Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


 Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі



Pdf көрінісі
бет17/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

4. Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі 
қазақстандықтардың ерлігі. 
 
Соғыстың  басталуы  және  жауға  қарсы  тойтарысты  ұйымдастыру.  Бүкiл 
Батыс  Еуропаны  жаулап  алған  фашистiк  Германия  1941  жылы  22  маусымда 
елең-алаңда  екi  ел  арасындағы  шабуыл  жасаспау  туралы  1941  ж.  23 
қыркүйектегі  шартты  бұзып,  Кеңестер  Одағының  батыс  шекарасынан  әскери 
шабуылын  бастады.  Cоғыс  қимылдары  Баренц  теңiзiнен  Қара  теңiзге  дейiнгi 
аралықтағы  жерлерде  өрiстедi.  Cол  күнi  Кеңес  үкiметi  басқыншыларға  қарсы 
күреске көтерiлiп, социалистiк Отанды қорғауға Үндеу тастап ол: «Бiздiң iсiмiз 
әдiл. Жау талқандалады. Бiз жеңiп шығамыз»,- деген сөздермен аяқталды. 
 
Негiзгi  тарихи  құжаттарда  басқыншылардың  билеушi  топтарының 
мақсаты  Атлантикадан  Сiбiрге  дейiн  славян  және  түрiк-моңғол  тұқымдас 
“жабайылардан”  тазартылған  герман  аймақтық-этностық  тұтастығын  құрудың 
шешушi  кезеңi  және  әлемде  германдық  билік  орнатудың  алғышарты  деп 
санады.  Ағылшын  елi  мен  АҚШ  мемлекеттерін  тiзе  бүктiргенге  дейiн  және 
“тұтастыққа” немiстердi қоныстандырғанға дейiн өзiн-өзi басқаратын Остланд, 
Украина,  Мәскеу,  Кавказ  рейхскомиссариаттарын  құру  белгiлендi.  1941  ж. 
аяғында  -  1942  ж.  басында  “қауырт”  соғыстың  мүмкiн  еместiгiне  көзi  жеткен 
үшінші  рейх  билеушiлерi  ендi  Кеңес  республикларының  бiрлiгiн  әлсiретудiң 
жолын  iздестiрдi.  Мiне  осы  кезде  Едiл-Жайық  және  Гросс-Түркiстан 
буржуазиялық-ұлт  мемлекеттерiн,  сондай-ақ  Қарағанды,  Новосiбiр  және 
Кузнецк  “индустриялық  облыстарын”  құру  жоспарын  iске  асыруға  күш  сала 
бастады. 
 
Қазақстан  Ұлы  Отан  соғысына  бiртұтас  елдiң  құрамдас  бөлiгi  ретiнде 
қатысып,  оның  барлық  ауыртпалығын,  қайғысы  мен  қуанышын  бүкiл  Кеңес 


елiнiң  халықтарымен  бiрге  көтердi.  Соғыс  қарсаңында  Қазақстанның 
стратегиялық  маңызы  мол  табиғи  қорлары  мен  сапқа  тұратындай  адамдары 
болды.  Бүкiл  елмен  бірге  Қазақстан  да  азаттық  соғысқа  бiр  кiсiдей  жұмыла 
көтерiлдi.  Майданға  өз  ерiктерiмен  баратындықтары  туралы  әскери 
комиссариаттарға  мыңдаған  арыздар  түсiп  жатты.  Жастар,  аға  буын  өкiлдерi 
қолдарына қару алып, майданға аттанып жатты.  
 
6,2  млн.  қазақстандықтардың  (1939  ж.  санақ  бойынша)  соғыс  жылдары 
1,2  млн.  майдан  отының  ошағындағы  әскерлер  сапына  тұрды.  Майданға  және 
қорғаныс өнеркәсiбiне әрбiр төртiншi қазақстандықтармен қатар  соғыс кезiнде 
бiздiң 
елiмiзге 
зорлап 
көшiрiлген 
ұлт 
топтары 
қоныстанды. 
Мобилизациялаудың  мұндай  жоғарғы  деңгейi  негiзiнен  экономиканың 
аграрлық  сипаты,  халықтың  арасында  шаруалардың  үлес  салмағының 
басымдылығы  және  ауыр  өндiрiстiң  қорғаныс  саласына  жұмыс  қолын,  ауыл 
шаруашылығында  механизаторларды  шектеп  алып  қалу  (брондау)  iсiнiң  кеш 
енгiзiлуi  себеп  болды.  Cоғыстың  алғашқы  күндерiнде-ақ  Алматы,  Жамбыл, 
Оңтүстiк  Қазақстан,  Қырғызстан  жiгiттерiнен  316  атқыштар  дивизиясы 
құрылып,  оның  қолбасшылығына  азамат  соғысынан  мол  тәжiрибе  алған 
генерал  М.В.Панфилов  тағайындалды. Cоғыстың  бастапқы  үш  айының  iшiнде 
238, 310, 314, 387, 391 санды дивизиялары құрылды.      
 
Қазақстандықтар 12 атқыштар және төрт атты әскер дивизияларын, жетi 
атқыштар  бригадасын,  әскер  түрлерiнiң  50-дей  жеке  полктерi  мен 
батальондарын  жасақтады.  Cоғыс  жылдары  Қазақстандағы  27  әскери  оқу 
орындарында  16  мың  офицер  кадрлары  және  армия  мен  флот  үшiн  мыңдаған 
басшы  кадрлар  даярланды.  1941-1945  жж.  әскери  оқу  орындарына  42  мыңнан 
астам қазақстандықтар жiберiлдi. 
 
Республиканың  экономикасы  әскери  жұмыс  кестесiне  көшiрiлдi.  Бейбiт 
мақсаттарға  бөлiнетiн  қаржы  мейiлiнше  қысқартылды,  көптеген  кәсiпорындар 
қорғаныс өнiмдерiн шығаруға көшті, жұмысшылар тобы, шикiзат, техникалық 
құралдар мен жабдықтар майданға қажеттi қару-жарақ т.б. өнiмдердi шығаруға 
бейiмделдi. 
 
Қазақстанға  майдан  шебiнен  тұрғындар,  өндiрiс  кәсiпорындары  және 
мәдениет  мекемелері  мен  шығармашылар  көшiрiлiп,  оларды  жергiлiктi  жерде 
орналастыруда  елеулi  қиындықтар  болды.  КСРО-ның  соғыс  өртіне  түскен 
батыс  аудандардың  530  мыңнан  астам  тұрғыны,  970  мыңдай  жер  аударылған 
немiстер, 
поляктар 
Қазақстанның 
түпкiр-түпкiрiне 
орналастырылды. 
Сондықтан,  соғысқа  дейiнгi  болған  тұрғын  үй  проблемасын  шешу  бұл  кезде 
тiптi қиындап кеттi. Мысалы, 1940 ж. қалаларда әрбiр адамға 5,1 шаршы метр 
тұрғын орыннан келсе, бұл көрсеткiш соғыс жылдары 4,3 шаршы метр болды, 
ал Қарағанды қаласында 2,2 шаршы метрден ғана келдi. 
 
Қазақстандықтар  соғыстың  алғашқы  күндерiнен  бастап  өздерiнiң 
ерлiктерiмен,  отансүйгiш  сезімімен  танылып  жанқиярлық  ұрыс  жүргiздi. 
Даңқты  Брест  қамалын  қорғаушылардың  мыңдаған  қазақстандықтар  арасында 
Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Қ.Иманқұлов, З.Маджанов, Е.А.Качань жаумен жан 
аямай  шайқасып,  ерлiк  көрсеткен.  Қазақстандықтар  жау  әскерлерiмен  Лиепая, 


Перемышль,  Мурманск,  Одесса,  Севастополь,  Сталинград  түбiндегi,  Украина, 
Белоруссия, Кавказ т.б. майдандарда жанқиярлықпен соғысты.  
 
Соғыстың  бастапқы  кезiнде  фашистiк  Германияның  экономикалық  күш-
қуаты, әскер саны, қару-жарақ т.б. көрсеткiштер бойынша Кеңес елiнен басым 
болды.  Оның  мынадай  себептері  болды:  бiрiншiсі,  Германия  ғылым  мен 
техниканың  соңғы  жетiстiктерiне  сай  қаруланған,  Еуропаның  басып  алған 
елдерiнiң  бүкiл  экономикалық-әскери  қуатын  пайдаланған  және  соғыс 
жүргiзуден  бiршама  тәжiрибесi  болды;  екiншiсі,  тұтқиылдан  жасалған 
шабуылға  Кеңес  әскерлерi  дереу  әзiр  болмады;  үшiншiсі,  Кеңес  әскерiн  қайта 
құру, қаруландыру толық ақталмаған және ол тиiстi дәрежеде өтiп үлгермеген. 
Әскерлердiң қару-жарағы ескiрген, тиiмсiз, техникамен жабдықтау жағынан да 
Герман  әскерiнен  кейiн  қалған  болып  шықты;  төртiншiсі,  1939-1940 
жылдардағы  армия  басшылары  арасындағы  қуғын-сүргiн  кезiнде  Қызыл 
Армияның  белгiлi  қолбасшылары,  орта  буындағы  офицерлерi  айыпсыз 
жазаланып, айдауға кетті.       
 
Қазақстандықтардың  жауынгерлiк  даңқы  әсiресе  Мәскеу  түбiндегi 
шайқаста  айқын  көрiндi.  Мұнда  майор  Бауыржан  Момышұлы  басқарған  316 
дивизия құрамындағы 1073 ұлан атқыштар полкi жау шабуылына дивизияның 
басқа  бөлiмдерiмен  бiрге  ерлiкпен  тойтарыс  бердi.  (Б.Момышұлы  1990  жылы 
Кеңес  Одағының  Батыры  атағына  ие  болды).  Қысқа  мерзiм  iшiнде  бұл 
дивизияның  жауынгерлерi  жаудың  бiр  танк,  екi  жаяу  әскер  дивизиясын 
талқандады.  316-шы  дивизия  ерлiгi  мен  қаhармандығы  үшiн  1941  жылы  17 
қарашада оған 8-шы ұлан атағы берiлдi. 
 
Ұлы Отан соғысындағы бетбұрыс болған Сталинград түбiндегi шайқаста 
да  бiздiң  жерлестерiмiз  өздерiнiң  отан  сүйгiштiгiн  көрсете  бiлдi.  Қазақстанда 
қалыптасқан  38-шi  атқыштар  дивизиясы  Сталинград  түбiндегi  шайқастың 
негiзгi  ауыртпалығын  көтерген  64-шi  армияның  (қолбасшысы  М.С.Шумилов) 
құрамында  болды.  Бұл  шайқаста  гитлершiлердiң  өте  ауыр  соққыға  ұшырауы 
екiншi  дүние  жүзiлiк  соғыстың  бүкiл  барысына  шешушi  ықпал  жасады. 
Елiмiзде құралған әскери құрамалар Курск иiнiнде, Днепр, Ленинград, Шығыс 
Еуропа  елдерi,  Берлин  үшiн  шайқастарға  да  қатысып  жанқиярлықпен  ерлік 
таныта білген.  
 
Қазақстандықтар  партизандық  қозғалысқа  да  белсене  қатысты: 
Украинада-1500,  Ленинград  облысында-220,  Белоруссияның  әр  түрлi 
аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-
ден  астам  жерлестерiмiз  болған.  Партизандық  қозғалысқа  ерлiкпен  қатысқан 
Ғ.Ахмедьяров,  Ғ.Омаров  В.Шарудов,  Қ.Қайсенов,  Ә.Шәрiпов,  Ж.Саин  т.б. 
есiмдерi ел құрметiне ие болды. 
 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  көрсетiлген  ерлiктерi  үшiн  мыңдаған 
қазақстандықтар  Кеңес  Одағының  жоғары  белгiлерiмен  марапатталды.  497 
қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, ал олардың 97-i қазақ 
ұлдары  болатын.  Батырлар  қатарында  қазақтың  қос  аруы  Әлия  Молдағұлова 
мен  Мәншүк  Маметованы  ерекше  атап  кеткен  жөн.  Ұшқыштар  Т.Бигелдинов, 
Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, С.Д.Луганский бұл атаққа екi мәртеден ие болған. 


 
Қазақстандықтар Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы 
тiрегi  Жапонияны,  оның  миллион  санды  Квантун  армиясын  талқандауға 
қатысты.  Бұл  майданда  да  қазақстандықтар  ерлiгiмен,  жанқиярлық 
батылдығымен,  ал  бiршамасы  құрбан  болып  елiмiзге  жеңiстi  алып  бердi. 
Жалпы  бұл  соғыстағы  жеңiс  Кеңес  Одағына  қымбатқа  түстi.  Елдiң  30 
миллионға  жуық  адамы  қаза  болды,  оның  iшiнде  400  мыңнан  астамы 
қазақстандықтар едi. Осы соғыстан алған сабақтар мен қорытындылар ешқашан 
ұмытылмауы  керек.  Соғыстардың  iшiндегi  ең  ауыры  және  осы  Ұлы  жеңiсi 
адамзат баласының кейiнгi дамуына ықпалын тигiзiп келедi. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет