Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет198/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

421-бап. Қылмысты жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеу жүргiзушi адамның күдiктi немесе қылмыс жасады деп айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босатуы, -
бес жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
422-бап. Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау
1. Көрiнеу заңсыз ұстау -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрiнеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, -
бес жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Күдіктінің ұсталғаны және табу орны фактісі туралы оның туыстарына қасақана хабарламау, адамның қамауда отырған орны туралы ақпаратты осындай ақпарат алуға құқығы бар азаматқа беруден бастарту, сондай-ақ ұстау хаттамасын жасау уақытын немесе нақты ұсталған уақытын бұрмалау -
екі жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет