Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Жат зат көзге түскен кездегі алғашқы көмек



бет259/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   264
Жат зат көзге түскен кездегі алғашқы көмек

Көзге түскен жат заттарды мақтамен немесе дәкемен стакандағы су ағысымен, ауыз су фонтанын көздің сыртқы бұрышынан (шекеден) ішкі қуысына (мұрынға) қарау бағыттай отырып жуған дұрыс болады. Көзді уқалауға болмайды.



Жат зат тыныс алқымына түскен кездегі алғашқы көмек

Жат зат (мысалы, тамақтың тілімі) тыныс алқымына түскен, бірақ есін жоғалтпаған, тұншығып жатқан зардап шегуші мүмкіндігінше дереу дәрігерге қаралуы керек. Қандай да бір жауырын арасының жанын қысу немесе ұру тыныс алу жолдарын толығымен тығындап қалу мүмкіндігіне байланысты қауіпті. Тыныс алу жолдарының жартылай тығындалуы кезінде жат затты алып тастау жөтелу немесе қақыру арқылы мүмкін болады.

Есі бар немесе оны ессіз жатқан зардап шегушінің тыныс алқымына жат заттың түсу фактісін анықталған, беттің тез көгеруі байқалған, жөтелу тиімсіз болған және толық тығындалып қалған (жөтел болмаған) кезде тиімді болып саналатын қандай да бір іс-әрекет әрқашанда ақталады, себебі бұл «үміт үзбеу» болып табылады. Мұндай жағдайда зардап шегушіні басы алдыға қарай еңкейіп тұрған немесе ішімен жатқан кезде жауырын арасының жанына білекпен үш – бес рет жайлап ұрады. Егер бұл көмектеспесе, түрегеп тұрған зардап шегушіні арқасынан қысып, көмек көрсетушінің қолы қуықтың соқыр ішек өсіндісі мен кіндік арасындағы жеріне қойылып, зардап шегушінің ішін бірнеше (үш - бес) рет тез басады. Мұндай әрекетті зардап шегуші арқасымен жатқан кезде де жасауға болады: қолдың алақандарын қуықтың соқыр ішек өсіндісі мен кіндік арасына қойып, ырғақты түрде (3-5 рет) ішті басады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет