Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
101-бап. Жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiру 1. Жәбiрленушiнiң күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат iс-әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен) болған кенет пайда болған жан күйзелiсi (аффект) жағдайында, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң жүйелi түрдегi заңға қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде адам өлтiру - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мән-жайлар кезiнде жасалған екi немесе одан да көп адамды өлтiру - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 102-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтіру Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру - екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 103-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру - үш жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 104-бап. Абайсызда адам өлтiру 1. Абайсызда адам өлтiру - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Абайсызда екi немесе одан көп адамды өлтiру - бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 105-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу 1. Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Кiнәлi адамға материалдық немесе өзге де тәуелдiлiктегi адамға қатысты жасалған дәл сол әрекет - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмағанға қатысты жасалған әрекет, - үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.