ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 «өмір философиясы» және оның негізгі түрлері



Pdf көрінісі
бет208/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   382
7.2. «өмір философиясы» және оның негізгі түрлері
Философияның Шопенгауэр мен Кьёркегор әзірлеген классикалық 
емес жаңа формаларының еуропалық философияның кейінгі дамуына 
ықпалы айтарлықтай күшті болды. Нәтижесінде, «өмір философия-
сы» деген атқа ие болған тұтас бір бағыт пайда болды. Онда жарқын 
өкілдері В.Дильтей мен Г.Зиммель болып табылатын шын мәніндегі 
«өмір философиясын»; «шығармашылық даму философиясын»
(А.Бергсон); 
«ерік пен билік» философиясын
(Ф.Ницше) ажыратуға 
болады.
Бұл бағыттың ізбасарлары өмірді қалпына келтіру және ұғыну мә-
селесін қолдады. Олардың көзқарастары бойынша, логикаға негізделген 
рационалдық дискурс, теориялық-танымдық сызбанұсқалар, эконо-
микалық, саяси, құқықтық және т.б. зерттеулер адамның ішкі жан 
дүниесін жүдетіп, уайымға түсіріп, тыныштығын кетіреді. Сондықтан 
Жаңа заман ағартушыларының қоршаған әлемді тану және өзгерту 
негізінде адамның ақыл-есі жер бетінде бақытты өмір орната-
ды дейтін негізгі ұстанымы сол уақыттарда сынға ұшырай баста-
ды. Сол себепті «өмір философиясының» жақтаушылары 
болмыс
санатының орнына, бірінші орынға 
«өмір»
түсінігін қояды. Егер бол-
мыс статикалық (орнықты) болса, онда өмір – бұл өне бойы қалыптасу, 
өзгеру. Оны ұтымды таным арқылы беруге болмайды. Оған уайым, 
біреудің қайғысын бөлісу, түйсік, сүйіспеншілік арқылы жетуге бо-
лады. Ф.Ницшенің айтқанына сенсек, болмыс деген мүлдем жоқ, шын 
мәнінде өмір болып табылатын қалыптасу ғана бар.


231
Бұл бағыт аясында философтар өмірдің әртүрлі түсініктерін 
берді: өмірдің 
табиғаттық-биологиялық түсінігін
жақтаушылар оны 
түйсікпен, өмір сүруге құлшынумен, ерік-жігермен теңестірсе
тари-
хи түсіндіру
– өмірді адамның күйзелістеріне, тұлғаның нақты-тарихи 
дәуір мәдениетімен байланысқан ішкі жан дүниесіне балайды. 
Панте-
изм
1
тұрғысынан өмір әлдебір ғарыштық, әр кезде өзінің әртүрлі фор-
маларын тудыратын әлеуетті күш ретінде түсіндіріледі.
«Өмір философиясының» алғашқы өкілдері – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет