ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет345/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   382
еңбек құралдарын 
жасауы және жүйелі түрде пайдалануы
болды. Сөйтіп, материалистік 
философияда сананың пайда болуы қоғам мен адамның өздерінің 
антропосоциогенез
деп аталған шығу тегімен тығыз байланыста 
қарастырылады. Бұл үдерістің терең мәні өмірдің қалыптасуының 
биологиялық формадан 
әлеуметтік
формаға 
секіруінде
жатыр.
Ондай мүмкіндік климаттың өзгеруіне, ормандардың сиреуіне, 
соның нәтижесінде маймылдардың жерге 
түсуге мәжбүр болғанына 
байланысты ашылды. Артқы аяқтарымен тұрып, олар алдыңғы 
аяқтарын босатып, жемісті қағып түсіру немесе жауларынан қор-
ғану үшін, олармен құрғақ бұтақтарды, тастарды ұстайтын болды. 
Мыңжылдықтар өте келе, маймылдардың алдыңғы аяқтары адам-
дардың қолдарына ұқсай бастады.
Ф.Энгельс атап айтқандай, еңбек құралдарын жасау және жүйелі 
түрде пайдалану бұл үдерісте шешуші рөл атқарды. Олай болса, бұл 
үдерісті ойша қайта құрып көрейік. Ең қарапайым тас құрал – «ашель 
шапқысы».
1
Сырттай сәбізге ұқсайтын бұл құралдың төменгі бөлігі 
сүйір болып келеді. Ондай құралды жасау үшін, тасты тасқа ұра оты-
рып, құралдың қарадүрсін кейпін қашанда есте сақтау керек, онсыз 
құрал жасау мүмкін емес; екіншіден, лайықты тасты табу үшін, өзен 
бойын жағалап ұзақ жүру керек; үшіншіден, ол тасты басқа таспен 
ұрып, оны өңдеу қажет; бұл 
аңғарымдылық
пен 
сақтықты
дамыта-
ды: ақырын ұрсаң – тас сынбайды, қатты ұрсаң – қақ айырыла сына-
ды. Сонда 
өкінішке
ұқсас 
сезім
пайда болады. Ол өзін өзен жағасына 
баруға итермелеп, қайтадан лайықты тас іздеуге мәжбүр болады, – 
ерік-
жігер
дамиды. Енді ол мақсатына жетеді, – құрал дайын, оның бойын-
да 
қуанышқа
ұқсайтын 
сезім
пайда болады. Бірақ егер құралдың шет-
шеті біркелкі шабылмаса, ол пайдалануға қолайсыз болып, тез сынады. 
1
«Ашель шапқысы» – палеолит дәуіріндегі адамдардың тастан жасаған еңбек құралы 
Франциядағы Сент-Ашель деген жердің атымен аталған.


389
Содан кейін ол басқасын, қолайлырағын жасайды. Құралы ыңғайлы
ұзақ пайдалануға жарамды болып шыққан соң, оның бойын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет