Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
382-бап. Депутаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау 1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын оның депутаттық мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқаруға байланысты жария түрде қорлау - үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет, - екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал ету - үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Парламент депутатының депутаттық қызметi туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. 383-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметіне кедергi жасау 1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметіне оның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына кедергi жасау мақсатында қандай да болмасын нысанда араласу - екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адам өзiнiң қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет, - үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.