Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет149/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

315-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, тарату, жарнамалау, сол сияқты порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, суреттердi немесе өзге де заттарды заңсыз алып өту немесе сату, -
мүлкi тәркiленiп екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
316-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту
1. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында жасау, сақтау немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу не тарату, жария көрсету немесе жарнамалау -
мүлкі тәркiленіп үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жасы он сегiзге толған адамның порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн орындаушылар ретiнде кәмелетке толмағандарды тартуы, -
мүлкі тәркiленіп бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған;
б) көрiнеу жасөспірімге қатысты жасалған;
в) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған әрекеттер, -
өмір бойы белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкi тәркiленiп бес жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет