Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет199/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

423-бап. Жауап беруге мәжбүр ету
Тергеушiнiң немесе сотқа дейінгі тергеу жүргiзушi адамның тарапынан қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз iс-әрекеттер қолданылу жолымен күдiктiнi, айыпталған адамды, жәбiрленушiнi, куәгердi жауап беруге мәжбүр ету, сол сияқты адамның ерікті түрде жауап беруіне, жасалған қылмыс туралы өтініш беруіне кедергі келтіру не оны жауап беруден бас тартуға мәжбүр ету, не сарапшыны қорытынды беруге мәжбүр ету, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
424-бап. Айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау
1. Азаматтық iс бойынша iске қатысушы адамның немесе оның өкiлiнiң дәлелдемелерді бұрмалауы -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалауы, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерінің жедел-іздестіру материалдарын немесе жасырын тергеу әрекеттері хаттамаларын немесе олардың қосымшаларын бұрмалауы, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Қылмыстық сот iсін жүргізу барысында сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы маманның немесе қорғаушының дәлелдемелерді бұрмалауы -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн шығаруға әкеп соқтырған әрекеттер,
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққандәлелдемелерді бұрмалау, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет