Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет51/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Бақылау сұрақтары:

  1. Өнімнің бәсекеге қабілеттік көрсеткіштерімен, оның бәсекелестік артықшылықтары арасында қандай өзара байланыс бар?

  2. Өнім қозғалысының әрбір кезеңінде (жобалау, тікелей өндіріс, сату, эксплуатациялау) бәсеке қабілеттілік қалай қалыптасады?

  3. Өнімнің бәсекеге қабілеттігіне кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасының қандай факторлары әсер етеді?

  4. Кәсіпорынның нақты өнімінің артықшылығы оған ұқсас өнімнен қалай ерекшеленеді?

  5. Қазіргі жағдайда кәсіпорында өнімнің бәсекеге қабілеттігін жоғарылатудың қандай жаңа мүмкіндіктері пайда болды?



10-тақырып. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері.
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары.
2. Кәсіпорын қызметін қаржыландырудың көздері.
3. Кәсіпорынның табысы және пайда, түрлері.
4 Өндіріс рентабельділігі.

Кәсіпорын қаржысы– біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.

Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар – ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар — ақша қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формалары айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің еңбек бөлінісінің дәрежесі әр түрлі, дербес кәсіпорындарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін айқындайды. Жекеленген тауар өндірушілер өздерінің еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды немесе тауардың құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар – ақша қатынастары болып табылады.

Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға қолданады. Кәсіпорындар, ұйымдардың дұрыс жолға қойылған қаржысынсыз экономикалық дамуы мүмкін емес. Кәсіпорындардың қаржысы халық шаруашылығын басқару жүйесінің, экономиканы өзгертудің аса маңызды құралы. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастармен бірге халық шаруашылығын басқаруға төменгі буындардың шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет