Айналым қорларының айналымдылығын жетілдіру жолдары
Дәріс 4. Кәсіпорынның еңбек ресурстары. 1.Еңбек нарығы: мәні мен қызмет ету механизмі.
2.Еңбек ресурстары түсінігі, олардың құрамы мен құрылымы,
3.Еңбек өнімділігі және оны анықтау әдістері. Еңбек өнімділігі арттыру факторлары.
Қоғамдық байлықтың негізгі кілті және адамзаттың материалдық игіліктер мен рухани байлықтарын қалыптастырудың басты факторы еңбек болып табылады. Ол адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзгерушілікке және табиғат заттарының бейімделуіне бағытталған адамның іс-әрекетін көрсетеді.
Еңбек нарығы өз алдында жұмыс күшін шығаруға арналған еңбекке жеке қабілеттіліктің ауысымы үрдісіндегі қатынастар жүйесін білдіреді. Еңбек нарығы ұсыныс пен сұраныс категорияларына негізделеді. Сұраныс жұмыс берушілер аумағындағы жұмыс күшіне қажеттілікті анықтайды. Жұмыс күшінің ұсынысы нақты аймақ халқының біріккен еңбекке қабілеттілігіне байланысты қалыптасады.
Жұмыс күшіне сұранысжұмыс орындарының болуы; мемлекет экономикасындағы жүйелі өзгерістері; инвестициялық потенциалы және оның өнімділік құрылымы сияқты факторлар жиынтығымен анықталады.
Жұмыс күшінің ұсынысы өз кезегінде еңбекке қабілетті халық санының болуына, жалданбалы жұмыскерлер немесе кәсіпкерлердің демографиялқ жағдайы; еңбек мотивациясына әсер ететін, өмір сүру минимумы және ақшалай табыстардың қатынасы; жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы және қоғамның қаржылық мүмкіндігіне байланысты.
Еңбек нарығының 2 типі бар: ішкі және сыртқы. Ішкі нарық кәсіпорын ішіндегі кадрлар қозғалысына негізделеді. Ішкі нарық шеңберінде жұмыс орнындағы жағдайлар мен төлемақы әкімшілік ережелермен реттеледі.
Сыртқы еңбек нарығы өндірістің циклдық дамуының қажеттілігіне жауап берсе, ішкі нарық экономикадағы құрылымдық өзгерістерге сәйкес келеді.
Еңбектің тиімділігі табиғи-климаттық жағдайға және жер ресурстарының сапасына тәуелді
Еңбекті пайдалануға өндірістің маусымдылық сипаты ықпал етеді
Аграрлық еңбектің ерекшеліктері:
ауыл шаруашылығында адамның бірнеше еңбек функцияларының атқаруы;
ауылшаруашылығындағы еңбек тірі организмдерді (малдар, өсімдіктер) пайдаланумен байланысты;
өсімдік және мал шаруашылығында еңбек процестерін механизациялаудың салыстырмалы түрде деңгейінің төмен болуы;
өсімдік және мал шаруашылығында еңбек процестерін механизациялаудың салыстырмалы түрде деңгейінің төмен болуы;
ауылшаруашылығындағы еңбек адамдарды көп тартпайды (ауа-райы жағдайы, жауын-шашын, шаң-тозаң, күн радиациясы).
Қолданылатын заңдарға сәйкес елімізде, республикада, шаруашылықта бар жұмыс күшінің саны және қоры олардың практикалық қызметінде еңбек ресурстары деген терминмен аталады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар: ер адамдар 16-дан 63 жасқа дейін, әйел адамдар 16-дан 58 жасқа дейінгілер жатады. Сонымен қатар еңбек ресурстарының құрамына ауылдық жерде тұратын еңбекке қабілетті зейнеткерлер мен жасөспірімдер кіреді.
Өндірістің тиімділігінің өсуі және еңбектің соңғы нәтижелілігі кадр біліктілігінің деңгейі мен еңбек ресурстарын қолдану деңгейіне тура тәуелді болады. Еңбек ресурстарының ең іскерлі және қоғамдық белсенді бөлігі жұмыс күші болып табылады. Жұмыс күші түсінігімен адам ие болатын және керекті тауарлар мен қызметтерді өндіретін физикалық және рухани қабілеттілігі жиынтығы мағынасын түсіну керек.
Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі экономикалық категориялардың бірі- еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өнім көлемі мен еңбек шығыны арасындағы ара қатынасты көрсетеді. Еңбек өнімділігі нақты адамның жұмыс уақытында тұтыну құнын жасауға қабілетті екенін көрсетеді. Жұмыс уақытының бір бөлігінде неғұрлым көп өнім өндірілсе, немесе өнім бірлігін өндіруге неғұрлым уақыт аз жұмсалса соғұрлым еңбек өнімділігі жоғары болады.
Ауылшаруашылығында еңбек өнімділігі динамикасы мен деңгейін анықтау үшін көрсеткіштер қолданылады: толық көрсеткіштер.
1.Еңбек өнімділігнің тікелей көрсеткіштері.