Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


мүддесін ғана ойлау, жағымпаздық, құр уәде мен терең сенім т.б



Pdf көрінісі
бет23/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

мүддесін ғана ойлау, жағымпаздық, құр уәде мен терең сенім т.б. партияның 
барлық буынын қамтып, ең төменге дейін жетті. 
КСРО  сияқты  алып  мемлекетті  басқарып  отырған  партия  аппаратының 
жоғарыдын  төменге  дейін,  төменнен  жоғарыға  дейін  «жазылмас  сырқат» 
індетіне  шалдыққандығы  туралы  тұжырымның  шындыққа  толық  сай 
келетіндігін  ондаған,  жүздеген  деректер  арқылы  оңай  дәлелдеуге  болады. 
Өйткені  оның  ең  басты  дәлелі  өмірдің  өзі.  Дегенмен,  шынайылық  деңгейінің 
аса жоғары екендігі еш күмән туғызбайтын бір ғана дерек келтірейік. СОКП ОК 
жұмысының  ішкі  құрылым-құбылысын  өте  жақсы  білетіндердің  бірі  ретінде 
Б.Н.Ельцин  өз  заманхатында  жалпы  СОКП  ОК  аппаратының  жұмысы  – 
қайталанбайтын  ерекше  құбылыс.  Ол  ешнәрседе  өндірмейді.  Ешнәрсе  де,  тек 
қағаздан басқа. Тонналаған қағаз. Ең қызығы, жұмыстағы жетістік, осы таудай 
боп үйілген, ешкімге керегі жоқ анықтамалар, есептер, жауаптар, баяндамалар, 
талдаулар,  жобалар  т.т.  өлшенеді.  Саяси  бюро,  партияның  ОК  қандай  болса, 
аппарат  та  дәл  сондай,  жақсы  да  емес,  жаман  да  емес…  Бұдан  сәл  бұрын 
орталық  билік  тарапынан  таратылған  дамыған  социализм  туралы  айтуы  мұң 
екен  бүкіл  аппарат,  аса  үлкен  машина  кемелденген  социализмнің  қалай 
дамығандығы  және  дами  беретіндігі,  оның  кезеңдері  мен  жолдары,  кеңес 
халқының  кемелденген  социализм  кезінде  қалай  жақсы  тұратындығы  туралы 
“аңыздар” өндіре бастады. 
Бұл,  сөз  жоқ,  партияның  әр  түрлі  деңгейдегі  органдарында  жұмыс 
істейтін  парасатты  адал  адамдардың  наразылығын,  іштей  қарсылығын 
тудырмай  қойған  жоқ.  Олардың  көпшілігінде  іштей  риза  болмаушылық  қана 
емес,  сонымен  қатар  бұған  дейін  мызғымастай  берік  сияқты  көрініп  келген 
тәртіптерге қарсы күрес жүргізу қажеттігі де сөзсіз өсе түсті. 
Сонымен қатар КСРО-ны терең дағдарысқа әкелген ондай наразылықтың 
қашан  және  неліктен  пайда  бола  бастағандығы  партия  ұйымдарында, 
партияның төменнен  жоғарыға дейінгі әр  түрлі басшы  буындарында  шамамен 
жетпісінші  жылдардың  орта  кезінен  бастап  пісіп-жетіле  бастаған  еді. 
Партиялық  жұмыстың  барған  сайын  көзбояушылыққа  (формализмге)  ұрынып 
бара  жатқаны,  дүмшелік  құрғақ  сөздің,  жалған  көрсеткіштердің,  көпірме 
анықтамалардың  көбейіп,  асқына  түскені  тап  сол  кезде  байқала  басталып, 
партияда  қалыптасқан  жұмыс  істеу  тәсілін,  оның  бар  мән-мағанасын  және 
салдарын  толық  ашып  көрсеткен.  Партия  ұйымдарының  хатшыларын  есеп 
бергенде оның мүшелерінің партия жиналыстарына қатысуын  жала көрсетуге, 
саяси оқудың ұйымдастырылған әр түрлі түрлеріне СОКП мүшелерін ғана емес, 
сонымен қатар партияда жоқтарды да түп-түгел қамтуға, ешкімге де қажеті жоқ 
түрлі  қағаздар  мен  анықтамаларды  тау-тау  етіп  жасауға  мәжбүр  ете  бастады. 
Өмірде  бар  адамдардың  арасындағы  жанды  жұмыс  екінші кезекке ысырылды. 
Партия ұйымдастыру жұмысындағы басты нәрсе дер кезінде және сауатты есеп 


беру,  дер  кезінде  ақпарат  беру  болды.  Олардың  жұмысына  аудандық  пратия 
комитеті жіберген қағаздарына қарай баға беретін болды. Партия ұйымдарына 
басшылық  жасаудың  нәзік  әкімшілік  тәсілдері  неғұрлым нық орныға бастаған 
сайын,  оның  барлық  қызметіндегі  жанды  мазмұн  соғұрлым  жойыла  түсті. 
Кейбіреулер  бұған  тез  бейімделіп  те  алды.  Партияға  кіруге  мансапқорлар 
ұмтыла бастады. Жағдайдың бұлай өзгере бастауы жұмысшылардың СОКП-ға 
деген  көзқарасына  да  әсер  етті.  Партия  қатарындағы  жұмысшылар  санын 
жасанды түрде реттеуге жол ашылды. 
Елде  белгілі  бір  өзгерістер  жасамауға  болмайтындығын  1985  жылы 
билеуші партияның Бас хатшысы болған М.С.Горбачевта жақсы сезінді. Соның 
тікелей  бастамашылығымен  КОКП  Орталық  Комитетінің  1985  жылғы  сәуір 
Пленумында  елде  “қайта  құру”  бағдарламасын  іске  асыру  арқылы  қоғамды 
одан  әрі  дамыту  туралы  шешім  қабылданды.  Оның  аяғы  немен  тынғандығы 
тарихтан  жақсы  белгілі.  Басқа  емес,  сол  басқарушы  партияның  Бас 
хатшысының  тікелей  өзінің  бастауымен  және  Орталық  Комитеттің 
мақұлдауымен  елді  “қайта  құру”  бағытында  басталған  нақты  іс-шаралар,  көп 
ұзамай  ондаған  жылдар  бойы  қалыптасып,  әбден  қатып-семген  әміршілдік-
әкімшілдік  жүйенің  бір  топ  жоғарғы  басшылығының,  “қытай  қорғанындай” 
мызғымас  қарсылығына  тап  болды.  Қортындысында  1991  жылдың  күзінде 
КСРО  мемлекет  ретінде  өмір  сүруін  тоқтатты.  Ал,  М.С.Горбачев  КСРО-ның 
тұңғыш және соңғы Президенті ретінде тарихта қалды. 
КСРО  сияқты  алып  империяның  іргесін  шайқалтқан  1985  жылғы  сәуір 
пленумы  туралы  содан  тура  20  жылдан  кейін  баршаға  танымал  “Еуразия 
жүрегінде”  атты  еңбегінде  Н.Ә.Назарбаев  нақ  сол  жылы  М.Горбачев  мәңгі 
мызғымастай  көрінетін  Кеңес  Одағының  тағдырына  шешуші  ықпал  еткен 
бағдарламаны өзі бастап қолға алғаны белгілі болды. Кеңес Одағының қуатты 
әлеуетіне  кәміл  сенетіндіктен,  КОКП  Орталық  Комитетінің  сәуір  1985  ж. 
пленумын, сол пленумдағы М.С.Горбачевтың кеңес қоғамын ауқымды тұрғыда 
жаппай  қайта  өзгерту  қажеттігі  туралы  тосын  идеясын,  “қайта  құру”  деген 
қарапайым  ғана  аталып,  жалпақ  жұртқа  жария  етілген  әйгілі  баяндамасын 
қалың бұқара үлкен сеніммен қабылдады. Оның өзі де қоғамға үлкен өзгерістер 
қажет екендігін ұғынтты. 
Жоғарғы  басшылықтың  қандай  да  болмасын  өзгеріске  жанталаса  қарсы 
тұру  себебі  туралы  Н.Назарбаев  өз  еңбегінде:  “1985  жылы  СОКП  Орталық 
Комитеті сәур Пленумының шешімдерін жан жүрегімен қабылдаған және оған 
шын ықыласымен  сенген  адамдардың  ең  ізгі  ниеттері қасарысқан  қарсылыққа 
неге  душар  болғанын  мен  кейінірек  қана  түсіндім.  Қоғам  мен  халықтың 
мүдделерін  ондаған  жылдар  бойы  ең  жоғарғы  мақсат  ретінде  көпірме 
сөздермен  жариялап  келген  әміршілдік-әкімшілдік  жүйенің  ат  төбеліндей  аз 
ғана  тобы  өздерінің  іс-әрекеттерін  бір  ғана  нәрсеге  -  өздерінің  жағдайларын 
нығайтуға  жұмсап  келді.  Сондықтан  да  салтанатты  түрде  отырып  алып, 
көркейіп  өсе  түскен  топ  ол  жүйеге  ең  кішкентай  сызат  түсіруге  қаблетті 
нәрсенің  бәрі  де  мейлінше  нақты  адамдардың  қаймағы  бұзылмай  отырған 
тыныш өміріне қатер төндіру болып табылады деп негізсіз есептеген жоқ” - деп 
кезінде анық жазған. 


Н.Назарбаев  еңбектерінде  елде  басталған  “қайта  құрудың”  берген 
алғашқы нәтижелеріне талдау жасай отырып, КСРО-ның құлауына алып келген 
саяси  себептердің  көріністері  туралы  өте  құнды  пікірлер  айтқан.  Ол  соңғы 
жылдары “қайта құру” деген сөз өзінің құнын әдәуір түсіріп алды десек, мұның 
өзі  айтарлықтай  жаңалық  бола  қоймайды…  Ендігі  жерде  бұлай  өмір  сүруге 
болмайды  деп  алғаш  рет  айтылған  кезде,  жұрт  бұған  әбден  келіскен  болатын. 
Өйткені  ендігі  жерде  шындығында  да  бұлай  өмір  сүруге  болмайтынын  әрбір 
адам  жақсы  түсінген  еді.  Демократияландыру  мен  жариялылық  бағыты 
жарияланған  кезде,  жұрт  мұны  да  қолдады.  Өйткені  ауасы  бұзылған  бұрынғы 
ахуалда  тыныс  алудың  өзі  барған  сайын  қиындай  түскенін  бәрі  де  түсінді. 
Алғашқыда көптеген адамдар сөз бостандығына, пікір білдіру еркіндігіне толық 
қол жетсе-ақ болды, өміріміз бен экономикамыз өз-өзінен оңалып жүре береді 
деп  те  ойлады.  Бірақ,  демократияландыру  мен  жариялық  қайта  құрудың 
мақсатынан гөрі оның маңызды құралы екені, ал бұл құралды дұрыс пайдалана 
білуді  үйрену  қажет  екені  көп  ұзамай-ақ  айқын  болды.  Мемлекеттік  және 
экономикалық құрылым негіздерімен тікелей айналысуға кезек келгенде әбден 
абыржу  келді.  Неден  бастау  керек,  нені  керексіз  деп  қиратып,  лақтырып 
тастауға  болады,  нені  сақтап,  нені  жаңадан  салуымыз  керек  екенін  ешкім  де 
жөнді  білмеді.  Пікірлер  бір-біріне  қарама-қайшы,  қызу  әрі  ымырасыз  бола 
бастады.  Батыл  өзгерістер  жасау  қажеттілігін  бірінші  болып  мәлімдей  отырса 
да,  партия  қоғамға  қайта  құрудың  біртұтас  және  сындарлы  бағдарламасын 
ұсына  алмады  өйткені  СОКП-да  нағыз  ақыл-ой  орталығы  тапшы  болатын. 
Партияның  орасан  зор  қызметшілері  болғанымен  ірі  ғылыми-оқу  мекемелері 
атам  заманғы  қасаң  қағидаларынан  айырылмай,  аппараттың  ұсақ  мүдделеріне 
ғана қызмет етуді одан әрі жалғастыра берді,  замануи ғылыми және қоғамдық 
ақыл-ойдан мүлдем артта қалып қойғаны аян болды. 
Ал  1996  жылдың  басында,  яғни  КСРО  құлағаннан  кейін  4  жылдан  соң, 
жарық  көрген  Н.А.Назарбаев  “Ғасырлар  тоғысында”  атты  кітабында,  КСРО-
ның  құлауының  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  себептерін  көрсетіп, 
оларға талдау жасады және өз пікірін толығырақ жария етті. Мысалы, ол КСРО-
ның құлауына қатысты сол жылдары айтылып жүрген әр түрлі пікірлердің бар 
екендігі  туралы:  “КСРО-ның  құлау  себептері  жайындағы  әр  алуан  пікірлер, 
негізінен,  екі  арнаға  тоғысады.  Бірі,  КСРО  өздерінің  бірден-бір  идеологиялық 
және  геосаяси  бәсекелесінің  көзін  құртуға  тырысқан  сыртқы  және  ішкі  іріткі 
күштердің  бірлескен  қимылы  нәтижесінде  болса;  екіншісі,  бұл  әлдеқашан 
математикалық  дәлдікпен  жете  мөлшерленген,  ешқандай  объективті  де 
субъективті де себепсіз-ақ, тап осы кезеңде қалай да болмай қоймайтын заңды 
құбылыс  еді.  Әрине,  бұл  екеуі  –  бір-біріне  еш  қиыспайтын  ең  кереғар 
көзқарастар деген талдау жасаған. 
Н.Ә.Назарбаевтың  тұжырымынша  Кеңестер  Одағы  ақпараттық  және 
мағыналық шабуылды күшейтіп, жүйелі түрде іргесін сөге беруді көздеген көп 
жылғы  іріткі  әрекеттің  нәтижесінде  құлады  дейтін  пайымдаудың,  аясында 
талдағанда  көбірек  қисынға  келіңкірейтіні  ақиқат.  Дегенмен,  ол  қауіпсіз  де 
пікір  емес.  Ондай  пікірдің  астарында  не  жатқандығы  туралы  Президент  егер, 
КСРО  геосаяси  бәсекелестерінің  ақпараттық  шабуылы  нәтижесінде  құлаған 


болса, ТМД-ның ешбір елінің тәуелсіз дамуының келешегі жоқ болып шығады. 
Басқаша  айтқанда,  бұл  мемлекеттер  орасан  ақпараттық  шайқастың  орнында 
қалған мүгедек мүсіндер болып шығады. Талайға дейін естерін жиып, етектерін 
жаба алмайды. Бұл пікірдің төркінінде, ондай мемлекеттер не одан әрі өз-өзінен 
күйреп жоғалуға тиіс, не қайтадан бір мемлекеттің қатал уысына бірігуі керек 
деген түйінді дәлелдейді. 
КСРО-ның  құлауын  таза  ішкі  процесс  ретінде  қарастыратын  екінші 
пікірдің де көңілге қона бермейтіндігі туралы Н.Ә.Назарбаев, екінші жағынан, 
ТМД  елдерінде  болып  жатқан  өзгерістер  –  ешқандай  реформа  емес,  саналы 
түрдегі бүлдіру мен күйрету деген пікірдің де еш қисыны жоқ.  Бүлдіру болса, 
нені бүлдіру? – деген сұраққа ой бұрады. 
Оның  үстіне,  КСРО-да  қоғамдық  ғылымдардың  дамуының  соншалықты 
мардымсыз  болуы,  мемлекеттің  құлағанына  біршама  уақыт  өтсе  де  құлаққа 
кіретіндей  түсініктемені  ешкімнің  айтып  бере  алмай  жүргендігі  де  оған  әсер 
еткен.  Демек, 
зерттеушілер 
КСРО-ның 
ыдырау 
себептері 
туралы 
Н.Ә.Назарбаевтың  “Ғасырлар  тоғысында”  атты  еңбегінде  айтқан  пікірлерін, 
келтірген  дәлелдерін  КСРО-ның  күйреу  тарихының  дерек  көздері  ретінде 
пайдалана алады. Сондықтан тарихымыздың аса бір күрделі құбылысы сырын 
ашуға көмектесетін дәйектер ретінде сол пікірлерге тоқталайық. Н.Ә.Назарбаев 
бұл  оқиғаларды  “ақпараттық  соғыс”,  “элита  сатқындығы”,  “психологиялық 
шабуыл”  сынды  арзанқол  терминдермен  түсіндіру  орынсыз  дей  келе,  оның 
төрінде  жатқан  күрделі  себептеріне  талдау  жасаған.  Сол  себептерді  тәуелсіз 
тарихымыздың ширек ғасырлы сапары аясында мынадай ретпен тұжырымдаған 
жөн болар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет