ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет346/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   382
әсемдікке
жақын 
ерекше сезім
билейді. Келесі жолы симметриялық үйлесімді 
пішін, айталық, қарағайдың бұтағы оның пайдалануына байланыссыз, 
соған ұқсас қуанышты сезім оятады, ол кейіннен ғасырлар өткенде, 
сұлулық сезіміне айналады.
Сонымен, тіпті ең бір қарабайыр құрал жасаудың өзі адамның бой-
ында 
ақыл, зерде, ерік
қасиеттерін дамытып, тіпті әуелі эстетикалық 
сезімдерді оятады.
Еңбек құралдарын жасау және 
бірлесе
аң аулау барысында 
әлдебір қашықтыққа маңызды 
ақпарат
жеткізу қажеттігі туады. Әлі 
сөйлей білмегендіктен, алдымен 
аяқ-қол, бет қимылдары, дене 
қозғалыстары
пайда болады. Соған байланысты би – өнердің ең 
ертедегі түрі деп айтуымызға болады. Ал бір немесе басқа сезімдер 
қуанышты немесе мұңды дыбыстар шығару түрінде берілетін. Кейіннен 
ғұлама адамдар сөздерді ойлап таба бастады, заттарды көрсете оты-
рып, сөздерді қайталап айта берген соң, – содан тіл шықты. Әлемнің 
түкпір-түкпірінде пайда болған әртүрлі тілдер – табиғат үндеріне, 
әсіресе құстар мен аңдардың үндеріне құлақ түрудің нәтижесі. Ең 
болмағанда, бізге солай көрінеді.
Бұл үдерісте отты игеруді және пайдалануды асыра бағалау мүмкін 
емес. Отқа пісірілген тамақ, әсіресе ет мидың көлемінің жедел өсуіне 
жеткізді. Екінші жағынан, бүкіл ас қорыту жүйесі өзгерді. Аңның 
ақсиған азуының қажеті болмай қалды, жақ сүйектері адамдық кейіпке 
келе бастады. Үңгірді жылыту үшін отты пайдалану денедегі жүннің 
азаюына келтірді.
Адам мен қоғам бірге пайда болғандықтан, әлеуметтіктің алғашқы 
формаларының пайда болуы жолымен жүріп көрейік. Алғашқы үйір, 
әлбетте, жартылай биологиялық және жартылай әлеуметтік құрылым 
болып табылады. Антропологтардың ойынша, 40-50 мың жыл бұрын 
үйір-үйір
болып өмір сүруден қоғам өмірінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет