Бақылау сұрақтары Еңбек ресурстары түсінігі, еңбек ресурстарының құрамы
Еңбек нарығының мәні
Кәсіпорындарда еңбек нарығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар
Жұмыссыздық түсінігі және жұмыссыздық деңгейі
Жұмыссыздықтың түрлері
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері, экономикалық мазмұны
Еңбек өнімділігін арттырудың жолдары
Дәріс 5. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу 1. Еңбекақы мәні мен принциптері
2.Жұмыскерлер еңбекақысының нысандары мен жүйелері
3.Еңбекақыны жоспарлау мен мемлекеттік реттеу
1. Еңбекақы (жұмысақы) төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады – еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбекақыны мынадай факторлар анықтайды:
Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны.
Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.
Жұмыскерлердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзінде еңбек өнімділігінің өсуі еңбекақының өсуіндей шапшаң болады.
Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Жұмыскерлердің еңбекақысы – ол өндіріс үрдісіндегі еңбек ресурстарының бағасы. Ол жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты анықталады, оған тән таза нарықтық факторлар еңбек сұранысы мен ұсынысы, нарықта қалыптасқан коньюнктура, аумақтық аспектілер, заңдық нысандар әсер етеді.
Нарықтық экономика жұмыс күші нарығының болуын, еңбек ресурстарының аумақтық ауыстырылуымен, сұраныс бар жерде еңбектің жиналуы және артық ұсыныс сезілгенде, ол жерлерден кетуді ұсынады.
Осы факторлар барлығы нақты еңбекақыны қалыптастырады.
Еңбекақының мәні оның қоғамдық өндіріс фазаларында: өндірісте, үлестіруде, айырбастау және тұтынуда орындайтын функцияларынан көрінеді.