Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Есінен тану, жылу мен күн өткен және улану жағдайларында көрсетілетін алғашқы көмек



бет260/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   264
7.12 Есінен тану, жылу мен күн өткен және улану жағдайларында көрсетілетін алғашқы көмек

Есінен талу кезінде (бастың айналуына, жүректің айнуына, өкпесі қысылғанда, ауа жетпегенде, көзі қарауытқан кезде) есінен тану кезінде кенеттен мидан қан кететін болғандықтан зардап шегушінің басын денесіне қарағанда төмендеу қылып жатқызады. Зардап шегушінің киімін шешіп, оған суық су ішкізіп, мұсатыр спиртін иіскетеді. Басына суық және мұзды таңғыштар қойылмайды. Беті мен кеудесін суық сумен сулауға болады. Осы әрекеттерді зардап шегуші есінен танғаннан кейінде жасауға болады.

Жылу мен күн өткен кезде қанның миға құйылуы болады. Осының нәтижесінде зардап шегуші кенеттен әлсіреуді, бас ауыруын сезеді, құсып, оның дем алуы үстірт болады. Мынадай көмек көрсетіледі: зардап шегушіні сыртқа немесе ыстық бөлмеден шығару не күннің көзінен көлеңкеге, таза ауа жеткілікті түрде кіретін салқын бөлмеге апарылады. Оның басы денесінен биіктеу қылып жатқызып, дем алуға кедергі келтіретін киімін шешіп, басына мұз немесе салқын таңғыш тағып, кеудесін салқын сумен сулап, мұсатыр спирті иіскетіледі. Егер зардап шегуші есін жоғалтпаған болса оған 15-20 тамшы шүйіншөптің тұнбасын стаканның үштен бір бөлігіне тамызып ішкізіледі.

Егер дем алуы тоқтаса немесе әлсіз болса және тамырының соғуы сезілмесе, дереу қолмен дем алдыруды және жүрек сыртынан массаж жасауды бастап дәрігер шақыртылады.

Газбен, сонымен қатар иісті, ацетилен, табиғи газбен, жанармайдың буымен және сол сияқтылармен улану кезінде бас ауыруы, «шекенің соғуы», «құлақтың шулауы», жалпы әлсіздік, бас айналу, жүректің қатты соғуы, жүректің айнуы мен құсу пайда болады. Қатты улану кезінде ұйқышылдық, көңілсіздік, немқұрайдылық, ауыр улану кезінде – ретсіз қозғалысты қозушылық, дем алудың болмауы немесе тоқтауы, көз қарашықтарының ұлғаюы орын алады.

Барлық уланған жағдайда зардап шегушіні уланған аймақтан дереу көтеріп не ертіп шығарып, дем алуға кедергі жасайтын киімін ағытып, таза ауаның кіруін қамтамасыз етіп, оны жатқызып, аяғын көтеріңкіреп, үстін жылырақ жауып, мұсатыр спирті иіскетіледі.

Ессіз жатқан зардап шегушінің құсуы мүмкін, сондықтан оның басын бір жағына қарай бұру қажет.

Дем алу тоқтаған кезде дереу қолмен дем алдыруды бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет