Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
16-тарау. Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық 378-бап. Мемлекеттік рәміздерді қорлау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау - екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 379-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын жария түрде қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау 1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын жария түрде қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру - екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекеттер, - үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да болсын нысанда ықпал ету - бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.