Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Егер сiз көпшiлiк жүретiн орындарда болсаңыз



бет32/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   264
Егер сiз көпшiлiк жүретiн орындарда болсаңыз:

- сабыр сақтаңыз, дүрбелең-үрей туғызбаңыз, шығуға асықпаңыз, адамдардың жолына кедергi жасап, кептеме туғызбаңыз, аурулар мен мүгедектерге көмектесiңiз;

-  әкiмшiлiк нұсқауларын орындаңыз.

Жер сiлкiнiсi кезiндегі іс-әрекеттер

- алғашқы дүмпу кезiнде 1-ші қабаттың тұрғындары ешбiр дүрбелең-үрейсiз ғимараттан шығуға, ал одан жоғары тұратындар бастарын қолымен ұстап, салыстырмалы қауiпсiз орынға баруға тиiс;

- дүмпу   аяқталған  бойда  арқаңызды   қабырғаға сүйей отыра баспалдақ арқылы ғимараттан тез шығып кетiңiз. Газды, суды, электрдi ажыратуға тырысыңыз, өзiңiзбен бiрге құжаттарды, ақшаны, заттарды, дәрі қобдишасы салынған жол қабын алыңыз, есiктi кiлтпен жабыңыз;

- егер көршi пәтерде балалар мен қарт адамдар қалса, олардың көшеге шығуына көмектесiңiз. Сол жерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетiңiз;

- ғимараттан, электр желiлерiнен алысырақ кетiңiз. Белгiленген жиналатын орынға барыңыз. Үзiлген ток өткiзгiштен (электр сымынан) сақтаныңыз, оған балаларды жiбермеңiз;

- рөлде отырғанда ашық жерге тоқтаңыз. Дүмпу аяқталғанша машинадан шықпаңыз. Қоғамдық көлiкте  отырған  орындарыңызда қалып,  дүмпу аяқталғаннан кейiн жүргiзушiден есiктi ашуды өтiнiп, итерiспей шығып кетiңiз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет