Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
«Smart - Ақылды үй» STEM-жобасы. білім алушылар жаңартылмалы 
энергия көздерінен берілетін электр қуатын пайдаланатын болашақ үйлердің 
модельдерін жасайды. Бұл технологияның негізгі ерекшелігі – жеке және 
қосалқы жүйелер мен құрылғыларды автоматты түрде басқарылатын бір кешенге 
біріктіру. Ол үшін білім алушылар әртүрлі датчиктерді, қозғалыс, ауа ылғалдығы 
мен температурасы, көмірқышқыл газ деңгейі, есіктер мен терезелерді 
автоматты ашу және жабу, жарық және дабыл датчиктерінің көмегімен үйді 
техникалық жабдықтау жүйесін ойластырады.
Физика және химия сабақтарында әр топ өз бетінше өздері тұратын үйдің 
жобасын әзірлейді, оның дизайнын, қабатын, қосымша ғимараттар санын 
жоспарлайды; үйді дұрыс жобалау үшін материалдар таңдап, датчиктермен түрлі 
тәжірибелер жүргізеді. 
Математика сабақтарында білім алушылар техникалық есептеулердің 
дәлдігін тексереді. Информатика сабақтарында білім алушылар «Ақылды үй» 
программалық жасақтамасымен жұмыс істеп, 3D моделін құрастырады. 
«Ақылды үйді» жобалау білім алушыларға әрбір адамға жайлы әрі 
экономикалық тұрғыдан тиімді өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін 
қолдағы ресурстарды ұтымды пайдаланудың жолдарын ойластыру мүмкіндігін 
береді. 
SMART технологиясын «Физика» пәнінде қолдану ерекшеліктерінің бірі 
қауіпсіз зертханалық тәжірибелерді, практикалық жұмыстарды, көрсетілімдерді 
ұйымдастыру және өткізу арқылы зерттеу дағдылары мен функционалдық 
сауаттылықты қалыптастыру. 
білім алушылардың материалды толық түсініп, көзбен көруіне мүмкіндік 
береді. Бұл білім алушылардың меңгеретін материалға деген қызығушылығының 
артуына, олардағы есте сақтаудың барлық түрлерінің дамуына және білім 
сапасының артуына ықпал етеді. 
Технологияларды пайдаланудағы шектеусіз мүмкіндіктер модельденетін 


85 
құбылыстың уақыт бойынша ағымын өзгертуде, оларды нақты өлшемдер 
шеңберінде түрлендіріп, эксперимент жүргізу ауқымын кеңейтуде маңызды рөл 
атқарады. 
Бұл ретте, жұмыс кешенінде қолданылатын барлық әрекеттер төменде 
көрсетілгендей бағытталуы тиіс: 
 
жоспарлауға үйрету (білім алушылар өз мақсаттары мен міндеттерін 
дәл айқындауды, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі кезеңдерін 
жазуды, жұмыстың бүкіл уақытында мақсатқа қол жеткізу бойынша өз ойын 
шоғырландыруды үйренулері тиіс); 
 
ақпараттарды, материалдарды жинау және іріктеу дағдыларын 
қалыптастыру (білім алушылар қажетті ақпаратты таңдауды және оны дұрыс 
пайдалануды үйренуі тиіс); 
 
осы немесе басқа жұмыстардың нәтижелерін талдау ептілігін дамыту; 
 
оқу мақсаты бойынша (білім алушы жобаны көпшілікке көрсете 
білуді, тапсырманың мәтінін құруды, мәтінді техникалық тұрғыда 
редакциялауды, библиографиялық тізімді сауатты ресімдеуді үйренуі тиіс) өз 
бетінше жүргізген жұмысы туралы жазбаша есеп жасау ептілігін дамыту; 
 
жұмысқа позитивті қатынасын қалыптастыру (білім алушы 
бастамашыл, ынталы болуға үйренуі тиіс, жұмыстың бекітілген жоспары мен 
кестесіне сәйкес өз ісін мерзімінде орындауға тырысуы қажет). 
Үлгерімі төмен білім алушылармен
«Физика» пәнінің оқытуды 
ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қолдану үшін төмендегі 
ұсынымдар беріледі:
 
 
1. 
Заманауи оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерді 
тиімді пайдалану; 
2. Жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерлік 
шығармашылық және математиканы кіріктіруге негізделген STEM-жобаларды 
білім алушыларға ұсыну; 
Сонымен қарастырылған «Физика» пәнін оқытуды ұйымдастырудың 
формалары мен әдістері білім берудің практикалық бағытын күшейтіп, үлгерімі 
төмен алушылардың ойлау қызметін дамытып және шығармашылық, 
ізденушілік, зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет