Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет58/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру
1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
б) адамның қызметтiк жұмысын немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;
в) кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепiлге алуға ұштасқан адамға қатысты;
г) аса қатыгездікпен;
д) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса;
е) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша;
ж) бұзақылық ниетпен;
з) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша;
и) жәбірленушінің органдарын немесе тіндерін пайдалану мақсатында;
к) бірнеше рет жасалса;
л) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса,
м) төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан, не қылмыстық топ жасаған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он екі жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
107-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру
1. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру -
бір мың айлық есептік көрсеткішге дейінгі мөлшерде айыпұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
б) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруға не кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;
в) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi адамға қатысты;
г) алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен, қылмыстық топпен;
д) бұзақылық ниетпен;
е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни жеккөру немесе араздық тұрғысында;
ж) бірнеше рет жасалса;
з) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыпұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет