Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


STEM дағдыларын дамытуда қолдана аламыз. 83  STEM білім беру



Pdf көрінісі
бет35/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
STEM дағдыларын дамытуда қолдана аламыз.


83 
STEM білім беру жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерлік 
шығармашылық және математиканы кіріктіруге негізделген пәнаралық және 
жобалық тәсілдемелерді қамтиды. Жаратылыстану саласын пәндерінің жалпы 
заңдары мен заңдылықтарын бірнеше пән тұрғысынан қарастырылып берілсе, 
терең академиялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады.
STEM 
технологиясы 
NIS-Programme 
бағдарламасында 
білім 
алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін кіріктірілген 
жобалар, зертханалық және практикалық жұмыстар жүргізу арқылы жүзеге 
асыруға болады. білім алушылар әртүрлі пәндерде меңгерген ғылыми-
техникалық білімдерін пайдаланып, әртүрлі өнімдерді модельдеп, олардың 
түпнұсқаларын жасауды үйренеді.
Аймақтық компонентті немесе ғылым мен техниканың заманауи 
бағыттарын ескере отырып, білім алушыларға STEM-жобаларды STEM 
технологиясы арқылы жүзеге асыратын әртүрлі идеялар, мысалы, көпірлер 
салу, су тазартатын сүзгілер жасау, экологиялық «ақылды» үйлер жасау, 
техникалық міндеттерді орындайтын роботтар шығару, балалар ойнайтын 
алаңда электр қуатын шығаратын кӛпарналы генератордың моделін әзірлеуді 
ұсынуға болады.
«Smart-жылыжай» STEM-жобасы. білім алушылар топтарға бөлініп, 
жылыжайда өсіргісі келетін өсімдіктерді таңдайды.
Биология сабақтарында білім алушылар таңдаған өсімдікті өсіру, жарық 
түсіру және суару режимі, өсу, өнімділік ерекшеліктерін зерттейді. білім 
алушылар топырақтың ылғалдығын көрсететін датчиктің көмегімен суару 
жүйесін ойластырады, суару аралығын анықтайды.
Физика сабақтарында білім алушылар жылуды сақтау, жасанды жарықты 
пайдалану әдістерін қарастырады, өсімдіктердің қажеттіліктеріне қарай үнемдеп 
жылытатын жүйені әзірлейді және ылғалдық датчигін қолдануды үйренеді. 
Химия сабақтарында білім алушылар топырақтың құрамы мен қасиеттерін 
зерттеп, тиісті минералдық тыңайтқыштарды таңдайды.
Бастапқы деректердің барлығын жинап, өңдегеннен кейін білім алушылар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет