Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет151/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

320-бап. Жануарларға қатыгездiк жасау
1. Жануарларға олардың өлуiне немесе мертiгуiне әкеп соққан қатыгездiк жасау, егер бұл әрекет бұзақылық пиғылмен немесе жауыздық әдiстердi қолданып немесе жас балалардың көзiнше жасалса, -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, немесе ұйымдасқан топ жасаған, немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет, -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
321-бап. Алкогольдiк iшiмдiктердi iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде келу
Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келуі, осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адамның жасауы, -
жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
12-тарау. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар
322-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы
1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, сол сияқты медициналық көмек көрсету тәртібін немесе стандарттарын сақтамауы, егер бұл әрекет адам денсаулығына кішігірім зиян келтiруге әкеп соқса, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқтырған дәл сол әрекеттер, -
бір жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Медицина қызметкерiнiң, сол сияқты тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекет басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруға әкеп соқтырса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет