4-БЛОК.КАЗАҚСТАН КЕҢЕСТІК ӘКІМШІЛ-ӘМІРШІЛ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫНДА
Қазақстан Қазан төңкерісі және кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір.Кеңес өкіметінің орнауы. Ресейдің Халықтар құқығы декларациясының жариялануы (1917 ж. 15-қазан).
Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері. Алаш және Қоқан автономиясы билік органдарының жойылуы. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы. Алаш Орда үкіметінің қазақ ұлттық әскерінің іс-қимылдары. Қазақ аумағында әскери іс-қимылдардың тарауы. «Соғыс коммунизмі» саясаты. Алаш Орда үкіметіне амнистия жариялануы. А.Байтұрсынұлының В.И.Ленинге жазған хаттарында большевиктік идеяларын сынауы. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. Қырғыз (Қазақ) АССР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі. ҚазАССР және Түркістан Республикасы. Мұсылман бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Біртұтас Түркістан идеясының жеңілуі. Т.Рысқұлов пен М.Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар паша және А.З.Валидов. Қазақстанда большевиктік режимнің қалыптасуы. Қазақстандағы жер-су реформасы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (НЭП). НЭП мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. 1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық.Қазақ зиялыларының ашаршылыққа қарсы күресі. Қазақ өлкелік партия комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі. Түркістан республикаларының ұлттық-мемлекеттік межеленуі – біртұтас Түркістан идеясының күйреуі. Қазақ жерлерінің Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына қосылуы.
Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы Коммунистік партияның қоғамдық өмірдегі күші мен ықпалының күшеюі. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесі жөніндегі шешімдері. Қазақ зиялыларына қуғын-сүргіннің басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
Жайылымдық және шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. 1930 жылдардың екінші жартысындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының ауыр жағдайы. Таптық-партиялық принциптің қоғамдық-саяси өмірдегі, мәдениеттегі, білім мен ғылымдағы салдары. Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі. Кеңестік Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.
Кеңестік білім беру жүйесін құру. Қоғамның ұлттық-мәдени негіздерінің жойылуы. Қазақ тілі ұстанымдарының әлсіреуі. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының құрылуы.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Кеңес мемлекетінің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайы. Қазақстан аймақтарына халықтарды, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін эвакуациялау. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі. Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионының» тарихы. М.Шоқайдың Батыс Еуропадағы қуғындағы қызметі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен сабақтары. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.