Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет178/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

374-бап. Парақорлыққа делдал болу
1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткiзуге немесе iске асыруға ықпал ету, -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет не қылмыстық топпен немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған сол әрекет -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкін тәркілеп параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
375-бап. Қызметтiк жалғандық жасау
1. Қызметтiк жалғандық жасау, яғни мемлекеттiк функциялар атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі, не аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгiзуi, не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруi, егер бұл әрекеттер өзiне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылық алу, не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған болса, -
өмір бойы белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет, -
өмір бойы белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды жауапты мемлекеттiк лауазымдағы адам жасаса, -
өмір бойы белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет