Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет203/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

434-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу
1. Жазасын өтеушi немесе алдын ала қамаудағы адам жасаған бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу, -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобы, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданылып, не осындай күш қолданамын деп қорқытумен;
в) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттар қолданылып жасалса, -
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қашқан сәтiнен бастап жетi күн мерзiмде бас бостандығынан айыру немесе қамау орнына өз еркiмен қайтып оралған адам, егер өзге жаңа қылмыс жасамаса және қашуы осы баптың екiншi бөлiгiндегi б) және в) тармақшаларында көзделген әрекеттермен ұштасып жатпаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
435-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеуден жалтару
Бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген сотталған адамның шығу мерзiмi бiткеннен кейiн, сол сияқты айдауылсыз құқығын пайдаланушы, не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында жасалған түзеу мекемесiне қайтып оралмауы, -
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
436-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау
1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына әдейі бағынбауы, -
екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет, -
төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана жарақат салумен ұштасқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет