Қaзaқстaн республикaсының ОҚу-aғaрту министірлігі


Сәкен Сейфуллиннің Арқаның кербез сұлу Көкшетауы поэмасы



бет6/8
Дата07.05.2023
өлшемі78,24 Kb.
#90843
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
курсовая Жиенбaй Ринaт

2.2 Сәкен Сейфуллиннің Арқаның кербез сұлу Көкшетауы поэмасы..
Сәкен – эпик ақын. Оның 20-30 жылдарда жазған «Советстан», «Альбатрос», «Аққудың айырылуы», «Көкшетау», «Қызыл ат» тағы да басқа поэмалары бар. Өр Көкше, Ер Көкше, сері Көкшені қашаннан қазақ баласы бір көруге құмар-ақ. Қазақтың ұлы даласының дәл кеудесінде жаратылыстың ғажап үзігі, сүмбіл қарағай, айна көл, зеңгір таудың басын бір жерге қосып, алып бүркіттей болып томпиып жатқан Көкшетау атырабы сұлулық, әсемдіктің ғаламат символындай, халық ұғымындағы көркемдік идеялы сияқты, әсіресе, қазақ өнерінің алтын кезеңі 19 ғасырда ақындар, композиторлар бұл өлкенің сұлулығын жырға, әнге бөлеп, қалың жұртшылық, жалпақ елдің санасына әдемі эстетикалық сурет етіп сіңіріп жіберді.
Сұлулық атаулыға ғашық жүрекпен құлаған, ұшқыр қиял, мөлдір сезім, өткір ойдың ақыны Сәкен Сейфуллин Көкшетау табиғатынан өзінің әсемдік мұраттарын, сұлулық идеяларын, тапқан еді. Сәкен Көкшетау табиғатынан, тарихынан болашағына шабыт, өнеріне өріс тапты. Сәкен Сейфуллин Көкшетаудың табиғат сұлулықтарына сырттай тамсанып, құр қызықтаушы емес. Бұл атыраптың ой-қырын, өзен-көлін, орман-тоғайын, тау-тасын түгел аралап, әбден терең біліп алғаннан кейін, ескі көз, кәрі құлақты тыңдап, бұрынғы хикая, ежелгі шежіреге толық қанған, өлкенің тарихына байланысты жазылған шығармаларды, тарихи еңбектерді, аңыздарды зерттей құнттаған.
Атақты әнші-ақындардың, шебер-күйшілердің өнерін тамашалаған, елдің бүгінгі өмірімен жете танысқан. Мазмұны түр талаптарына, өскелең поэзия шарттарына жауап беретін, формасы жөнінен де жаңашыл шығарма-полифониялы, көп әуезді, мол сарынды, күрделі құрылыста поэма тудырды. Сәкен Сейфуллиннің эпикалық туындыларының ішінде дәл «Көкшетаудай» халық арасына кең тарағаны жоқ та шығар. Поэма көркемдігі халықтық мазмұны тұрғысынан оқшау, биік тұрған ерекше ғажайып дүние. Ол Сәкеннің туған жерге перзенттік махаббатының көрінісі, ақындық шабыты мен суреткерлік шеберлігінін шынайы үлгісі. Ақынның «Көкшетау» поэмасын жазуы кездейсоқ емес. Біріншілен, Көкшетау- ежелден түрлі аңыз, жырларға толы болса, екіншіден, ол қазақ халқының өмір белсендігі небір айтулы оқиғалар өткен тарихи өлке.
Поэманың тақырыбы – қазақ халқының 15 ғасырдың орта кезінде басынан кешкен тарихи тағдыры, жауапкершілік заман шындығы десек, идеялық түйіні –е л мен елді бір-біріне жау етіп, қан төгіс, қырғынға ұшырататын шапқыншылық сырын уақытша шындығына сай етіп беру. Поэманың айтар ерекшелігінің бірі оынң үздік көркемдік сипатында жатыр. Жаңалық сипаттарды ең алдымен шығарма композициясына байланысты айтуға болады. «Көкшетау» - бір ырғақпен, ұзын-сонар баяндауға құрылған шығарма емес, ол әр түрлі көлемдегі, әрқайсысына жеке-жеке ат берілген негізгі төрт бөлімнен – «Көкшетау», «Қалмақ қызы», «Әнші ақындар», «Қазіргі Көкшетауда» қырық жеті тараудан тұрады. Поэма сюжеті Абылай хан бастаған қазақ қосының бейбіт жатқан қалмақ елін шабу оқиғасына құрылған. Ақын өңіріндегі тау, тас Жұмбақтас, Жекебатыр, шың Оқжетпес, көл Бурабай атаулары жайлы ел аңыздарын негізге ала отырып, оқиғаны шынайы да әсерлі, көркем баяндап береді.
Шын мәніндегі жамандық пен ізгіліктің, озбырлық пен күш пен ақылдықтың арасындағы тартыс қалмақ қызына байланысты басталды. Абылай қосының бейбіт ауылға жорығы батырлық емес, басқыншылық екені, бұл топтағылардың жүрекке жүгінуден гөрі білекке бейімділігі, ақылға жоқ азғындығы, ожарлығы поэмада ә дегеннен-ақ мәлім болады. Сондықтан да поэмадағы басты кейіпкерлердің Абылай мен оның қастары емес, Адақ мерген мен тұтқын қалмақ қызы болуы әбден заңды. Поэманың идеясы да алдымен осы екі кейіпкердің іс-әрекетті, ой-адалдықтың, еркіндіктің, ақылдықтың, елін сүйетін жанның биік үлгісі, яғни халық өкілдері. Тұтқын қыздың сұлулығына сұқтанып әрі оны шарасыздығына малданып Абылай қолы қызды «Мен алам, мен алам!» деп өзара таласып-қырқыса бастайды. Ел-жұртынан айырылып, шерменде болған қыз тағдырын ойлаған ешкім болмайды. Осы қиын сәттегі қыз халін ақын:
Сұңқардың баласындай торға түскен,
Құланның құлынындай орға түскен,
Тұтқын қыз жауларына жаутаңдайды,
Киіктің лағындай қолға түскен, -
деп соншалық жанды психологиялық тұрғыда шебер танытады. Қыздың бақытсыздығы мен парасыздығын оның халінің сұңқардың баласының, құланның құлынының, киіктің лағының басына түскен ауыр жағдайына еселене теңестіріліп берілуі де әсерлі айқындап тұр. Ал қыздың өз көркін:
Сол қыздың он жетіге келгн жасы,
Оралған аш беліне қолаң шашы.
Қап-қара қарлығаштың қанатындай,
Иілген ақ маңдайда екі қасы.
Аш белі көк шыбықтай солқылдайды,
Қолаң шаш бейне жібек толқындайды.
Батырлар сол сұлуға салыстырған –
Жалғыз-ақ аспандағы Кұн мен Айда –
Деп көрген адам есінен таңғандай етіп ақын келістіре сипаттап, сөз кестетсін шебер тоқиды. Қыз туралы таласты естіген Абылай егесті тоқтатып таңдауды тұтқын қыздың өзіне береді. Міне, осы мезеттен бастап сырт көзге нәзік те шарасыз көрінген қыздың шын сыры – ақылдығы мен тапқырлығы, өжеттілігі мен сертке берік асылдығы таныла бастайды. Қыз хан сарбаздарына үш түрлі шарт қойып, оларды орындаған жігітке жар болатынын айтады. Алайда сұлуға сұқтанған хан жігіттері қыз шарттарының, яғни тау шыңына іліккен жаулыққа оқ тигізу, күш сынасу, жұмбақ шешу, біреуін ғана, онда да қара күшке қатысып орындап, не мергендігімен, не сұңғыла ақылдығымен таныла алмай, қыз алдына масқара болады. Бұл сәтті ақын:
Қалың қол қанша қарап, қалды қатып,
Жоғалтып әңгі ауырлық, сес пен қырын, -
Деп суреттесе,
Түскиіп Абылай да тұрды тұйық,
Манадан сесі кеміп түскен иық.
Түнеріп, төмең қарап үндемейді,
Басқандай тұншыұтырып түн тұғиық, -
Деп қаһарлы ханның дашарасыз күйін дәл аңғартады. Тұтқын қыз алдында ханы да, қарақшысы ла осылай шарасыздық танытып, масқара болған тұста оқиғаға бұған дейін беймәлім болып келген Адақ мерген араласады. Адақ – Абылай қосындағы сарбаздардың бірі, ер жігіт. Негізгі оқиғаға – қыз тағыдырын саудаға салған таласқа ол кейінірек және басқаша оймен қатысады. Ақын оның сырт тұлғасын:
Қара сұр, қзын бойлы, емес талпақ,
Денесі көк құрыштай, өрдеш-шалқақ,
Қыз мұрын, қарагер көз, қара мұртты
Қақпақтай қобы жауырын, алдпы жалпақ, -
Деп батырға лайық түрде сипаттай келе оны жасынан кедейлік көрген, жылқышылықты кәсіп еткен, тапқыр, ойлы, өнерпаз жігіт деп мінездейді. Бұдан кейін ақын Адақтың ата тегін, шыққан жерін, Абылайға еруін, есімнің неге Адақ аталғанын, мінез ерекшеліктерін түгел таратып баяндайды. Қалмақ қызының басына тағы қауіп төнген тұста әрекетке араласады. Қыз қойған шарттарды орындай бастайды – алдымен аққу балапанын алып ұшқан бүркітті, одан кейңн Оқжетпес басындағы орамал байланған қаданы атып түсіреді. «Жер тартып, ауыздығын қаршылдатқан кермедегі тұлпар», «Әуенін дыңылдатып сымын қозғап, әндетіп, көкке боздап жөнелген оқ» - осы секілді бейнелі тіркестер арқылы психологиялық жағынан дәл, көркемдік бояуы қанық сценалар жасаған. Басына «Оқжетпестің» оқ жеткізген Адақ мергендігіне Абылайдың, қалың қолдың, қалмақ қызының қалай қарағанын сезім күйлері арқылы, даралап бейнелеп береді. Адақ ақын қыз жұмбағын былайша шешеді: тұтқын қыз өз басының тағдырын, бала күннен көрген азапты өмірін баяндаған. Ауылын жау шапқанда ата-атасын лашын тектес бір батыр құтқарған. Байласқан серт бойынша осы ерге қыз бойжеткен соң бір-ақ түндік әйел болмақ. Күйеуге шығар алдында осы ырды оған айтады. Жолда ұрыларға тап болады. Олар да ерік береді. Іздеп барған ер қыздың уәдеге беріктігіне разы болып, босатады арын қорламайды.
Осылайша қуанып, күйеуіне аман-есен, бұзылмай-жарылмай оралып келе жатқан қыздың торға түскенін Адақ шебер көркем жырмен баяндап береді. Сөйтіп қалмақ қызының Кептер, Лашын, Сұңқар, Жапалақ, Бүркңт деп отырған жұмбақ-жайлары түгел түсінікті болады. Абйлай қойған, қыз құптаған шарт бойынша қалмақ сұлуы – Адақ ерте тимек. Жылы жүректі батыр тұтқындағы қызға азатын береді, өз тұлпары Керкөжекті мінгізіп еліне қайтарады. Сөйтіп, ақын зор гуманистік ой айтады, махаббат күші, ғашықтық қуат, сүйген жарға деген құштарлық әділетсіздікті, қатыгездікті жеңеді деген поэтикалық идея салтанат құрады. Адақ өзінің қайырымдылығынан жасаған әрекетімен ол ел мен елді жауластырған шапқыншылықты құптамайтынын, оны батыл айыптайтынын көрсетеді. Адақ халық, ел қамын кеңінен ойлаған тұлғалы азамат ретінде биіктен көрінеді. Ел тарихи – жер тарихы. Жер тарихысол өлкені мекендейтін ел тарихы ғой. Олай болса, поэмадағы жерге, тауға, тасқа, көлге байланысты аңыздарды ақынның сүйсіне жырлауы, поэма сюжетіне шебер кірістіруі, табиғат көріністерін әсем де шынайы бейнелеуі, екінші жағынан, оның туған жерге деген мақтаныш сезімін де танытады.
Мөп-мөлдір Бурабай суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс,
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай.
Қарағай, қайың менен қалың жыныс. Бұл Бурабай көлінің қайталанбас келбеті болса, Оқжетпес сипаты алғашында:
Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан,
Бастары көкке бойлап бұлтан асқан.
Бір шың бар етегінде тіп-тік найза,
Адамзат жасағандай құйған таста.
Сүп-сүйір бейне найза шың, құз, биік,
Төбесі кейде тұрад бұлтқа тиіп.
Қарасаң етегінен шың басына,
Тақияң жерге түсед тұрған киіп, -
Деп өрнектесе, поэма соңына қарай ақын;
«Оқжетпес» кербез сқлу боянбаған,
Керіліп, кернеу тартып оянбаған.
Айнаға алдындағы мәңгі қарап,
Өзінің көркіне өзі тоя алмаған, - Деп баяғы баяғыша, оны жандандырып, тіпті құлпырта түседі. Ақын сәтті қолданған кейіптеу тәсілі оқырманның көз алдына Оқжетпесті енді жаңды бейне кербез сұлу тұлғасында айшықты нақты елестетеді. Міне, осылай поэмада өнірдің тауы, көлі, шыңы, қайталанбас көріністерімен жеке-жеке суреттеледі де, бәрі қосыла келіп Көкше табиғатының бөлінбес, тұтас әсем де жанды картинасын құрайды. Кейінгі Көкшетаудағы әлеуметтік-қоғамдық өзгерістерді, ел тұрмысына енген радио, автомобиль, паровозды, курорт, пионер лагері сияқты ұйымдардың мәнін ақын публицистикалық стильде ашады. Көкшетаудың болашағы туралы олғанады. Бұл бөлімдер бекер қосылған, басы артық көріністер емес, заңды, қажетті жырлар. Жанрлық формасы жағынан «Көкшетау» күрделі композициялы, сан алун бейнелер галереясы жасалған, бірнеше сюжет желісі бар, әр түрлі көркемдік деңгейлердегі стильдік жүйелердің басын біріктіретін полифониялық, көп әуезді, мол сарынды поэма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет