Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы



бет49/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
Бәсекеге қабілеттілік факторы бәсекені жүзеге асыру әдістерінен туындайды. Осы әдістер бойынша бәсекені бағалық және бағалық емес деп бөледі. Бағалық бәсеке бәсекелестерге қарағанда өнімді арзан бағамен сатуды ұйғарады. Бағалық емес бәсеке бәсекелестерге қарағанда өнімнің ерекшелігімен негізделеді. 1 - суретте кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттігін анықтайтын факторлар көрсетілген.

Бәсекеге қабілеттік факторы

Бағалық


Бағалық емес

Сатып алу бағасы



Эксплуатациялық баға




Сурет 1 - Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар


Бәсекенің әдістеріне сәйкес олар да бағалық және бағалық емес болып жіктеледі.


Бәсекелестерге қарағанда өнімді төмен бағамен ұсыну – кәсіпорында уақыт бірлігіне шаққанда көп өнім өндіруге мүмкіндік беретін, ресурсты шығындау деңгейін төмендететін, өнім өндірісінің шығын деңгейін төмендететін жаңа технологияларды қолдануды білдіреді. Негізгі қордың активті бөлігін уақытында жаңарту, моралды тозудың бірінші түрін болдырмайды; бұл өнім бағасын қымбаттатпай бәсекелестік бағаның артықшылығын сақтайды. Өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандыру жұмысшы күшін босатады және өнім шығынының құрылымындағы еңбекақы төлеу шығынының үлесін азайтуға ықпал етеді.
Өнім шығынын төмендетуге ықпал ететін, демек оның бағасын төмендететін келесі фактор – кәсіпорында логистиканы ұйымдастыру саналады. Соңғы уақытта, логистикаға назар көп бөлінуде және оның себебі – бәсекеде.
Компания жетістігіне, оны басқару мен жабдықтаудың жақсы өңделген логистикалық тізбегісіз қол жеткізу мүмкін емес: өйткені бәсеке талаптары күнен-күнге күшейіп барады.
Тиімді құрылған логистикалық тізбек қажет емес материалдар мен қор қозғалысының кезеңдерін төмендетеді. Мәселен, қоймадағы өндірушілердегі немесе көтерме сатушылардағы дайын өнімнің артық қорын болдырмайды, яғни өнім сатылғанға дейінгі ақша санын азайтады.
Бағалық бәсеке туралы айтқанда, сатып алушыны өнімді сатып алу мен эксплуатациялаумен байланысты кететін толық шығын қызықтырады, яғни берілген өнімді сатып алу бағасы мен оның қызмет етуінің барлық мерзіміндегі эксплуатациялық шығынының тұтыну құны қызықтырады.
Бәсекеге қабілеттіктің бағалық емес факторына мыналар жатады: өнім сапасын қамтамасыз ету, сату маркасы (бренд), өнімді сату каналын ұйымдастыру, жарнама, сатудан кейінгі қызмет көрсету, өнімнің жаңалығы. Қазіргі нарықтық экономикада өнімнің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуде ерекше мәнге сату, логистика, тауар қозғалысы мен сатудан кейін қызмет көрсету шығынын төмендету процесімен байланысты параметрлер ие болады. Өнімнің бәсекеге қабілеттігі фирманың имиджі арқылы көрінеді, яғни оның іскерлік абыройына негізделген сатып алушының осы фирма туралы көзқарасы.
Өнімнің сапасы туралы айтқанда, біз техникалық, эстетикалық және нормативтік параметрлерін ерекшелейміз.
Бәсеке қабілеттілікті талдау кезінде қолданылатын техникалық параметрлер тобына арналу және эргономикалық критерилер параметрі жатады.
Арналу параметрі өнімнің атқаруға арналған функциясы мен оны қолдану облысының техникалық қасиетін анықтайды. Олар арқылы тұтынудың нақты жағдайында белгілі бір бұйымды қолдану арқылы қол жеткізген пайдалы әсердің мазмұнын анықтауға болады. Тауардың техникалық деңгейінің бағасы әсіресе өндірістік-техникалық мақсаттағы тауар мен ұзақ уақыт қолданатын тауар үшін өте маңызды. Жалпы арналу параметрі нақты мемлекетте өнімді пайдалану мүмкіндіктерін толығымен сипаттайды.
Эргономикалық критерилер өнімнің еңбек операциялары мен машинамен өзара байланысын атқару процесінде адам ағзасының қасиетіне сәйкес келуін сипаттайды. Олар гигиеналық, физиологиялық, психологиялық болып бөлінеді.
Эстетикалық параметрлер тұтынушы үшін анағұрлым маңызды, бұйымның сыртқы қасиетін сипаттайтын, оның сыртқы пішінін моделдеу жатады.
Әрбір жеке тұтынушымен ұсынылатын талаптан басқа, барлық өнім үшін ортақ, міндетті түрде орындалуға тиіс талаптар да бар. Бұл нормативтік параметрлер қолданыстағы халықаралық (ИСО, ХЭК және т.б) және аймақтық стандарттармен, ұлттық, шетелдік және отандық стандарттармен, заңнамалық және нормативтік актілермен, экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттің техникалық регламентімен іске асатын, мемлекетке кіргізілетін өнімге қойылатын талаптармен, өнім өндіруші фирманың стандартымен, патенттік құжаттармен жүзеге асырылады. Мысалы, электрлік құралдар желіге жіберілетін қуат мөлшерінде жұмыс істеуі қажет және олар өрт пен жарылыс қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес болуы керек, ал олардың құрылымы жүргізіліп жатқан процестің шарттарымен анықталады.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патенттік тазалығын анықтайды. Егер, талаптың біреуі орындалмайтын болса, онда тауар нарыққа шығарылмайды. Нормативті көрсеткіштер құрамына мыналар жатады: дайын өнім үлесі, заңмен бекітілген қатынастағы жергілікті өндіріс бөлігі мен бөлшектері; өнімді унификациялау дәрежесі мен онда стандартты бөлшектерді қолдануы және т.б.. Нормативтік параметрлерді талдау оң нәтиже берген жағдайда, нақты нарықтағы бәсеке қабілеттікті талдауға ауысуға болады.
Тауардың бәсеке қабілеттігін қамтамасыз етуде коммерциялық критерилердің маңызы зор (сатудың ұйымдық-коммерциялық шарттары) және оларды мынадай топтарға бөлуге болады: тауардың қозғалу тәсілі және тауар қозғалысының факторы: Нақты нарықтағы сауданың әдістері мен формалары, тауарды жеткізумен байланысты сатып алушымен ұсынылатын қызмет көлемі, бағаны кеміту мөлшері, жеткізу мерзімі.
Имидж – бұл қоғамның компанияны немесе оның өнімін қабылдауы. Тиімді имидж тұтынушының өнімді қабылдауына үлкен әсер етеді. Біріншіден, ол сапа мен өнімнің артықшылығы туралы тұтынушы ұсынысының негізінде жатқан «жолдауды» өзімен бірге алып жүреді. Екіншіден, ол бұл жолдауды арнайы түрде солай жеткізеді, бәсекелістердің ұқсас жолдауының ешқайсысы оған әсер етпейді. Үшіншіден, ол эмоционалдық ауыртпашылық артады, сондықтан ол тек ойға ғана емес, сонымен қатар тұтынушының жүрегіне де әсер етеді.
Имиджді қалыптастыру шығармашылық көзқарасты және күрделі жұмысты қажет етеді. Имиджді адамның санасына бір түнде, жарнаманы бір рет көрсету арқылы енгізуге болмайды. Ол тұтынушыға байланыстың барлық каналдары арқылы үнемі тарқатылуы тиіс. Имиджін сақтауда тұрақсыз компаниялар тұтынушыны шатастырады және сол арқылы олардың назарын бәсекелістеріне қарай бағыттауы да мүмкін. Өнім имиджі оны өндіретін ұйымның имиджіне тәуелді, ал корпоративтік имидж іскерлік абыройға, фирманың атауына, логотипіне, символына, қызметкердің киіміне және т.б. байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет