Кәсіпорындардың қаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау тұргын үй – коммуналдық қызметін жүзеге асырушы шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың (оның ішінде ұжымдық шаруашылықтардың халыққа қызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың) қаржыларын қамтиды.
Кәсіпорындар қаржысын бөлу қызметінің ерекшелігі – жиынтық қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және қайта бөліске түсуіне қаржының қатысуын анықтайды. Ақшалай бюджеттер мен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.
Кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына үш қызмет жіктейді:
кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметіне бақылау жасау.
Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеті дербес құрылымдық бөлімшесі—қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржы бөлімінің бастығы тікелей кәсіпорын басшысына бағынады. Қаржы бөлімінің жұмысында пайданы бөлу, өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері маңызды орын алады.
Осыған байланысты, қаржы бөлімінің міндетіне мыналар кіреді:
Қаржылық жоспарында көрсетілген бюджет, материалмен жабдықтаушылар, акционерлер алдындағы, сондай-ақ, басқа да қаржылық міндеттемелерді орындау және есеп айрысуды ұйымдастыру;
Қаржылық, несиелік және кассалық ( қазынагерлік) жоспар әзірлеу;
Қорларды тиімді пайдалану, меншікті айналмалы капитал мөлшерін экономикалық тұрғыдан негізделген нормативтерге жеткізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жобалау, айналмалы капиталдың айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз ету, қаржы ресурстарының дұрыс пайдаланылуын қадағалау;
Дайын өнім үшін есеп айрысуды тиімді түрде ұйымдастыру және өнім сату жоспарының орындалуын, түсетін пайданы үздіксіз қадағалап отыру және басқа да міндеттер.