және  Қазақ 
мемлекеттiлiгiн  кеңестiк  негiзде  құру  идеясын  “Алаш”  партиясының 
жетекшiлерi  ішінара  мақұлдай  білген.  Олар  қазақ  болашағын  либералдық-
демократиялық  тұрғыдан  сараптап,  өздерiнiң  бағдарламалық  көзқарастарын 
“Қазақ”  газетiнiң  21  қарашадағы  санында  жариялады.  Негiзiнен  он  міндеттен 
құралған  бағдарламаны  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Мiржақып 
Дулатов,  Елдес  Ғұмаров,  Ғабдухамит  Жүндiбаев  және  Ғазымбек  Бiрiмжанов 
т.б.  қазақтың  сол  заманғы  зиялылары  құрастырған  болатын.  Бағдарламада 
бірінші кезекке мынадай талап-мақсаттар қойылған еді: 
 
I.  Мемлекет  қалпы.  Россия  демократиялық,  Федеративтік  болу... 
Федеративтік  республика  мен  мемлекеттiң    iргесi  дербес  ал  ынтымағы  бiр 
болады. Әр қайсысы билік тiзгiнiн өз қолында ұстайды... 
 
II. Жергiлiктi бостандық. Қазақ мекендеген облыстардың бәрi бiр ортаға 
жиналып,  өз  билігін  жүргізіп,  Россия  республикасының  Федерациясымен  бiр 
болу...”Алаш”  партиясы  ғадiлдiкке  жақ,  нашарларға  жолдас,  жәбiрлерге  жау 
болады... 
 
III.  Негiзгi  құқық.  Россия  республикасында  дiнге,  қанға  қарамай,  еркек-
әйел демей адам баласы тең болу. 
 
Жиналыс жасауға, ұйым ашуға, жариялы еркін сөйлеуге, газет шығаруға, 
кiтап бастыруға еркiншiлiк... 
 
IV.  Дiн.  Дiн  iсi  мемлекет  iсiнен  дербес  болуы.  Дiн  бiткенге  тек 
құқық...муфтилiк қазақта өз алдына болу...  
 
V.  Билiк  hәм  сот.  Hәп  жұрттың  билiк  пен  соты  тұрмыс  ыңғайына  қарай 
болуы.  Би hәм  судья  жергiлiктi жұрттың  тiлiн  бiлу...  Қазақ  көп жерде  сот  тiлi 
қазақ тiлi болу... 


 
VI.  Ел  қорғау.  Ел  қорғау  үшiн  әскер  осы  күнгi  түрде  болмау.  Әскер 
қатарына  жарамды  жасына  жеткен  жастар  жерiнде  үйретiлiп,  жерiнде  қызмет 
ету... Әскерлiк қызметiн қазақ атты милиция тапсыру. 
 
VII. Салық. Хал-ауқат, табысқа қарай: бай-байша, кедейге-кедейше ғадiл 
жолмен таратылу. 
 
VIII.  Жұмысшылар.  Жұмысшылар  закон  панасында  болу...  “Алаш” 
партиясы  жұмысшылар  турасында  социал-демократтардың  меньшевиктiк 
тобының программасын жақтайды. 
 
IX. Ғылым-бiлiм үйрету. Оқу орындарының есiгi кiмге де болса ашық hәм 
ақысыз  болу;  жұртқа  жалпы  оқу  жайылуы.  Бастауыш  мектептерде  ана  тiлiнде 
оқу; қазақ тiлiнде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия 
түрiнде болу; хүкiмет оқу iсiне кiрiспеу... 
 
X.  Жер  мәселесi.  Учредительное  собрание  негiзгi  закон  жасағанда  жер 
сыбағасы  алдымен  жергiлiктi  жұртқа  берiлсiн  деу;  қазақ  жер  сыбағасын 
отырған  жерлерден  алып  орналасқанша,  қазақ  жерiне  ауғын  мұжық  келмеуi, 
бұрын алынған жерлердiң мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы”. 
 
Бұл  бағдарлама  кейiнгi  кезде  “Алаш”  партиясының  қоғамдағы  орнын 
көтеруге  елеулi  себепкер  болды.  1917  ж.  5-12  желтоқсанда  Орынборда  өткен 
Екiншi  бүкiлқазақтар  съезінде  қазақ  халқы  әр  түрлi  топтарының  өкiлдерiн 
бiрiктiрдi. Төралқа төрағасы Бақыткерей Құлманов және оның орынбасарлары 
Әлихан  Бөкейханов,  Әзiмхан  Кеңесарин,  Халел  Досмухамедов  және  Омар 
Қарашев  басқарған  съез  күн  тәртiбiнiң  бiрiншi  тұрғысындағы:  қазақ 
автономиясын құру және оның үкiметiн қалыптастыру тактикасы талқыланды. 
 
Осы  съезбен  ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдарына  аралығында  қазақтардың 
армандаған  мемлекеттiк  автономиялық  құрылымның  негiзгi  жобасы 
анықталды.  Яғни,  Алаш  Орда  мемлекетiнiң  құрамына  Бөкей  Ордасы,  Орал, 
Торғай,  Ақмола,  Семей,  Жетiсу  облыстары  және  Закаспий  облысы  мен  Алтай 
губерниясының қазақтар мекендеген жерлерi енуге тиiс болды. Съезд “уақытша 
халық Кеңесi” деген билiк түрiн құру, оған Алаш-Орда (Алаш автономиясының 
үкiметi)  деген  ат  беру  жөнiнде  шешiм  қабылдады  және  бүкiл  қазақ  халқына 
“бағынған үкiметiмiз деп сенiп...басқа үкiметтi танымай өз үкiметiнiң өмiрiн екi 
қылмай орындау керектiгi” баса ескерiлдi. Съезд әр облыста белгiлi бiр санда, 
үйретiлген және қару-жарақпен жабдықталған милиция топтарын құру жөнінде 
шешiм  қабылдады.  Олардың  жетекшiлерiн  даярлау  үшiн  Орынборда  сыннан 
өткен  атаман Дутовтың тәжiрибесi мақұлданып, казактармен одақ құруға тура 
келдi. Бұл одақ формальдi түрде болса да, Алаш-Орда мен жаңа билiкке келген 
Кеңестер (большевиктер) арасындағы қатынастарды шиеленiстiрiп жiбердi. 
 
Оның  үстiне  оңтүстiк  Оралда  қызылшылардың  Жангелдин  құрған 
Уфалық  отрядi  П.Кобозев  пен  С.Павлов  отрядiмен  бiрлесiп,  1918  ж.  18 
қаңтарында  Орынбор  қаласын  басып  алады.  Дутовпен  бiрге  Орынбордан 
алашордашылар  да  кетедi,  Алашорданың  күш-қуаты  бөлiнiп-жарылады:  оның 
Шығыс  бөлiмi  Алаш  қаласы  Жаңа  Семейге  көшедi;  екiншi  жартысы  (Батыс 
бөлiмi  немесе  Ойыл  уалаяты)  Орал  облысының  Жымпиты  қаласына 
орналасады.  Ал  үшiншi  тобы  Жетiсу  өңiрiнде  жұмысқа  кiрiседi.  Алаш 
партиясының жетекшiлерi Орталық Кеңес үкiметiнiң басшылығымен байланыс 


орнатуға  ықпал  білдіреді.  Ә.Бөкейханов,  В.Ульянов  (Ленин),  ұлт  iстерi 
жөнiндегi  Халық  Комиссары  И.Сталинмен  кездесуге  Мәскеу  қаласына  Халел 
және  Жанша  Досмухамедовтарды  жiбередi,  ал  Халел  Ғаббасов  осы  мәселелер 
жөнінде 1918 ж. 20 наурызында телеграф арқылы И.Сталинмен сөйлеседi.  
 
Кеңес үкiметiн орнату кезiнде Алаш партиясының жаңа билік өкілдерімен 
ара  қатынасы  тiлдесумен  ғана  шектелген.  Елдегi  билiк  большевиктер 
партиясының радикалды қимылды тобында болғандықтан, Петропавл, Перовск, 
Қызылорда,  Әулиеата  қалаларындағы  Алаш  белсендiлерi  тұтқындалса,  Семей, 
Верный  (Алматы)  т.б.  аймақтарда  қысқа  мерзiмге  шыңылтыр  қарым-қатынас 
орнатуға әрең-әрең қол жеткiзiледi. Бiрақ екi жақ бiр-бiрiне сенбейдi, үйткенi әр 
қайсысының таңдаған саяси мақсаттары өзгеше болған. Яғни, Кеңестер үкіметі 
өкілдері  Алаш  партиясының  басшылары  мен  белсендiлерi  арқылы  қазақ 
бұқарасы  арасындағы  ықпалын  күшейтпек  болды,  ал  Алаш  басшылары  Кеңес 
үкiметiн  сөз  жүзiнде  қолдаған  болып,  Кеңестердегi  өз  өкiлдерi  арқылы  жаңа 
үкiметтi iшiнен “iрiтпекшi” едi.    
 
ХХ  ғасырдың  басындағы  оқиғаларға  белсене  араласып  өзiнiң 
бағдарламасы және саяси бағытымен белгiлi болған партияның бiрi “Үш жүз” 
болатын. Оның жетекшiлерiнiң ұстанған бағыты көптеген маңызды міндеттері 
бойынша  “Алаш”  партиясына  қарама-қайшы  болды  десек  артық  болмас. 
Революциялық  оқиғалардың  бастапқы  кезiнен-ақ  “Үш  жүз”  партиясы 
большевиктер  басқарған  Кеңес  үкiметiмен  қарым-қатынасы  қоян-қолтық 
болды.  Мысалы,  осы  партияның  жетекшiсi  Көлбай  Тоғысов  пен  оның 
серiктерiнiң  саяси  көзқарасы  мен  iс-әрекеттерi  1917  жылдың  күзiнен  1918 
жылдың  басына  дейiн  елеулi  түрде  өзгердi.  Iлкi  кезде  бұл  партия  социалды-
революцияшылдар  партиясымен  одақтасу  бағытын  ұстанса,  1918  жылдың 
қаңтарынан  бастап,  кеңестер  билігін  ұйымдастыруға  белсене  қатысып,  ол 
үкiметтi  нығайтуға  араласып  қоймай,  тiптi  большевиктермен  бiрге 
алашордалықтарға қарсы күреске араласады. 
 
Күрделi  және  шиеленiстi  саяси  жағдайға  қарамастан  Алаш  Орда  үкiметi 
бiрнеше  ай  iшiнде  (1917  желтоқсан-1918  наурыз)  казактардың  бейтараптығы 
мен  жер-жердегi  большевиктер  басқарған  Кеңестердiң  әлсiздiгiн  пайдаланып, 
облыстарда  әкiмшiлiк  құруға,  милиция  отрядтарын  ұйымдастыруға  кiрiседi. 
Азамат  соғысы  жылдарында  Қазақстанда  жаңа  әскери-саяси  жағдай 
қалыптасады  да,  соның  салдарынан  күресушi  күштердiң  аражiгi  ашылып, 
текетiрес асқынып шиеленiсе бередi.  
Ескi  мемлекеттiк  апаратты  қирату  отарлау  саясат  жүйесіне  берiлген 
алғашқы соққы болды. Ол еңбекшiлердiң Кеңес жұмысына белсене қатысуына 
жағдай  туғызды.  Олардың  ықпалымен  қоғамның  үстем  таптардың 
артықшылықтары шектелiп, қазақтардың ұлттық теңдiкке ұмтылысын қуаттап, 
қазақтардың  Ресей  Федеративтiк  Республикасының  тең  құқылы  азаматы 
екендiгiн жариялады. 
 
Тағы  бiр  жаңа  саяси  қадам  -  ол  шiркеудiң  мемлекеттен,  мектептiң 
шiркеуден  дербес  болуы,  ерлер  мен  әйелдер  теңдiгi  жөнiндегi  нақтылы 
ұсыныстар мен оның іс-шаралары. Бүкiлодақтық Орталық Атқару Комитетiнiң 
1917  жылғы  10  қарашадағы  Өкiмi  мен  адамдардың  әлеуметтік  тұрғыдан 


жіктелуі  (сословие),  олардың  құқықтарының  артықшылығы  мен  шектелуі, 
сондай-ақ  осындай  жіктегі  мекемелер,  ұйымдар  жалпы  атауының  жойылуына 
жол ашты. 
 
Кеңес үкiметiнiң бастапқы кезде жан жақты сарапталған билік құрылымы 
бола  қоймаған.  Кейбiр  жерлерде  орталықта  бой  көтерген  халық  комиссарлар 
Кеңесi,  екiншi  бiр  жерлерде  облыстық  мекемелер  мен  басқармалардың 
Комиссарлықтары  құрылды.  1918  жылдың  күзiнен  бастап  басқарудағы  ала-
құлалық  жойылып,  Кеңестердің  атқару  комитеттерi  билiктi  өз  қолына 
шоғырландыра бастады. Аса маңызды мемлекеттік мәселелер биліктің салалық 
коллегиялары мәжiлiстерiнде талқыланып келген. 
 
Кеңес  билігінің  бастапқы  жылдары  ауылдардағы  мемлекеттiк-басқару 
құрылымдар өзгерiстер баяу жүріп, бiрсыпыра жерде Кеңес үкiметiнiң жарлық-
нұсқауларына  ашық  қарсылық  көрсетiлдi.  Азық-түлiк  тапшылығы  өткір  сипат 
алып,  байлар  мен  орта  және  ұсақ  иегерлер  өздерiнiң  жеке  меншiгіндегi 
өнiмдерiн  белгiленген  нарық  бойынша  мемлекетке  сатудан  бас  тартты. 
Халықтың  күнделiктi  өміріне  қажет  өнімдер  бағасы  күрт  ұлғайды.  Кәсiпорын 
иелерi  зауыт,  фабрикаларды  жауып,  жұмысшыларға  еңбектің  жаңа  тәртібі 
бойынша жалақы төлеудеге қарсылық көрсетті. Кеңес үкiметiне қарсы  күштер 
бас көтердi. Осының бәрi уездiк Кеңестерден шұғыл және шешушi шараларды 
iске  асыруды  талап  еттi.  Кеңеске  қарсы  күштердiң  қарсылығын  басып, 
жергiлiктi жерлерде жаңа үкiмет билiгiн нығайту қажет болды. Бұл мiндеттердi 
iске асыру үшін басқарудың коллегиялық әдiсiн нығайтуды талап еттi. Осыған 
орай көптеген маңызды мәселелер коллегия мәжiлiстерiнде қаралып шешiлдi. 
 
Жаңа үкiметтiң орнығуының әр сатыдағы буындарында жер, азық-түлiк, 
шаруашылық,  сот,  бақылау,  қаржы  бөлiмдерiнiң  жұмысын  жолға  қоюға 
бағытталған  шаралар  қолға  алынған.  Жаңа  үкiметке  қарсы  күштермен  күрес 
жөнiндегi  төтенше  комиссия,  милиция  бөлімдері  құрылды.  Кеңестердiң 
жанынан  еңбек,  ағарту,  денсаулық  сақтау  т.б.  бөлiмдер  ашылды.  Мемлекеттік 
заңдар,  жарлықтар  мен  қаулы-қарарлар  орыс-қазақ  тiлдерiнде  жариялана 
бастады.  Бұндай  бөлiмдерге  кадрлар  даярлайтын  арнаулы  қысқа  мерзiмдi 
тұрақты оқу курстары ұйымдастырылды (Семей). Облыстық Кеңестер жанынан 
ұлттық қарым-қатынасты реттейтiн комиссиялар құрылды. Олар Қытайға көшiп 
кеткен  1916  жылғы  азаттық  қозғалысына  қатысушылардың  елге  оралып  өз 
мекендерiне орналасуына көмектестi.  
 
Халық комиссарлары Кеңесiнiң 1917 жылғы 22 қарашадағы “Сот туралы” 
жарлығы мен соттың ескi құрылымы түгелдей таратылып, жергiлiктi жерлерде 
соттың  жаңа жүйесi  қалыптаса бастады.  Осы кезде  ескi  прокурорлық  бақылау 
мен  қылмысты  iс  тергеушiлерi  институттары,  қорғаушы  және  жеке 
адвокатуралар жойылды. 1918 жылы облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттерi 
жанынан сот бөлiмдерi, ал өлке орталығында Қазақ өлкелiк соты құрылды. 
 
1918 жылдың көктемінде Түркiстан автономиялық Кеңестiк Социалистiк 
Республикасы пайда болды. Оның құрылуы 1918 жылғы 20 сәуiр мен 1-мамыр 
аралыгында  Ташкент  қаласында  өткен  Түркiстан  өлкесi  Кеңестерiнiң  бесiншi 
съезiнде  мақұлданды.  Оның  құрамына  Қазақстанның  оңтүстiгiндегi  Жетiсу, 
Сырдария  облыстары  кiрдi.  Орта  Азия  республикалары  мен  Қазақстан  жер 


шекарасын  анықтауға  дейі  Ақмола,  Семей  облыстары орталығы  Омбы қаласы 
болған Батыс-Сiбiр өлкесiне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, 
Бөкей облысы Астрахан губерниясы құрамында болды. 
 
1918 жылғы 15 қаңтарында Кеңес үкiметiнiң шешіміне сәйкес елде Қызыл 
әскер бөлiмшелерi құрылып оның құрамын ерiктiлер толықтырған. Қазақстанда  
облыстық,  уездiк  Кеңестер  жанынан  әскери  комисариаттары  мен  бөлiмдерi 
және  штабтары  құрылып,  олар  жауынгерлердi  әскер  iсiне  даярлаумен 
шұғылданды.  
 
Кеңес  үкiметi  орнатылыуымен  қатар  экономикалық  және  мәдениет 
саласын  түбегейлi  өзгертуге  бағыт  алына  бастады:  өнеркәсiп  орындарында 
(Спасск  зауыты,  Қарағанды  шахталары,  Успенск  кеніші,  Жем  мұнай 
кәсiпшiлiктерi  және  т.б.)  бақылау  енгiзiлiп,  кәсiпорындар  мен  банктер  бұнай  
былай мемлекет меншiгiне алу міндеті қойылды. Кеңестердiң II Бүкiлресейлiк 
съезiнде қабылданған жер  туралы  Декреттi жүзеге  асыру  жөнiндегi  алғашқы 
іс  әрекеттер  қолға  алынды.  Шығыс  Қазақстанда  үш  коммуна:  “Дихан”- 
коммунистердiң  бiрiншi  Ресейлiк  қоғамы  және  “Солнечная”  ұжымы 
ұйымдастырылды.  Кеңестердiң  Бүкiлресейлiк,  облыстық,  уездiк  съездерiнiң 
шешімдерінде  жер  туралы  Декрет  жергiлiктi  ұсыныстармен  толықтырылып, 
дамытылды.  
 
Кеңес  үкiметiнiң  декреттерi  негiзiнде  фабрика,  зауыт,  банктердi 
ұлттандыру  жүргiзiлдi.  Қазақстанда  алдымен  ұсақ,  орта  кәсiпорындары 
мемлекет меншiгiне алынды. Оларда еңбек тәртiбiн нығайту, жұмысшылардың 
құқықтарын  қорғау  мәселесi  бұдан  былай  кәсiподақ  ұйымдары  құзырына 
ауысты. Олар өндiрiс пен өнiмдi бөлу ісін тікелей бақылауға алды. Жұмыс күнi, 
еңбек  ақыны  реттеу,  қызметкерлердің  әлеуметтiк  жағдайын  жақсарту, 
мұқтаждарына көмек көрсету, әйелдер мен жасөспiрiмдердiң еңбек құқықтарын 
қорғау  мәселелерiмен  шұғылданды,  кәсiподақ  Кеңес  ұйымдарымен  тығыз 
қарым-қатынас жасап отырды.             
 
Кеңестердiң  екiншi  съезiнiң  шешiмдерi  негізінде  жерді  иеленуге  жеке 
меншiк,  Қазақстандағы  шiркеу  мен  басқа  діни  орындары,  помещиктердiң 
(казак-орыстардың), патша шенеунiктерiнiң иелiгiнде болып келген, сондай-ақ 
қоныс  аудару  қорындағы  жерлер  халық  құзырына  беріле  бастаған.  Жер 
мәселесiн  реттеуде  жергiлiктi  Кеңес  орындарының  қызметi  бiрнеше  кезеңнен 
тұрды.  
 
Бiрiншi  кезеңде  (1917  қараша-1918  жылдың  жазы)  Кеңестер,  жаңадан 
пайда  болған  комитеттер  мен  комиссар  буындары  бос  және  жеке  меншіктегі 
жерлердiң  есебiн  алып,  шаруалардың  жағдайын  анықтап,  жерсiз  немесе  жерi 
шектеулі  шаруаларды  жермен  қамтамасыз  ету  мәселелерiмен  шұғылданды. 
Қоныс  аудару  қорынан  қайтарылған  жерлердi  пайдалану  ережесi  қайтадан 
жасақталып шаруалар съезiнiң талқысынан кейін бекітілді. 
 
Екiнiшi  кезеңде  (1918  ж.  жазы-1920  ж.  аяғы)  жердi  қоғамдық  меншiкке 
айналдыруға  әзiрлiк  жұмыстары  белгленіп  оны  iске  асыратын  кадрлар  тобы 
дайындалды.  Жердi  шаруалардың  құзырына  беру  шаралары  қайтадан 
жасақталып оның негізіне теңгермешiлiк қағида алынды. 


 
Үшiншi кезеңде (1921-1922 жж.) мемлекет тарапынан жер-су реформасы 
жүргіліп,  ал  1924-1927  жылдарда  жерге  орналастыру,  шабындық,  егiстiк 
жерлердi  қайта  бөлу  шаралары  да  қолға  алына  бастады.  Жаңа  мемлекеттік 
жүйенің бұрын-соңды тәжірибесінің болмауы, бастапқы кезде оның тарапынан 
жіберілген қателіктер салдарынан қабылданған шараларды орындау барысында 
жiберiлiген  асыра  сiлтеушiлiк,  солақайлық,  Кеңес  үкiметi  өміршеңдігіне  күдік  
туғызатын әрекеттер мен көрiнiстерге де соқтырды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет