Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет40/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Салымдар объектілері

Қатысу мінезі


Меншік формасы

Инвестициялау кезеңі

Аудандық белгісі бойынша

Ұзақ мерзімді


Ішкі

Нақты


Тікелей

Жанама

Материалдық емес


Жеке

Мемлекеттік

Шетелдік

Біріккен


Қаржылық

Қысқа мерзімді

Сыртқы инвестициялар


Сурет 3. Инвестицияның жіктелуі

Инновациялық қызметті ұйымдастыру келесі негізгі формаларға ие:



  1. корпоративтік құрылым құрамындағы ғылыми орталықтар мен лабораториялар. Олар ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік – конструкторлық жұмысты (ҒЗТКЖ) атқаруға, жаңа өнім мен қызмет түрін игеруге және шығаруға арналған;

  2. белгілі бір ірі және түпнұсқалық ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылған уақытша шығармашылық ғылыми ұжым немесе орталықтар. Қойылған міндетті жүзеге асырғаннан кейін осы ұжымдар немесе орталықтар таратылады немесе қайта ұйымдастырылады;

  3. мемлекеттік ғылыми орталықтар (МҒО) – бір жағынан мемлекеттің стратегиялық ұзақ мерзімді басымдылығын ғылым мен техниканың маңызды бағытын дамытуға, екінші жағынан ғылыми-техникалық қызметтің нақты субъектілерінің экономикалық және әлеуметтік қызығушылықтарының келісуін қамтамасыз етуге арналған қызмет механизмі бар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ерекше түрі;

  4. технопарктік құрылымның әртүрлі формалары (ғылыми технологиялық және зерттеулік парктер, инновациялық, инновациялық-технологиялық және бизнес-инновациялық орталықтар, бизнес инкубаторлар, технополистер).

Технопарк - бұл ғылыми-өндірістік аумақтық кешендер, олардың негізгі міндеті - орта және шағын ғылыми инновациялық фирма-клиенттерді дамыту үшін максималды қолайлы орта жасау. Технопарк құрылымына ақпараттық-технологиялық, оқу, кеңестік, ақпараттық, маркетингтік орталықтар, сонымен қатар өндірістік зона ене алады. Әрбір осы орталықтар әртүрлі кеңес беру, мамандарды қайтадан даярлау жөніндегі қызметтер ұсыну, ақпаратты белгілі бір технология бойынша беру және іздеу жөніндегі жұмыстардан тұратын арнайы қызмет жиынын білдіреді.
Бизнес-инкубатор – бастаушы кәсіпкерге жаңа бастайын деп отырған жеке істерін жүргізу жөнінде мәліметтер беретін, оларға құқықтық, экономикалық және кеңес беру көмектерін жүргізетін ұйым.
Технополистер университет немесе басқа жоғары оқу орындарынан, ғылыми-зерттеу институтарынан, сонымен қатар тұрғылықты аудандардан тұратын ірі, заманға сай ғылыми-өндірістік кешендерді білдіреді. Бұл жерде жаңа ғылыми бағыттар мен ғылыми өндірістерді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Технологиялық жаңалықтардың бір формасы – тәуекелдік бизнес ретінде анықталатын венчурлік бизнес. Венчурлік бизнес ғылыми зерттеудің нәтижесін ғылыми және нәтиже алу кепілдендірілмеген, сонымен қатар тәуекелдіктің үлкен үлесі бар бірінші кезекте жоғары технологиялық облыстарды коммерциялау үшін тән. Венчурлық фирма дегеніміз алдын-ала табысы анықталмаған, яғни тәуекелге барып капитал салу арқылы жаңа технология мен өнімді енгізу және жасақтаумен айналысатын ғылыми-техникалық фирма.
Шағын кәсіпорындар инновациялық кәсіпкерліктің дамуында маңызды рөл атқарады. Өз кезегінде венчурлық бизнес, шағын бизнестегі инновациялық кәсіпкерді ұйымдастыру формаларына қарағанда біршама артықшылықтарға ие – жоғарғы икемділік, серпінділік және басқалары. Венчурлық кәсіпкерлік тәуекелді бөлу және тарату шарттарына негізделеді. Ол өз қаражаты жеткіліксіз идеяның авторларына осы идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Венчурлық бизнес АҚШ-та пайда болып, сол жерде кең тараған. Кез-келген шағын инновациялық бизнес шектелген материалдық және қаржы ресурстарына ие, әлсіз ғылыми-техникалық базасы мемлекет тарапынан тиімді қолдауға мұқтаж. АҚШ-та шағын инновациялық бизнеске мемлекеттік көмек берудің кешендік бағдарламасы жасалған және қазіргі таңда қызмет атқарып отыр. Ол федералды бюджет арқылы шағын кәсіпорынды тікелей қаржыландырудан, осы кәсіпорынды келісім шарт түрінде министрлікпен және ведомоствалармен қаржыландырудан, қолайлы салық заңдылығы мен амортизациялық климаттан құралады. АҚШ-тағы венчурлық бизнестің мәні – инновациялық фирмалар инвесторлармен ұсынылатын қаражаттар арқылы, яғни құрылатын компанияның жеңілдетілген бағасы бойынша акцияларды сатып алумен алмасу арқылы өз идеяларын жүзеге асырады.
Қазақстанда венчурлық кәсіпкерлікті дамыту үшін қажет заттардың бәрі бар. Бірақ та келешекте алдымен құнды қағаздар нарығын және интеллектуалды қазақ нарығына шетелдік фирмалардың енуін қарынды түрде арттыру қажет. Мұндай ену тікелей экспансия сипатына ғана ие емес, сонымен қатар отандық инновациялық жобаларға инвестиция құю формаларына да ие болады. Оның біреуі – мемлекеттік интеллектуалды меншікті жасырын түрде жекешелендіру, яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметкерлері шағын инновациялық бизнеске өтуі. Қазақстандық кәсіпкерлердің маңызды инвестицияны талап етпейтін жаңалықты енгізумен айналысатынын айта кету керек.

  1. Бақылау сұрақтары:

  2. Кәсіпкерлікпен жаңашылдық арасындағы байланыс немен анықталады?

  3. «Инновация» және «инновациялық кәсіпкерлік» ұғымдарының мәнін ашыңыз.

  4. Инновациялық кәсіпкерліктің қандай ұйымдастырылған-құқықтық формасын білесіз және олардың мәні неде?

  5. Инновациялық қызметте шағын кәсіпорын қандай рөл атқарады? Ірі компания алдында оның ерекшелігі қандай?

  6. Ғылыми зерттеулер мен жасақтарда ірі және шағын кәсіпорынның өзара бірге қызмет етуі қалай жүзеге асады?

  7. Инновациялық жобаның тиімділігін бағалау кезіндегі маңызды көрсеткіштер мазмұнын ашып, мысал келтіріңіз.

  8. Инновациялық коммуникацияның мәні неде?

  9. Инновациялық процесті ұйымдастырудың базалық формасын атаңыз және талдаңыз.

  10. Қазақстанда қызмет ететін инвестициялық институттарды атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет