Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет36/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
информатика сабақтарында датчиктің жұмысын программалап, жылыжайдың 
ұсақ бөлшектерін 3D-принтерде басып шығарады.
Математика сабақтарында білім алушылар жылыжайдың макетін 
жобалайды, оның көлемдерін, шығын материалдарының құнын есептеп
жобаның өтелуін болжайды.
Осындай «Smart-жылыжай» әзірлеу болашақта осы бағытта зерттеулер, 
климаттық жағдайы ызғарлы аймақтарда жобалар жүргізу үшін пайдалы болады. 
«Smart - Автоматты ауа райын болжау станциясы» STEM жобасы
Жоба мақсаты – мектеп маңындағы аумақта ауа ылғалдығы мен температурасын, 
көмірқышқыл газ мөлшері мен атмосфералық қысымды анықтайтын ауа райын 
болжау станциясын салу.
Жобамен жұмыс істеуді білім алушылар ауа райын болжау станциясының 
міндеттері мен қызметін талқылайтын география сабағында бастауына болады.
Математика сабағында білім алушылар станция корпусының пішіні мен 
көлемін есептеп шығарады.


84 
Физика және химия сабақтарында білім алушылар тиісті датчиктердің 
көмегімен ауа ылғалдығының деңгейін, температурасын, көмірқышқыл газ 
мөлшерін өлшеумен айналысады. Өлшемдер жүргізген кезде датчиктердің 
калибрлеуіне, 
алынатын 
деректердің 
нақтылығына, 
графиктер 
мен 
диаграммаларды құруға, алынған деректерді ӛңдеуге назар аудару қажет.
Информатика сабақтарында білім алушылар цифрлық оқыту 
құралдарындағы (Pasco, Phywe) көрсеткіштерді сақтау және деректерді 
қашықтықтан жіберу үшін ауа райын болжау станциясы мен программалық 
жасақтамамен қамтамасыз ету жұмысымен айналысады.
Осындай ауа райын болжау станциясының көмегімен білім алушылар ауа 
райының құбылыстарын қадағалап, өзі тұратын елді мекендердегі өзгеріс 
динамикасын байқай алады. Алынған деректер білім алушыларға ауа райы 
болжамын құрастыруды үйренуге, көмірқышқыл газы деңгейі жоғары болған 
жағдайда, проблемаларды шешу жолдарын ойластырып, ұсынуға көмектеседі. 
Сондай-ақ ауа райын болжау станциясының деректерін мектеп жанындағы жер 
телімдерде өсімдіктерді уақытылы егіп, оларды өсіруге қолайлы жағдай жасау 
үшін пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет