5. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың
Қазақстандағы қайшылықты салдарлары.
5.1. Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық».
XX ғасырдың 50-шi жылдарында кеңес елiндегі қоғамдық-саяси ақуал
адамдар арасындағы қатынастарға қатаң бақылау орнату, коммунистiк
идеологияның ықпалын күшейтiп, оған жат көзқарастармен шексiз күрес
жүргiзу және демократияны барынша шектеумен сипатталды. 20-шы жылдарда
билік арнасына түбегейлi орнаған әмiршiл-әкiмшiлiк жүйе 50-шы жылдардың
бас кезiнде өзiнiң шарықтау шегiне жеттi. Елде И.В.Сталиннiң жеке басына
табынушылық бел алып қоймай, тiптi бүкiл саяси партия басқарушылық
буындарының жетекшiлерiнiң өзi ерекше бағаланатын болды. Мұндай келеңсіз
жағдайлар республиканың қоғамдық-саяси жағдайына терiс әсер етiп, ауыр
зардаптарға ұшыратты. Даңғаза саяси айдар таңуды пайдаланған әртүрлi
ұрандардың көлеңкесiнде заңдылық бұзылып, өкiмет билiгi терiс қолданылып
жатты. Cөйтiп, осы кезге дейiн үлкен үмiт, сенiм, болашағы патриоттық сезiмге
мол саяси жүйе өзiнiң iштей дамуының қабылетсiз екенiн қалың бұқараға
таныта бастады.
Бұл кезеңде билеушi саяси буындарының жетекшілік сипаты олардың
қоғам өмiрiнiң барлық жақтарына тiкелей, таза әмiршiл-әкiмшiлдік арқылы
жүргiзiлдi. Мемлекет билігін өз қолына толық алған коммунистiк партия елдегi
бүкiл шаруашылық, саяси-ұйымдастырушылық және заңдылық билiктi өзiнің
қолына ұстап, барлық мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарды дербестiгiнен
айырды. Кеңес қоғамының (қазақ елiнiң) сол кезеңдегі жоспарлары өркениет
арнасының демократиялық іс әрекетіне қайшы, тоталитарлық құрылымға
үйлесiп жатты. Дегенмен, соғыстың барлық қайғысы мен қуанышын басынан
өткiзген халық соғыстың алдындағы кезеңдегiдей емес, өзгерген едi. Бейбiт
көңiл-күй жағдайында халықтың психологиясында қоғамдық құндылықтарды
қайта бағалау құбылыстары жүрiп жатты. Қоғам мен партиялық-мемлекеттiк
басшылықтың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк саясатының арнасындағы арта түскен
қарама-қайшылық, соғыстан бейбiтшiлiкке көшу кезеңiнiң нақты көрiнiсi
болды. Осы жағдайда әлеуметтiк жаңғырудың iске асуына сiрескен қоғамдық-
саяси құрылым кедергi жасады. Оның үстiне бұрын-соңды кездеспеген қауырт
және ауыр соғыста жеңiске ауқымды ұйытқы болған әртүрлi буындағы
басшылардың көпшiлiгiне басқарудың әкiмшiлiк тәсiлдерi мiнсiз, ақиқатты
деген ой-өрiс психологиясы да терiс әсерiн тигiздi.
Осындай 1917 ж. революция қойған басты мақсаты демократияға жәйсіз
билiктiң нәтижесiнде елде көптеген адам құқына қайшы, заңсыз шаралар
жүзеге асырылды. 1944 жылы 26 тамызда немiстердiң пайдасына жаппай
сатқындық жасағаны үшiн шешендердi, ингуштердi, қырым татарларын жер
аудару, шешен-ингуш автономиясын жойып, Қырым татарлар республикасын
облыс статусына түсiру, сондай-ақ қалмақтар, қарашайлар, балқарлар, Едiл
бойындағы немiстер қоныстарынан “немiс басқыншылары мен байланыс
жасағаны үшiн” 1944 жылы күштеп көшiрiлген болатын.
Бұл шаралар И.Сталиннiң орыс халқы жөнiндегi салтанатты жиында
айтқандарынан кейiн, тарихтағы орыс халқының Кеңес мемлекетiндегi рөлiн
қайта қарауға бағытталған белсендi жұмыстың қызу жалғасы едi. Шамамен осы
кезеңнен бастап теорияда және ресми идеологияда (насихатта) адамзатты
дамытуға орыс халқының қосқан тарихи үлесiнiң прогрессивтiк жақтарын баса
көрсетуге толық жол ашылды және оның орындалысы саяси бақылауға алынды.
Революцияға дейiнгi Ресей отар халықтардың ордасы емес, халықтар
достығының ұйытқысы ретiнде бейнеленіп суреттеле бастады, тiптi
халықтардың ауыз әдебиетiндегi ата-бабадан қалған мұраттарын, оның iшiнде
қазақтың “Қорқыт ата”, “Алпамыс”, “Ер сайын”, “Шора батыр”, қырғыздың
“Манас” т.б. сол сияқты эпостарын ашық көрсетуге тиым салынды. XIX
ғасырдың алғашқы жартысындағы Кавказ халқының бостандығы жолындағы
күрестiң жетекшiсi болған Шамил “ағылшын шпионы” деп жарияланды.
Қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының басшысы Кеңесары Қасымов өз басының
қамы үшiн хан болуды көксеген бүлiкшi деп танылып, ол бастаған қозғалыстың
халықтық сипаты жоққа шығарылды. Оған кешегi заманда билеушi топтардың
аяғына жығылып, қазақтың қаймағы болған қасиеттi ұлдарын жамандауға
тайынбаған жiгерсiз қасиетсiз, жалған оқымысты, жағымпаз “ғалымсымақтар”,
өз ортамыздан өзеуреп шыққандар көмектестi. Олар 1950 жылы 26 желтоқсанда
“Правда” газетiнде “Қазақстан тарихының мәселелерi маркстiк-лениндiк
тұрғысынан жазылсын” деген мақала жариялап, қазақтың көрнектi тарихшысы
Е.Бекмахановқа “Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген еңбегiнде
буржуазиялық-ұлтшылдық мәселесiнде өрескел тарихи қателiктер жiбердi
деген айып тақты.
Е.Бекмахановпен бiрге республиканың көптеген қоғамтанушы ғалымдары
мен көрнекті жазушылары Бекежан Сүлейменов, Есмағамбет Исмаилов, Қажым
Жұмалиев, Хамза Есенжанов, тағы басқалар қудаланып, Солтүстікке, Сібірге
жер аударылды. Ұлт саясатындағы жүгенсiздiк, жеке адамның, ұжымдық
шығармашылық жаңашылдығына тұсау салу соғыстан кейiнгi кезде өрши түстi.
Космополитизмге қарсы деген желеумен шетелдiк авторлардың шығармаларын
бастыру, оларды сахнаға шығару, тiптi шетелдiк тауарлармен әуестенуге дейiн
айыпталды. Сол жылдары осы мәселе партия ұйымдарының жиналыстарында
міндетті талқыланып, зиялы қауымның көптеген өкiлдерi қудалауға түсті.
Осындай желеумен сынға ұшырап, қуғынға түскен Қаныш Сәтбаев, Мұхтар
Әуезов республикадан кетуге мәжбүр болды. Жаратылыстану ғылымының
маңдай алды эерттеушiлерi патриоттық сезiмнен ада болған коcмополит деп
айыпталды.
Соғыстан кейiнгi жылдары бейбіт өмір жәйіне ұмтылған қоғамда өзгерiс
қажет деген ой-өрiстi, әкiмшiлiк жүйе идеологиялық және қудалау сипатындағы
бiрсыпыра шаралардың көмегiмен тұншықтыра бiлдi. 50-шi жылдар КСРО
мемлекеттiк қауiпсiздiк министрлiгiнiң жетекшiсi Л.П.Берияның қылмысты iс-
әрекетiн үзiлдi-кесiлдi тоқтату, қоғамдық өмiрдi демократияландыру
жолындағы маңызды кезең болды. КСРО-ны 30 жыл бойы басқарған И.Сталин
дүние салысымен (1953 ж. 5 наурыз) жеке адамға табынушылықтың
зардаптарынан арылып конституциялық заңдылықты қалпына келтiруге
бағытталған бiрсыпыра шаралар iске асырыла бастады. Бiрақ “халық көсемiнiң”
қазасы әмiршiл-әкiмшiлдiк саяси жүйеге аса маңызды өзгерiстер әкеле қойған
жоқ деген ұстанымда болды.
1956 жылы ақпан айында билеушi партияның ХХ съезiнде И.Сталиннiң
жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын жою, елдегi
демократияны өрiстетудiң қажеттiлiгiн қолдап алғашқы шараларды құптады. “
Жылымық жылдары” деген атпен тарихқа енген 50-шi жылдардың екiншi
жартысынан бергі кезеңде көптеген игi iстер атқарылды. Басшылықтың
ұжымдық негiздерi енгiзiлiп, әкiмшiл-әмiршiл басқару жүйесi босаңси бастады.
Қағазбастылық, шексіз жиналыс, мәнсіз мәжiлiстер өткiзумен әуестенушiлiкпен
күрес күшейдi. Ұлттық республикалардың құқығы кеңейтiлiп, ондағы
жiберiлген бұрмалаушылықтар түзетiле бастады. Кеңестердiң рөлiн нығайтуға
жаңа қадамдар жасалды. Кеңес мемлекетiнiң тарихын ақиқат арнасында қалың
бұқараға баяндау, халықтардың өткен-кеткенiн сараптап сын көзбен қарау
мүмкiндiгiне біртіндеп жол ашыла бастаған.
ХХ ғасырдың екiншi жартысының алғашқы жылдарынан бастап бүкiл
елде, оның iшiнде Қазақстанда iске асырылған экономикалық, әлеуметтiк және
идеологиялық шаралар нәтижесiнде дамудың бiршама көкжиектерi ашыла
бастады. Бiрақ ол мүмкiндiктер толығынан пайдаланылмай қалды. Егерде
объективтi заңдылық тұрғысынан сараптайтын болсақ, дәл сол жылдары
жаңалықтар толығынан өмiрге енiп кетуi мүмкiн емес те едi. Сол жылдары
КОКП-тың
Орталық
Компартиясының
Н.Хрущев
бастаған
ой-өрiсi
қалыптасқан саяси басшылардың, тiптi қандай идеалды жағдай болмасын елге
радикалды өзгерiстер әкелуi қиын едi. Мысалы, экономиканы басқару iсi ойдан
шығарылған әрекеттердiң ырқына түсiп кеттi. Ел басшылығының жеке тұлға
пішімінен шыққан идеялары мен әрекеттерi қоғамның берекесiн кетiре бастады.
Өркөкiректiк, жалған уәделер мен негiзсiз болжамдар мен тұжырымдар сөз бен
iстiң арасын алшақтата түстi.
Жергiлiктi билеушi орындардың қызметiнде әсiресе жылтырақтық,
өркөкiректiк, көзбояушылық, даурықпалық сияқты ұнамсыз жайлар кең орын
алды. Аймақтық өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық басқармаларын, ауыл
шаруашылығы жөнiндегi партия комитеттерiн құру негiзсiз болып шықты. Әр
алуан штаттан тыс саяси комиссиялар құрумен әуестену кең өрiс алып, мұның
өзi қызметкерлер мен еңбек адамдарын өндiрiстегi тiкелей жұмысынан
алаңдатуға, оларды бекер әуре-сарсаңға түсуге ұрындырды.
Аталмыш жылдардағы саяси-қоғамдық өмiрдiң ерекше белгiсi, оның
қайшылығы мен жеке адам басына табынуды жою iс-қимылдарының нақты
жетiстiктерi, экономикалық дамудың белгiлi бiр табыстары және қияли, іс
жүзінде мүмкін жоспарлар, қоғамдық өмiрдi демократияландыруға қадамдар
жасауы Н.Хрущевтiң өзiнiң жеке басына табынудың күрт күшеюi сияқты
қайшылықтар көрiнiсі орын алды. Мәселен, КОКП-ның III-шi Бағдарламасы
туралы баяндай келiп ол:” Бұл коммунизмнiң материалдық-техникалық базасын
салу бағдарламасы, бұрынғылардан оның өзгешiлiгi - ... бұл кезеңнiң соңында
коммунизмнiң базасы жасалып бiтедi, сөйтiп кеңес адамдарының казiргi ұрпағы
коммунизм тұсында өмiр сүретiн болады”,- деп мәлiмдедi. Өмiрдегi
қиындықтар - уақытша жағдай, 20 жылдан кейiн кеңес адамдарын тек жақсы
өмiр ғана емес, коммунизмнiң басталуы күтiп тұр деп дәмелендiрдi.
60-шы жылдардың басында өнеркәсiп пен құрылысты экономикалық
аудандардың халық шаруашылығы кеңестерi арқылы басқару жүйесiнiң
кемшiлiктерi бiрте-бiрте айқындала бастады. Өнеркәсiптi басқаруда халық
шаруашылығы кеңестерiнде толып жатқан жаңа бөлiмдердiң құрылуы
өнеркәсiп салаларының бөлшектенуiне әкелдi. Өндiрiстi басқарудың жоспарлау
мен экономикалық ынталандырудың түрлерi мен әдiстерi елдiң өндiргiш
күштерiнiң жаңа, неғұрлым жоғары дәрежесiне сай келмедi, олардың дамуын
тежедi.
Осы жылдары аграрлық ғылымның тұжырымынша ауыл шаруашылығын
дамытудың үлкен мүмкiндiктерi болды, бiрақ ол дұрыс пайдаланылмады.
Қазақстанда
қоғамдық
және
жеке
мүдделердi
ұштастыру,
ұжым
еңбеккерлерiнiң егiншiлiк пен мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi арттыруға
деген материалдық ынталылығы негiздерiнiң бұзылуына жол берiлдi.
Жоспарлауда және ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруда елеулi
кемшiлiктер мен өрескел қателіктер жiберiлдi.
Елдегi аграрлық саясатқа тың және тыңайған жерлердi игеру үлкен әсерiн
тигiздi. Дегенмен, бос жер көлемiнiң азайтылуы тың жерлердегi егiншiлiктi
жүргiзу жүйесiне зиянын тигiздi, егiс көлемдерiнiң қалыптасқан құрылымы
бұзылды. Осының барлығы бұл өңiрдегi тек дәндi-дақылдар өндiру емес, жалпы
қазақтардың кәсiп еткен дәстүрлi мал шаруашылығын да әлсiреттi.
Тың жерлердi игеру қарсаңында партия ұйымының немесе партия
мүшелерiнiң пiкiрi анықталмай Қазақстан Компартиясының VII съезiнде
Ж.Шаяхметовтың орнына республика билеушi партиясының бiрiншi хатшысы
болып П.К.Пономаренко, хатшысы болып Л.И.Брежнев (XI.1954-VII.1955 жж.)
Кремльден жіберілген еді. Осыдан кейiнгi он жыл бойы Қазақстанның саяси
басшылары қолғаптай ауыстырылып отырды. П.К.Понамаренконы ауыстырған
Л.И.Брежнев (VII.1955-III.1956 жж.) Мәскеуге жоғарылағаннан кейiн оны
Д.Яковлев (III.1956-XII. 1957 жж.), ол түсiрiлгеннен кейiн Н.И.Беляев
(XII.1957-XII.1960 жж.), оны ауыстырған Д.А.Қонаев (XII.1957-XII.1960 жж.),
одан кейiн Н.Хрущевтiң ұсынысымен И.Юсупов (XII.1962-XII.1964 жж.)
басқарды. Бас аяғы сегіз жылдың ішінде Республикада алты басшы
ауыстырылған, сонда әрқайсысы бір жыл билік құрған. Мұндай билеу стилі
Қазақстанның қай жағынан болса да дамуына зиянын тигізді. Осы жылдары
Қазақстанның жоғарғы билік орындарында Мәскеу алтын және құнды металл
институтын үздік бітірген аламатылық Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев өзінің
кәсіби шеберлігімен танылды. Ол 1964 жылдың желтоқсанынан 1986 жылдың
16 желтоқсанына дейiн Қазақ елiн және оның Компартиясын басқарды.
Д.А.Қонаев республика экономикасы мен мәдениетiн өркендетуге елеулi
үлес қосты, оның тұсында Қазақстанның Одақ бойынша алған орны биiктен
көрiндi. Әрине, бұл жылдарда да жершiлдiк, жең ұшынан жалғасу, басқару
орындарға тамыр-таныстықпен тағайындау, билеушi партия мен үкiмет
орындарында өркөкiректiк, өрескелдiктер де ауқамды орын алды.
XX ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан өндiрiс және соғыс
қаруының көптеген жаңа түрлерi мен технологиясын сынайтын алаңына
айналды. Гидропоникалық әдiспен өсiмдiк өсiру, жүгерi егу т.б. осы сияқты
тәжiрибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өттi. Республиканың
оңтүстiктегi кейбiр аудандары көршiлес республикаларға берiлдi, өлкелер
құрылды, қалалардың аттары өзгертiлдi. Н.Хрущев ел басқарған кезiнде қазақ
зиялыларының жағымпаз, жарамсақтарын шешушi буындарға орналастырып,
олар арқылы қазақ атаулыны мәңгүрттендiрiп, ұлы державалық, отаршылдық
саясатын санасыздықпен интернационалдық, ұлттық теңдiктi, достықты
жандандыра отырып қазақтардан бiрыңғай коммунистiк ұлт шығаруды
армандады. Н.Хрущевтiң жолсыздықтары мен жөнсiз қылықтарын ашық
айтпаса да халық оған наразы болды.
Cайып келгенде, елдiң экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық
шаруашылығын басқару, өндiрiстi жоспарлау мен ынталандыру жүйесiн
түбегейлi жақсарту қажеттiгi пiсiп жетілiп келе жатты. Экономикалық
мәселелердi шешуде субъективизмдi, волюнтаризмдi жою қажеттiгi барған
сайын айқындала түстi. Cондықтан 1964 жылдың қазанында КОКП ОК
шешiмiмен Н.Хрущев партия басшылығынан зейнеткерлікке жіберіліп, оның
орнына Л.И.Брежнев сайланды. Кеңес өкiметiнiң басшысы етiп КСРО Жоғарғы
Кеңесi А.Н.Косыгиндi тағайындады.
Аталған басшылардың есiмдерi Кеңес мемлекетi және Қазақстан
тарихындағы елдiң экономикалық құрылымын өзгертуге бағытталған
қадамдармен тығыз байланысты. Бірақта, олардың 1962-1969 жж. реформалық
талпыныстары iс жүзiнде экономикада iрi батыл қайта құрылыстар жасауды
қамти
алмады.
Сараптаушы-мамандардың
тұжырымынша,
реформа
концепциясы жеткiлiктi ойланыстырылмай құрылған және бiрiн-бiрi жиi
ауыстырып отырған елеулi тұрақсыздық, тұрмыс дәрежесiнiң және әлеуметтiк
кепiлдiктердiң әлсiреуiн туғызды.
Нақтылы өмiр көрсеткендей, реформалық шаралардың экономикадағы
сәтсiз талпыныстары, өндiрiс күштерiнiң тиiмсiз орналастырылуы, халық
шараушылығын басқару жүйесiнiң атүстi және жиi өзгертiлуi республиканың
экологиялық жағдайына және халықтың денсаулығына терiс әсер етті. Елдiң
өнеркәсiптiк аймақтарында, әсiресе Атырауда, Ақтауда, Ақтөбеде, Өскеменде,
Шымкентте, Таразда табиған ластанып экологиялық жағдай өзекті мәселеге
айналды. 1948-1965 жж. аралығында Семей, Павлодар, Қарағанды
облыстарының түйiскен шекаралас жерiне ядролық қаруды, Атырау, Ақтөбе,
Батыс Қазақстан облыстарының жерiнде қару-жарақтарды сынайтын
полигондар, ал Қызылорда өңiрiнде Байқоңыр космодромы бой көтердi.
Ядролық қаруды тұңғыш сынау 1949 ж. 29 тамызда өткiзiлдi. Ал 1989
жылдың 19 қыркүйегiне дейiн қуаты бiрнеше тоннадан 150 килотоннамен
өлшенетiн 343 сынақ жасалды. Ғалымдардың пiкiрiнше ядролық жарылыстар
жасалған жылдары Семей қаласының, Павлодар және Қарағанды
облыстарының шекаралас аудандарының және РСФСР-дiң Алтай өлкесiндегi
кейбiр аудандарының тұрғындары радиациялық сәулеге шалынды емдеуге
келмейті сырқаттарға шалынған.
Денсаулық сақтау мекемелерiне иондандырушы радиацияға байланысты
рак, лейкоздан және басқа аурулардан дүниеден озған адамдардың шын
диагнозын қоюға тиым салынды. КСРО Денсаулық сақтау министрлiгi бұл
дәрiгерлiк тексеру жүргiзудiң қорытындыларын жария етуге қатал тиым салды,
ал әскери дәрiгерлер алған нәтиже-мәлiметтер құпияда сақталып, ядролық
полигонның қызметi келтiрген зиянның бәрiн жасырып келдi. Радиацияға
ұшыраған адамдардың денсаулығын iшiнара зерттеу тек 1962 жылдан ғана
басталды.
Адамдардың денсаулығына деген мұндай көзқарас, полигонға жақын
тұратын қазақтарды бұдан бұрын кездеспеген ауруларға шалдықтырды. Cәуле
ауруының күрделi түрлерi Семей облысы Абай ауданының, Қарағанды облысы
Егiндiбұлақ ауданының тұрғындары арасында жиi кездесетiн болды.
Полигонның халық денсаулығына тигiзiп жатқан әсерiне абыржыған жеке
дабылдарға билеушi орындар құлақ салмай, ешқандай мән бермедi. 1969-1970
жж. Маңғыстау облысының жерiнде халықтан жасырын жер астында үш рет
ядролық жарылыс жасалды. Жерасты жарылыстары таулы жыныстарда да
жасалды.
Қазақстан өндiрiсi жәйі. ХХ ғ. 50-70-шi жылдары республиканың халық
шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту, шаруашылық
айналымға жаңа қорларды қосу, өндiрiстiң техникалық дәрежесiн арттыру
бағытында ауқымды iстер тындырылды. Бiрақ жеңiл және тамақ өнеркәсiп
салаларына тежеу жасалып, шикiзат және отын өндiретiн салалар жедел
қарқынмен дамытылды.
1951-1955 жж. өнеркәсiпке жұмсалған қаржының жалпы көлемi 1941-
1950 жылдарға қарағанда 2,3 есе артық болды, ал өнеркәсiптiк күрделi
құрылыста тек 1960 жылдың өзiнде ғана, бүкiл төртiнiшi бесжылдықта осындай
құрылысқа жұмсалған шығыннан 1,4 есе дерлiк артты. 700-дей кәсiпорын iске
қосылды. Олардың iшiнде Өскемен қорғасын мырыш, Жезқазған, Соколов-
Сарыбай кен-байыту комбинаттары, Ертiс өзенiнде Өскемен су-электр
станциясы, Бұқтырма су-электр станциясының бiрiншi кезегi, Қарағанды 2-
жылу электрстанциясы салынды. Жаңа көмiрлi аудандар (Саран, Шерiбай-
Нұра, Шахан) игерiлдi, Екiбастұз кенiнiң құбырлары қатарға қосылды. Алайда
осындай қарқынның көлеңкесiнде электр қуатының желiлерi мен оны бөлу
орындары құрылысы күрт артта қалды, мұның өзi республика көлемiн электр
қуатымен қамтуға кедергi болды.
Осы қарқын болашақ жылдарда да сақталып, тiптi өсiп келдi. 1965-1985
жж. Қазақстан экономикасын дамытуға бөлiнген күрделi қаржы кеңес
үкiметiнiң бүкiл бұдан бұрынғы жылдарда бұл салаға бөлiнген көлемiнен көп
игерiлдi, ол республиканың өнеркәсiп потенциалын екi есе өсiруге мүмкiндiк
туғызды. Жалпы 60-шы жылдары 1174 iрi өнеркәсiп орны және 535 цех қатарға
қосылды, жүздеген зауыттар мен фабрикалар қайта құрылды және жаңа
техника, технологиямен жабдықталды. Қазақ жерiнде қара және түстi
металлургия, мұнай және газ, химия және мұнай химиясы жедел дамыды,
титан, магний, глинозем, шойын, кокс, синтетикалық каучук, жүк көтергiш
құрылымдарын (крандар), электрмашиналарын, металды жiптеп созатын
стандар және ұста-қысқыш машиналарын, асбест және басқада өндiрiске
қажеттi қосымша құрал-жабдықтар шығаратын салалар пайда болды.
Қара металлургия Қазақстан өнеркәсiбiнiң алып салаларының бiрiне
айналды. Осы жылдары iске қосылған Соколов-Сарыбай кен-байыту
комбинаты елiмiздiң алып кәсiпорындарының біріне айналды. 1970 жылы
республикада 18,2 млн. тонна темiр рудасы өндірілді, бұл 1960 жылдың
көрсеткiшiнен 3 еседен артық едi. Қарағанды металлургия комбинаты КСРО-
дағы толық металлургиялық айналымдағы аса iрi кәсiпорыны болды. Ермак
қайта балқыту зауытының ферросилиций өндiретiн бiрiншi кезегi қатарға
қосылды. Республика хромит рудасын шығару да елде бiрiншi орын, темiр және
марганец рудасын шығаруда үшiншi орын алды, Қазақстанның болат, прокат,
ферросплав шығарудағы рөлi артты. Мұның бәрi қара металдардың жалпы
одақтық өндiрiсiнде Қазақстан үлесiнiң едәуiр өсуiне жол ашты.
Түстi металлургия одан әрi дамыды. Тишинск руднигi және Лениногор
полиметалл комбинатында мырыш зауыты, Жезқазған кен-металлургия
комбинатының елдегi аса iрi N 55 және 57 шахталары, Павлодар алюминий
зауытының глинозем өндiрiсiнiң комплексi қатарға қосылды және Өскемен
титан-магний комбинаты алғашқы қуатына жеттi. Осындағы қорғасын-мырыш
және Балқаш металлургия комбинаттарының өндiрiстiк қуаттары кеңейтiлдi.
1950-1970 жж. Қазақстан мұнай шығаратын iрi өңiрге айналды. Осы
кездегi Маңғыстау түбегiн игеру бұл саланың онан әрi дамып, республика
Кеңес Одағының аса iрi мұнайлы ауданы болып, бұнда 1970 жылы 10 млн.
тонна мұнай өндiрiлдi. Парафинi көп Маңғыстау мұнайын өндіру мен
тасымалдауға, кешендi пайдаланудың озық тәсiлдерiн енгiзуге, күрделi
техникалық және қатынастық мiндеттер ойдағыдай шешiлдi.
Республика Кеңес өндiрiстiк комплексiнде химия, минералдық
тыңайтқыштар өнеркәсiбiн дамыту жөнiнде алдыңғы орындарға шықты. 60-шы
жылдардың ортасында Қаратау комбинаты, Жамбыл суперфосфат, Ақтөбе хром
қосындылары, Қарағанды жасанды каучук, Атырау химия, Шымкент гидролиз
және шина жасау зауыттары толық өндiрiс қуаттарымен жұмыс iстеп, өз өнiмiн
шығара бастаған. Қазақстан өндiрiс салаларының бiр ерекшелiгi-онда
кооперативтендiру кеңiнен өркендедi. 1963 жылы Балқаш кен-металлургия
комбинатында және Шымкент қорғасын зауытында күкiрт қышқылы цехтары
iске қосылды. Қарағанды металлургия зауытында коксохимия өндiрiсi
өркендедi. Мiне осының бәрi Қазақстанда үлкен химия саласының iргесiн
нығайтты. 1970 жылы республика елiмiзде сары фосфордың көп бөлiгiн,
хромит тұздарының 40 пайызын, төменгi қысымды полиэтиленнiң 20 пайызын,
күкiрт қышқылының 10 пайыздан артық шығарды.
Қазақ елiнiң тарихында болмаған электр энергетика жүйесi қалыптасып
тез қарқынмен дамыды. 60-шы жылдардың бiрiншi жартысында Қарағанды 2-
ГРЭСi, Петропавл жылу-электр орталығы, Алматы 2-ГРЭСi, Бұқтырма су-
электр станциясы және басқа осы сияқты қуатты электр өндiретiн орындар
пайдалануға берiлiп, Қазақстан бойынша энергияның бұл түрiн өндiру 1,9 есе
ұлғайды. 1970-1975 жж. республикада 90 мың. км. электр желiсi жүргiзiлiп,
оның 85 мың шақырымы ауылдық жерге тартылды. Бiр орталықтан электр
қуатымен қамту екi есе өсiп, 76 пайызға жеттi.
Қазақ жерiндегi ғасыр басынан негiзi бар көмiр өндiру саласы жаңа
қарқынмен дамыды. 1954 жылы Екiбастұз көмiр кенiшiнiң қалыңдығы жағынан
теңдесi жоқ қабаттары ең тиiмдi-ашық әдiспен алына бастады. 1970 жылдың
басында Қарағанды және Екiбастұз көмiр өндiрiстерiнiң өнiмi жылына 61 млн.
тоннаға жеттi, оның 41 пайызы неғұрлым озық, ашық әдiспен шығарылды.
Қазақстанда машина жасау өнеркәсiбi республикадағы ерекше қарқынмен
дамыған ауыл шаруашылығы, кен-руда, химия және мұнай кәсiпорындары
сияқты салаларға қызмет етуге мамандандырылды. Трактор зауыты қатарға
қосылып, “Қазақсельмаш” зауытында ауылшаруашылық машиналары
бөлшектерiн шығаруға ыңғайланған жаңа қуаттар қатарға қосылды. Егiн және
мал шаруашылығындағы жұмыстардың жеңiлдетуiн қамтамасыз ететiн жаңа
машиналар мен жабдықтар шығару игерiлдi.
Дегенмен бұл саланың бұрын-соңды жеткiлiксiз дамуы, экономика
сұранысын қанағаттандырудан әлдеқайда алшақ болды, өндiрiстегi үлес
салмағы 60-70 жылдары 0,2 пайызға ғана өстi. Нақ осы кездiң өзiнде
республикада тиiмдiлiгi жоғары түбегейлi өнiмдер-приборлар, автомобильдер,
электротехникалық бұйымдар, машиналар мен жабдықтар шығаратын
кәсiпорындар болмады.
Жеңiл өнеркәсiпте бiрсыпыра iрi кәсiпорындар, оның iшiнде Алматы
мақта-мата комбинаты, Жамбыл былғары аяқ-киiм комбинаты iске қосылды.
1970 жылы республиканың жеңiл өнеркәсiбi жалпы республикалық өнеркәсiп
өнiмдерiнiң небәрi 16 пайызын шығарды. Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарының
өнiм шығаруында трикотаж, аяқ киiм тiгу жедел қарқынмен өстi. Республикада
жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру елiмiз бойынша орташа дәрежеден 2 есе
дерлiк төмен болды. Аталған салалармен салыстырғанда тамақ өнеркәсiбi
үлесiне 70-шi жылдарда жалпы өндiрiс көлемiнiң 17 пайызы тидi, бұл КСРО-
ның орташа көрсеткiшiнен әлде қайда төмен болды.
1950-1970 жылдардағы Қазақстанның өндiрiстiк дамуының көлемi мен
қарқыны құрылыс индустриясын қалыптастыруды қажет еттi. Мысалы, 1955-
1965 жылдар аралығында тек қана цемент өндiру 11 есе өстi. Осы жылдары
Қарағанды, Семей, Өскемен, Шымкент зауыттары республика қажеттiлiгiн
барынша қамтыды. Темiр-бетон конструкцияларын, панелдер мен бөлшектер
шығаратын көптеген зауыттар, шағын мамандырылған кәсiпорындар салу
басталды. 60-шы жылдарда облыс орталықтарынан iрi үй құрылымдарын
жасайтын ұжымдар қалыптасты.
Cонымен бiрге, бұл саланың дамуында әмiршiл-әкiмшiлдiк жүйенiң билiк
жүргiзуiнен туған бiрсыпыра проблемалар бар едi. Өндiрiстi дамытуда оның
көлемi мен бөлiнген қаржының шегi арасындағы үйлесiмсiздiк, жобалау мен
жоспарлаудағы оралымсыздықтар жылдан-жылға кең қанат жайып, ал оған
жауапты мамандар мен билеушi орынның басшылары жауапкершiлiгі талап
деңгейінен әлдеқайда төмен болған. Өндiрiс экстенсивті әдiспен дамыды, iрiлі-
кiшi кәсiпорындарды iске қосу мерзiмi негiзгi жобалар мен белгiленген
мерзiмнен әлде қайда кешiктiрiлiп және сапасыз тапсырылып отырды.
Шаруашылық және экономикалық реформалар. 1966-1970 жылдарда
өнеркәсiп саласында шаруашылық реформа жүргiзуге үлкен ұмтылыстар
болды. Билеушi партияның 1965 жылғы қыркүйек және қазан айларында болған
пленумдарында өнеркәсiптi басқаруды жақсарту, жоспарды жетiлдiру және
өндiрiстегi экономикалық ынталандыруды күшейту жөнiнде қабылдаған
шаралары тарихта шаруашылық реформа деген атаумен белгілі.
Қабылданған құжаттар бойынша кәсiпорындардың қызметiн жоғарыдан
егжей-тегжейiне дейiн белгiлеуге тыйым салынды, олардың шаруашылық
дербестiгiне мүмкiндiк берiлдi, сонымен бiрге шаруашылық және жоспарлау
орындарынан неғұрлым көбiрек оралымдылық пен икемдiлiк, пайда, баға,
Достарыңызбен бөлісу: |