Меруерт оРыНБАйҚызы
Алматы облысы
қатысты жұмыстардың өзге аймақтармен
салыстырғанда күрмеуі әлде қайда күрделірек
екендігін байқауымызға болады. Сондықтан
қандайда бір елді мекеннің атауын өзгерту
үшін ең алдымен сол аумақтың тұрғындарына
үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы мақалалар мен
ғылыми тұжырымдамалар, дәлелдемелер мен
мұрағаттық анықтамалар жариялағанымыз
жөн. Сонда ғана жергілікті қауым тарихи
атауларды өз қалпына келтіру мен қайтару
мәселесіне оң көзқарас танытып, тілді
шұбарландыру пиғылында қойылған За-
харовка, Моисеевка, Пятирыжск, Баш-
мачный, Кузьмино, Славяновка, Обозное,
Крупское, Октябрьское, Михайловка,
Благодатное, Петропавловка, Церковное,
Груздевка тәрізді мағынасыз атауларды
қазақыландыруға құлшыныс жасайды деген
ойдамын. Ол үшін жергілікті тұрғындардың
ара-қатынасына сызат түспейтіндей ерек-
ше әдіс-тәсілдерді қолданған жөн. Бұл
бағытындағы іс-әрекеттер тек ауыл әкімі
тарапынан жүргізілу жеткіліксіз. «Жалғыздың
үні шықпас» демекші, қанша жерден
әрекеттенгенімен, мәселе қоғам тарапы-
нан қолдау таппағандықтан соңына дейін
шешілмей қалатындығы белгілі. Сондықтан
елді мекен мен оның құрамдас бөліктерінің
атауын өзгерту кезінде ауыл мектебі ұжымын
да тартқан тиімді. Өйткені қарапайым
адамдар алдында ұстаздардың абыройы мен
беделі қай кезде болсын жоғары тұратындығы
бәрімізге мәлім.
2014 жылы Павлодар қаласының
Кенжекөл ауылындағы жаңа көшеге «Еге-
Талдықорған қалалық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің маман-
дары мен тіл оқыту орталығы және БАҚ
пен қоғамдық ұйымдар өкілдерінен
құрылған тіл сақшылары дүкен-
дүңгіршек, әртүрлі ғимараттардағы
жарнама түрлерін қарап, әдістемелік
көмек көрсетіп, жарнама ережелерімен
таныстыратын түрлі ақпараттар үлес-
тірді. Бұл шараның мақсаты – қала
аумағындағы халыққа қызмет көрсету
орындарының атауларын және жарна-
маларды Қазақстан Республикасының
«Тіл туралы» және «Жарнама туралы»
Заңдарының талаптарына сәйкес
ретке келтіру, эстетикалық тұрғыдан
нормаға сай болуын, қатесіз жазылуын
зерделеу, әдістемелік көмек көрсету
болып табылады.
Осы мақсатты көздеген тіл жан-
ашыр лары тобы көптеген қателерді
анықтап, оны түзету үшін әдістемелік
көмек көрсетті. Тексеріс барысын-
да мынандай қателіктер таптық.
Мәселен, Қабанбай батыр көшесіндегі
«WW» караоке клубының (бұрынғы
Атамекен) сыртында жарнамалар тек
орыс тілінде жазылған. «Marrakesh»
барының, «ІnBET» букмекерлік
орталығының, «Арсель» әскери киім-
кешек сататын дүкенінің сыртында
атаудан басқа сөз жоқ. Бұлардың
қандай мекеме, «айдалада бір отау,
аузы-мұрны жоқ отау» немен айналы-
сатыны белгісіз?
«BELSO» ломбардының электрон-
ды түрде берілген жарнамалары тек
орыс тілінде жазылған. Ал ақын Сара
көшесіндегі «Credo» дүкенінің сыр-
тында «әйелдер» деген сөз «әіелдер»
деп тұр, «Сюзанна» тұқым сататын
дүкенінің сыртында «тұқым» сөзі
«тұкым» деп көрсетілген. «Дантист»
тіс емханасының жарнамалары
тек орыс тілінде берілген. «Азиза»
деп аталатын дүкеннің маңдайша
тақтайшасы ескіріп кеткен. «Маг-
зум» дәріханасының сыртындағы
«ИП» сөзі «ЖК» болып, «Ақпейіл»
асханасындағы «аспаздық» сөзі «аспаз-
хана» деп өзгертілуі тиіс. Жемістің түр-
түрін сататын дүкеннің сыртында тек
«жеміс» деп қана көрсетілген, мұның
жалғасы неге жоқ, түсіне алмадық.
Біржан сал көшесіндегі «Еркін» сау-
да үйінің маңдайша жазуындағы «д»
әрпі қисық тұр, есік алдына қойылған
балалар киімі туралы жарнама ескіріп
кеткен. Алайда сол жарнамамен
дүкен ішіне кіріп, сауда жасайтындар
баршылық.
Тәуелсіздік көшесіндегі «Тамаша»
караоке клубының маңдайша жазуын-
дағы кейбір әріптерінің түсіп қалуына
байланысты сол мезетінде ескертілді.
Сондай-ақ Абай көшесіндегі
«Аул» құрылыс дүкенінің атауы орыс
тілінде жазылған, «Опыт в четверть
века» деп аталатын құрылыс дүкенінің
сыртында «металлжабындық» сөзі
«металлжабындык» деп көрсетіліпті,
яғни «к» әрпін «қ» әрпіне ауыстыру
керек. «Айдын» дүкенінің маңдайша
жазуы ескіріп кеткен. «Алатау» шағын
маркетінің жанында тек «мини-мар-
кет» сөзі жазылған, яғни қазақша ба-
Алматы менеджмент университетінде
«Қазақ тілінің банк жүйесінде
қолданылу деңгейі» тақырыбында
дөңгелек үстел болып өтті.
Банк жүйесінде мемлекеттік тілдің
қолданылу деңгейін арттыру, қазақ тілінде
қызмет көрсету сапасын жақсартуды
мақсат еткен дөңгелек үстел жұмысына ҚР
Ұлттық Банк Ұйымдастыру жұмысы және
бақылау департаменті директорының
орынбасары, филология ғылымының
докторы, профессор Шерубай Құрман-
байұлы, Алматы қаласы Тілдерді дамыту,
мұрағаттар және құжаттама басқар-
масының басшысы Мамай Ахет, «Тіл-
Аудит» сайтының редакторы Дина
Имам баева, философ-тілші Әбдірашит
Бәкірұлы, филология ғылымының кан-
дидаты Ғалымжан Ермекбай, «Forte Bank»
аудармашысы Маржан Нүсіпбек және т.б.
қатысты. Басқосуды белгілі саясаттанушы
Дос Көшім ашып, қазақ тілінің қаржы
және банк ісіндегі қолданыс аясын өріс-
тету үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
ҚР Ұлттық Банк Ұйымдастыру
жұ мысы және бақылау департаменті
дирек торының орынбасары Шерубай
Құрман байұлы сөз алып, қаржы, банк
жүйесіне мемлекеттік тілді кеңінен
енгізудің өзектілігін, Ұлттық Банкте
мемлекеттік тілді осы салаға кеңінен
қолданысқа енгізуге бағытталған игі
шаралар нәтижесімен, алдағы жоспар-
лар мен таныс тырды. Іс жүргізу толықтай
мем лекеттік тілге көшуіне байланыс ты
Ұлттық банк қызметкерлері де қазақ
тілі оқи бастаған. «Орталық аппарат
қызметкерлерінің 40%-ы еркін сөйлейді,
64,60%-ы түсінеді, 5%-ы мүлдем
түсінбейді екен. Бұлардың 11,30%-ы
қарапайым, 48%-ы орта, 40,50%-ы
жоғары деңгейде білім алуды жөн көрді»
дейді Ш.Құрманбайұлы. Бір қуантарлығы,
Ұлттық Банк қызметкерлерін оқытудың
бес деңгейлі оқулығы әзірленген. Келер
жылы ол қолданысқа енгізіліп, Ұлттық
банктен бөлек екінші деңгейлі банк
қызметкерлерін де оқыту жоспарда
бар. Ш.Құрманбайұлы «Қазақ тілін
насихаттаудың бір жолы – тілімізді
Жыраулық дәстүр – төл әдебиеті міздің бастау бұлағы. Олардың көркемдік қуаты қазіргі
лирикалық поэзияның ерекшеліктерінің бірі болып қалыптасып отыр.
Қазіргі қазақ поэзиясы өз алдына өркен жайып, жаңару үрдісінде өзгеше жасам-
паз ізденістерге бет бұрып келе жатқандығы баршамызға аян. адамдардың дүниеге
көзқарасы, эстетикалық талап-талғамы және рухани қажеттілігі өзгеріп отырған бүгінгі
күнде, оқырман қауымның да өлеңге деген ынта-назары жаңашылдыққа бет бұрып, жаңа
дәуір талабына үйлесетін тың туындыларды қажет ете бастады.
Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде
қарастырылып жүрген жаңа бағыттың
бірі тіл мен мәдениет байланысына
арналған. Көптеген зерттеу еңбектерінде
тілдегі ұлттық танымды, ұлттық рух-
ты, ұлттық құндылықтарды дамытуға
бағытталған жұмыстар сөз болып келеді.
Бірқатар зерттеушілер тіл – мәдениетті
танытушы құрал ғана емес, тілдің
бойын да оның (мәдениеттің) арқауын
құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың
ізін айқындап тұратын ұлы күш.
Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ
халқының этностық, ұлттық мәдениеті,
негізінен тілде көрініс тапқан. Осы
орайда тіл – ұлттық болмысымен
қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған
негізгі көздердің бірі екенін айтады.
Жарнама мәтіндерін, дүкен, мейрамхана, сауда үйлері атауларын заң та-
лаптарына сәйкес безендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды күшейту
мақсатында әдістемелік көмек көрсету жұмыстары Талдықорған қаласы бойын-
ша жүргізіліп келеді. Бұл ретте, деректемелер мен көрнекі ақпараттарды,
жарнамаларды, мекеме атауларын Қазақстан Республикасының «Тіл тура-
лы» заңының 19, 21- баптарына және «Жарнама туралы» заңның талапта-
рына сәйкестендіру, көрнекі ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдегі
мәтіндердің грамматикалық және стилистикалық қателерін түзету, олардың
сауатты жазылуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік
құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 81-бабының 2-3-тармақтарын түсіндіру
мақсатында тексерулер ұйымдастырылды.
Жыраулық дәстүр
жаңғыруда
ЖарымЖан Жарнамалар
қашан түзЕлмЕк?
«ата-баба дәстүрі –
ұрПаққа аманат»
Бұл біріншіден, дәуір талабының
сөзсіз қажеттілігі болса, екіншіден,
қ а з і р г і қ а з а қ ө л е ң і н і ң к и е л і
шаңырағын жыраулық поэзия өкілдері
мен Абайдан соң одан ары биікке
көтеруге атсалысқан Алаш ақындары
мен оның уығын қадаған аға буын
ақындарымыздың және бұл күндері
сол «ақ орданың» бой көтеруі үшін отты
ой кешіп жүрген қаламгерлеріміздің
еңбектерін таразылап-бағалап, болашақ
поэзия сүйер қауым үшін өлмес өлеңге
өрнекті жол ашу кезектегі көзі ашық,
көкірегі ояу талантты да шабытты
ақындарымыздың басты міндеті екендігі
шындық. Осындай кезек күттірмейтін
қажеттілік алдында, қазіргі қазақ
өлеңінің дәстүр жалғастығы мәселесінің
ішкі иіріміне үңілу, біздің алдымыздағы
көкейкесті мәселе болып отыр.
Ұлттық дәстүрдегі озық үлгінің бәрі
әлемдік өреден үйреніп, жетіліп оты-
румен қатар, өзі де іштей түлеп, байып
отыратын қасиетке ие. Мұның өзі бір
жағынан ұлттық әдебиеттің әлемдік даму
үрдістерімен тығыз байланысын аңғартса,
екіншіден ұлттық дәстүрдің үнемі қоз-
ғалыста, даму үстінде болатындығын,
яғни жаңашылдықтың қайнары екенін
танытады. Әдеби үрдістегі суреткерлік,
даралық, дарын деңгейі де осы арқылы
өлшенеді.
Поэзиядағы, әсіресе, лирикадағы
«бас ты қаһарман – ақынның өзі».
Сондықтан ақындық тұлғаның өзі
ақынның рухани әлеміндегі қайшылық-
қақтығыстар мен әлеуметтік және
мәдени тәлім-тәрбиенің, сондай-ақ
қара қазандай қайнап жатқан қоғамдық
өмірдің өзіндік әсерінен қалыптасады.
Мәселен, ХV-XVIII ғасырлардағы өмір
сүрген жырау лар шығармашылығына
а р қ а у б о л ғ а н д ү н и е л е р о с ы н ы
айғақтайды. Ал ақын жанынан туған
өлең тілінің айқындылығы – суреттел-
ген болмыс пен құбылысты дәл әрі анық
бейнелеп көрсете отырып, әрбір сөздің
орынды әрі жинақы болуын қамтиды.
Өлеңнің мазмұны – өлеңнің өзекті
идеясы. Сондықтан поэзиядағы идея
еркін тыныстап, көркемдік өлшемін
жоғалтпағаны жөн. Әйтпесе, өлеңнің
қуаты әлсіреп өзіндік құнын жояды.
Егеменді ел болып, еңсемізді көтергелі
еркін тыныстаған зерттеулер қатары
да күн санап көбейе түскен. Ал осы
зерттеудің нысанына айналған поэзияда
құлашын кеңге жайып, өзіндік сүренін са-
луда. Салып қана қоймай әдебиетіміздің
өткен өмірінен сыр шертетін көне
түркілік және жыраулық поэзияның
үлгісін көрсетуде. Бірақ бұл қайталау
емес, поэзиядағы дәстүр жалғастығы.
Бүгінгі поэзияда осы тақырып аясын-
да ой жүгіртсек, алдымен Т.Медетбек,
Н.Айтов, Иран-Ғайып, Райымбекұлы
сынды ақындардың поэзиясын еске ала-
мыз. Себебі жыраулар поэзиясындағыдай
ақындар өлеңдерінің әр жолын халықтың
мақсаты мен арманынан, мұңы мен
сырынан бір сәт бөліп қарай алмайсың.
Көптеген әдебиетші ғалымдардың
қаламынан құнарлы пікірлердің тууының
себебі де осында болар.
«Қисынын келтіріп, қиялдан туғы-
зып әдемі әңгіме шығару – ақындық
дары ған адамның ғана қолынан келеді».
Қазақ әдебиеттану ғылымының ата-
сы атанған Ахаңның айтқан бұл пікірі
біздің бүгінгі тақырыбымыздың беталы-
сын айқындамақ. Шынында, заман
ағысы тудырған қателіктерге ақынның
іші қайнамай қайтсін. Уақытында
Ақтамберді жырау:
Пышақтан малым кетпесе,
Қазаным оттан түспесе
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе – деп ұрпақтың
қамыүшін арман толғанысын жырласа,
Т.Медетбек сол бір баба арманынан туған
уақытты аңсай отырып:
Қазаны түспей ошақтан,
Ошағы оттан сөнбейтін,
Төрт жастағы баласы
Дөнен аттың үстінде
Шіреніп тұрып сөйлейтін,..
Дүние не боп барады? – деп ата-
б а б а л а р ы м ы з д ы ң ұ р п а қ а л д ы н д а
ескерусіз қалған намысы мен ары үшін
жанының күйін тартады. Енді бірде:
Менің осы жерімде...
Шопан атам аяңдап
Көк қошқарын алға сап,
Саулықтарын қаптатып
Әр жусанның түбінде
Егізден төлін төктірген, – деп
Қазтуған жыраудың:
Жабағалы жастайлақ
Жардай атан болған жер
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер, –
деген толғауынан дәйек алады. Ал Әбіш
Кекілбаевқа арнау өлеңін толғау түрімен
астастырып, Шалкиіздің би Темірге
толғауын еске түсіретіндей Шалкиіз
ізімен суреттейді. Әсіресе, Шалкиіз
толғауындағы:
«Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің» деп келетін
жолдар Т.Медетбек өлеңінде:
«Алп, алп басқан, алп басқан
М а ң д а й ы б и і к м а р қ а с қ а » д е п
түрленіп келеді. Шалкиіздегі «арабы
торы» да, Т.Медетбектегі «маңдайы
биік марқасқа» да ер басына күн туған
шақта серігі бола білген, қазақтың қадір
тұтқан жануары жылқы малы болса
керек. Келесі бір арнауы «Қарға бойлы
Бекболат» деп басталады. Бұл тіркес
көз алдымызға кеудесі тола жыр, көмейі
күмбірлеген қазақ хандығының алғашқы
кезеңінде өмір сүрген Қазтуған жырауды
көз алдымызға әкеледі. Себебі аталған
жыраудың мадақ жырында «Қарғадай
мынау Қазтуған батыр туған жұрт» деген
жол бар.
Қазіргі қазақ поэзиясында өткен
өмірдің мұрасы, бүгінгі поэзияның
дәстүрлі арнасы болып қалыптасқан,
кезінде Абай ақтарыла толғаған, Жам-
был жүйткіте жырлаған қалып толғау
жанры уақыт өткен сайын жаңғырып,
кемелденіп келеді. Кешегі ақындарды
айтпай-ақ, дәл бүгін қалам тербеген
жыр дүлдүлдерін тілге тиек етсек,
жыраулардың жалғасы болып, жүрек
толғанысын толғау арқылы жеткізіп,
жаңа мазмұнда, халық дүниетанымына
лайық поэзия түрін жасауда. Осын-
дай талғамы мен талабы астасқан
ақындарымыздың бірі – Несіпбек
Айтов.
Поэзияда озық дәстүрді уағыздау,
оны баянды ете түсу ақындарымыздың
идеологиялық жұмысының үлкен саласы-
на айналды десек, Н.Айтов та:
«Бақилық, пенде, сез мұны,
Басымнан қымбат сөз құны» деп,
қисынын келтіріп, қиялдан әдемі ой
туғыза отырып, поэзиядағы дәстүрлі
арнаның жаңаша келбетін танытқан
а қ ы н д а р ы м ы з д ы ң б і р і . М ұ н д а ғ ы
дәстүрлі арна деп отырғанымыз, қазақ
поэзиясының түпқазығы, күретамыры,
байырғы ақын-жыраулардың салып
кеткен сара жолы. Көне түркілік сарын-
ды былай қойғанда, қазақ халқының
тарих сахнасына келуімен бірге жасап,
тіпті хандық билікпен бірге жоғалып,
тәуелсіздікпен бірге қайта қауышқан, за-
мана көрінісін талқыға салған, дәстүрлі
арна іштей қайта түлеп, жаңа сипатқа
көшті.
Н.Айтов толғауларына көз жүгірте
отырып, «уызға жарып өскен ұл» екенін
еріксіз мойындайсың. Ақын өткен күннен
қалған белгіні ескеріп қана қоймай, оны
аңсайтынын жасырмайды.
Көктемді сонау сағынам,
Өткенді сонау сағынам.
Оралтшы соны бір сәтке,
Ойпыр-ау, шындап жалынам!
Жерімес құлан қағынан,
Безінбес бұлбұл бағынан.
Соңғы тармақтағы «бұлбұл» – ақын
болса, «бақ» – ақындардың дәстүрлі ар-
насы болып табылмақ. Сондағы айтпағы
ақын болып туған соң ақындық арнаның
дәстүрлі үлгісін көрсету оның басты па-
рызы екендігі.
Алысқа бармай-ақ, ақын шығарма-
шы лығындағы «Бауырым, сонау күн
қайда?», «Басымнан қымбат сөз құны»,
«Қырықтан асқан шағымда», «Шә кірге
соңғы сауал» сынды санаулы толғау-
ларының түп-төркініне үңілейік. Аталған
толғауларды оқып отырып, сөз жоқ, XV-
XVIII ғасырларда өмір сүрген жыраулық
поэзия өкілдерінің шығар машылығымен
үндесіп жатқан дығын сезінесің. Қазіргі
танымал ақындарымыздың бірі Несіпбек
Айтов түйдек-түйдек ойларын толғай
жөнелгенде бейнебір хандық дәуірге
сапар шегіп, жалынды жырларымен ел
жадында қалған жыраулармен бетпе-бет
келгендей боласың. Мысалы, «Бауы-
рым, сонау күн қайда» толғауы сыртқы
пішінімен де, ішкі мазмұнымен де
Дос памбеттің толғауынан бастау алып
жатқандығы көзге ұрып тұр.
Дәулеткерей МҮЛіК,
і.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университеті гуманитарлық
факультеті Журналистика және филоло-
гия кафедрасының аға оқытушысы
көзқарас
Біздіңше, сонымен қатар тіл – мәдени
мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп
отырушы құрал. Тілші-ғалым Ә.Қайдар:
«Кез келген тілдің қоғамда өзара байла-
нысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты
қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам
мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап,
бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті
қызметі. Оның екінші қызметі – көркем
шығарма тіліне тән, адам баласына образ
арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сый-
лайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл
қызметі, әрине қаламгердің шеберлігіне,
сөз саптау мәдениетіне тікелей байланыс-
ты. Ал тілдің үшінші бір қызметі, ғылыми
терминмен айтқанда аккумулятивті қызметі
деп аталады. Ол – тілдің ғасырлар бойы
дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз
байлығын өз бойына жиып, сөйтіп оны
келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел
жеткізіп отыратын қасиеті...тіл фактілері
мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған
тарих. Сондықтан этностың өткендегі та-
рихы мен этнографиялық байлығын біз ең
алдымен содан іздеуіміз керек» дейді.
Олай болса, мәдениет пен тілдің бір-
бірімен байланысы күрделі, өте тығыз.
Мәдениет адам қолымен жасалатын
материалдық құндылық болғандықтан, ол
таза табиғи үдеріс ретінде таныла алмайды.
Себебі тіл адам баласына берілген рухани
құндылық. Бір қырынан алғанда, мәдениет
пен тілдің байланысы мазмұн мен пішіннің
байланысы секілді. Тіл – мәдениеттің өмір
сүру формасы болса, мәдениет – оның
ішкі мазмұны. Сондықтан да, тіл мен
мәдениетті бір-бірімен бөліп қарауға бол-
майтын құбылыс деуімізге болады.
Тіл қоғамдық үдеріс болғандықтан,
антропонимия саласындағы сөздер де
қоғамның өсу, дамуымен байланысты
өзгеріп, мағыналық тұрғыдан жаңарып
отырады. Антропонимдердің құрамында
көне дәуірден келе жатқан ескі атаулармен
бірге жаңа кезеңде пайда болғандары да
басым болып келеді. Антропонимдер бой-
ында жеке сөздер тарихы ғана емес, халық
тарихы, халық этнографиясының қат-қабат
іздері, ұлттық мәдениет жатыр.
Ономаст-ғалым А.Жартыбаев: «Бүгінгі
ойтолғам
тілБұзарға – тосқауыл
Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жол-
дауында: «Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi
ел ре тiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлтаралық
қаты нас тiлi және ағылшын тiлi – жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгутiлi» де-
ген болатын.
Жуырда алматы облысы әкімі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының
кезекті жиыны өтті. Отырысты ономастика комиссиясының төрағасы, облыс әкімінің
орынбасары Б.Өнербаев жүргізіп отырды. Оған комиссия мүшелері, ақсу, Балқаш,
Райымбек, Талғар аудандары әкімдерінің орынбасарлары мен мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің басшылары және БаҚ өкілдері қатысты. Бүгінде нысандарға атау
беру мен өзгертуге уақытша мораторий жарияланған болатын. алайда өңірде
ономастикалық ахуалды жақсарту мақсатындағы жұмыстар саябырлаған жоқ.
ажар астанада бақ сынайды
мақсат – талап үдесінен шығу
Үштұғырлы тiл – дамыған мемле-
кет құрудың алғышарттарының бiрi,
ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған
игiлiктi идея екенi белгiлi. «Тiлдердiң
үштұғырлығы», дәлiрек айтқанда,
үш тiлдi: қазақ, орыс және ағылшын
тiлдерiн Қазақстан аза маттарының
бiрдей меңгеруiн меңзе генiмен, бұның
түпкi негiзi, көздеген мақсаты –
мемлекеттiк қазақ тiлiнiң халықара-
лық қолданыстағы орыс, ағыл шын
тiлдерiмен тең қолданылатын биiкке
жеткiзу, қазақ тiлiн әлемдiк тiлдер
қатарына қосу үшiн нақты ұмтылыс жа-
сау. Қандай мемлекет болмасын, оның
ең әуелi мән берiп, ұлықтайтын тiлi,
әрине, мемлекеттiк тiл.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан – 2050: қалыптасқан мем -
ле кет тің жаңа саяси бағыты» атты Жол-
дауын да «Біз ел иесі ретінде биік бола
білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей
келе: «Қазақ тілі – біздің рухани негі-
зіміз. Біздің міндетіміз – оны бар лық
салада белсенді пайдалана отырып
дамыту. Қазақ тілін кеңінен қолдану
жөніндегі кешенді шараларды жүзеге
асыруды жалғастыру керек. Біз алдағы
уақытта да мемлекеттік тілді дамыту
жөніндегі кешенді шараларды жүзеге
асыруды табандылықпен жалғастыра
береміз. Кез келген тіл өзге тілмен
қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп,
өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған
жөн» деген болатын.
Тіл білу байлық. Әсіресе, өрке ниеттік
өрелік алға шығып, жаһан данудың
лебі есіп тұрғанда көп тілді игер генге
ешкімнің таласы бола қоймайтыны
Басқосуда Ақсу, Балқаш, Райым-
бек аудандарындағы ономастикалық
жұмыстарға байланысты атқарылған іс-
шаралар туралы аудан әкімдерінің орын-
басарлары С.Қорғанбаев, С.Смағұлов,
Т.Байеділовтің есептері тыңдалды. Атал-
мыш аудандардың бәрінде де «Тіл тура-
лы» Заңның талаптарына сәйкес көрнекі
ақпараттар мен жарнамаларды ретке
келтіру мақсатында «Мемлекеттік тіл
және жарнама» шарасы өткізілді. Ар-
найы топтар құрылып, елді мекендерді
аралап, мекемелер мен нысандарға тек-
серулер жүргізілді. Мәселен, Ақсу ауда-
ны бойынша 49 елді мекеннің екеуінің
«Казсельхозтехника», «Энергетик»
деген орысша атаулары бүгінге дейін
өзгертілмеген. Садовая, ДЕПО, ДМСУ-45
көшелері ауыстыруды қажет етеді. Со-
нымен бірге ауданда көшеге берілген кісі
есімдерінің аты-жөні (Асылбек, Нұрахмет,
Жілікбай, Жамбай) толық берілмеген
және де Т.Бокина, О.Джандосова, А.Мол-
да гуловой нұсқалары кездеседі. Сон-
дықтан да халыққа берілетін мекенжай
анықтамаларында, үй құжаттарындағы
көше атауы орысша көрсетіліп қиын-
дықтар тудыруда.
Балқаш ауданында 15 ауылдық округ,
28 елді мекен, 21 мектеп пен 243 көше
бар. Бұл жердегі көптеген көшелер жаңа
атауларға ие болған, төрт көшеге соғыс
және тыл ардагерлерінің есімдері берілген.
Көше тақтайшалары тек орыс тілінде
ілінген. Ономастикаға қойылатын талап-
тар ескерілмей, берілген көше атауларында
кісі есімдерінің аты-жөні толық (Бәзіл,
анық. Сондықтан қазақ, орыс және
ағылшын тілдерін жетік меңгерген
ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге
қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз
арнайы қаржы бөліп, түрлі іс-шаралар
ұ й ы м д а с т ы р ы п к е л е д і . А л м а т ы
облысының тілдерді дамыту жөніндегі
басқармасы Талдықорған қаласында
«Тіл шебері – 2015» атты облыс тық
байқа уын ұйымдастырды. Тіл шебері
облыстық байқауының негізгі мақсаты
- тілдерді дамыту мен қолданудың
мемелекеттік бағдарламасын жүзеге
асыру, Елбасының «Қазақстан – 2030»
Страте гиялық бағдарламасы, «Мәңгілік
Ел» идеясы, «100 нақты қадам» тап-
сыр малараның міндеттерін орындау
мақсатында, қазіргі уақытта елімізге
адал қызмет етіп жатқан мемелекеттік
қызметкерлердің ішінде де, осы үш тілді
жетік меңгерген жастардың бар екенін
дәлелдеу.
Байқауға 20 мен 25 жас аралығын-
дағы мемлекеттік қызметкер қатысып,
облыстың әр өңірінен барған үш
тілді меңгерген мемлекеттік қызмет-
кер лердің ішінен бас жүлдені қала-
мыздың білім бөлімінің бас маманы
Ажар Қалиева жеңіп алды. Байқау
жеңімпазына қыркүйек айында Аста-
на қаласында өтетін республикалық
байқауға жолдама берілді. Біз Ажар-
ды құттықтай отырып, алда тұрған
биік белестеріне тек сәттілік пен жеңіс
тілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |