жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында өңірлерді дамыту мәселесіне орай
«Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы болып саналады»-деп нақты
көрсетіліп, моноқалалар мен агломерациялардың дамуына, халықтың экономикасы қарқынды дамыған
орталықтарында шоғырлануы мәселесіне ерекше назар аударылуы маңызды шараларының бірі екені
нақтыланған[10]. Әрине бұл өзекті мәселелерді жергілікті билік атқарушы органдар өз құзырында
шеше алмайды, ол үшін мемлекет тарапынан арнайы бағдарлама қабылданып, заң күшіне енгізілуі
керек. Сондықтан да бола ҚР Үкіметінің отырысында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына қалалық
агломерацияларды дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар қарастырылды. Онда еліміздегі
120
агломерациялар екі деңгейлі етіп айқындалды және бағдарламаны жүзеге асыру бағыттары нақты
көрсетілді [11].
Осылай болса, тек заң жүзімен шектелмей, халықтың ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарла-
малар арқылы тұрмыс деңгейін, жұмыспен қамтамасыз етілуі, өзге де әлеуметтік – мәдени талаптар-
дың орындалуына қол жеткізуіне, кімде - кім қиындығы мол, күрделі, өзіне жат ірі мегаполиске көш
басын бағыттау алдында асықпай ойланар еді.
Әдебиеттер
1. Тынышпаев М. История казахского народа. - Алма-Ата, 1993. - С.29.
2. Платунов Н.И. Переселенческая политика Советского государства и ее осуществление в СССР (1917 –
июнь 1941). - Томск , 1976. - С. 95.
3. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980). – Алма-
Ата: Ғылым, 1991. - С. 95.
4. Тәтімов М. Ұлттық урбанизациямыздың ұтымды үрдістері. - Алматы, 1993. – 102 б.
5. Проблемы труда и народонаселения в Казахстане //Сб. Статей. - Алма-Ата, 1970. - Вып.I. – С. 175
6. Сборник материалов по вопросам народонаселения. – Астана: 2000. - 654 с.; Статистический сборник
Алматинской области. – Алматы: Статистическое управление Алматинской области, 2000. - 23 с.; Қазақстан
өңірлерінің демографиялық жылнамалығы. - Алматы. 2006. - 504 б.
7. Статистическиепоказатели/Подред. СмаиловаА.А.–Астана: 2012. - 82 с.
8 Нұрымбетов Б. Жалпыға ортақ еңбек қоғамына// «Дала мен қала.- 2012. - 27 тамыз.
9 Қинаятұлы З. Көш - ол ұлт өміріндегі құбылыс // Егемен Қазақстан. - 2001. - 22 наурыз
10 ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-
Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауы// Егемен Қазақстан. -2012. - 28қаңтар
11 Муканова А. Агломерации как центры роста // Казахстанская правда. - 2012. - 03 октябрь
АБИКЕНОВА Г.Е.
т.ғ.к., әл-Фараби ат. ҚазҰУ
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ
Адам баласы осыдан бес мың жыл бұрын жазу үлгісін тауып, ойы мен пікірін хатқа түсіре бастаған
болатын. Жазу құралдары мен материалдары ұқсас болмаса да, олардың негізгі халық қолданысына
тиімділігі баршамызға мәлім. Қазақ ұлты да өзінің жазу тарихында бірнеше әліпбиді алмасытырып,
пайдаланғаны белілі. Олар әр кез халықтың рухани құндылығын бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жет-
кізумен қатар, халық сауаттылығын ашу ісінде аса маңызға ие. Бүгінде «Латын әліпбиіне көшу ке-
рек пе?» деген уақыт талабы тудырған сауал орын алды. Жалпы Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған
кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы
мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле басталды. 2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан
халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақ
әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған
едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның
ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішін-
де мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой ал-
дырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», [1] – деп атап өткен
болатын.
Латын әліпбиіне өту мәселесі ХХ ғасырдың басында-ақ көтеріліп, пролетариат көсемі В.И.Ленин
араб әліпбиін латынға ауыстыруды Кеңестердің Шығыстағы революциясы деп бағалағаны белгілі. ХХ
ғасырдың басындағы бұл әрекет қазақ елін де айналып өткен жоқ. 1917 жылғы болған төңкерістің желі
Ресей жерін ғана емес оның айналасындағы көрші жатқан елдердің барлығын шарлап, біздің еліміздің
де тарихы мен тілінде өшпес із қалдырды. 1920 жылдардың басында сол кездегі биліктің бастамасымен
араб әрпімен жазып келген түркі тілдес халықтардың барлығын жаппай басқа әліпбиге көшіру саясаты
қолға алынды. Әліпби, емле және оны реформалауға байланысты қазақ оқымыстыларының арасындағы
пікірталас алғашқыда «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» газеті сынды басылымдар беттерінде көрініс
тапса, 1920 жылдан бастап «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Жаңа мектеп» сынды басылым беттерінде
қызу айтысқа айналды. Әсіресе әліпбиге байланысты зиялылардың көзқарастары мен пікірталастары
қалың бұқара арасына жарияланып, халық талқысына салынды. Бұл істе «Еңбекші қазақ» газетінің
орны ерекше болды. Аталмыш газетке екі топтың өкілдері әр түрлі тақырыпта мақалалар жариялап
121
отырды. Мәселен, Н.Төреқұлов «Бізге қандай әліппе керек», Ә.Байдилдиннің «Жаңа әліппе тарихы-
нан», Б.Байтоғайұлы, Қ.Басымов, М.Дулатов, Т.Шонанұлының «Бізге жаңа әліппе не үшін керек»,
О.Жандосұлы, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Н.Қаймекеұлы, Ж.Аймауытовтың,
М.Мұхтарұлы «Дыбыс белгілерін негізінен өзгерту керек» т.б. және шетелдік Г.И.Бройдо, Н.Яковлев,
Поливанов, Навширманов, профессор Ашмарин, профессор Жюзе, академик Бартольд, профессор
Л.Жирков, профессор Б.Шобанзаде сынды ғалымдардың бірнеше мақалалары жарық көрді.
1924-1926 жылдары әліпби тартысы Түркістан мен Қазақстан аумағында толассыз жүрді. 1924
жылы 12-18 маусым аралығында болып өткен білімпаздардың тұңғыш съезінде қазақ ұлтына қатысты
әр түрлі мәселелермен қатар әліпби алу ісі туралы сөз болады. Жалпы Кеңес үкіметі билігі тұсындағы
ұлттық оқыған қауымның алғашқы бас қосуы осы қазақ білімпаздар тобының съезі болды. Түрлі
баспасөз беттерінде білімпаздар тобының жиыны өтетіні туралы ерте-ақ жария етіліп, онда қандай
мақсаттар атқарылатыны туралы жазылды.
«Бұл жиылыс еріккеннің ермегі емес, «топалаң уақытындағы той» емес – мектептерде оқу ана тілін-
де жүргізіліп, кітаптар жанданып, жазу машинасы шығып, мекемелерінде іс қағаздарын қазақ тіліне
көшіріп жатқан дәуірде, үлкен сапырылыс болып, пікір өрнек, жазу-сызу, программалар, жобалар май-
даны ашылған дәуірде, өмір тілегімен болып жатқан жиылыс. Бұл жиылыс – ой, сөз жиылысы» – деп,
өтілер жиынның мән-жайы туралы жалпылама түсіндірме беріледі [2]. Шындығында, бұл білімпаздар
тобын шақырудың өзі қазақ елінің болашақ әдебиетін, тілін, емілесін, мәдениеті мен түрлі ғылыми іс-
терін шешуде бөлінбей, біртұтас ұлттық ортақ мүдде үшін дұрыс шешім қабылдап, істі алға бастырту
мақсатынан туған еді. Әйтсе де қазақтың араб әліппесін латын әліпбиіне көшірер тұста «жаңашыл» ұлт
зиялылары мен «ескішіл» ұлт зиялылары арасында үлкен пікірталас орын алады.
Аталған съезд туралы Қаныш Сатпаев: «Алқаға Туркия, Әзірбайжан, Татарстан, Қазақстан,
Өзбекстан және басқа түрік нәсілдес республикалардан өкілдер келген. Алқаның жұмысына көмектес
болу, қорытындыларымен таныс болу үшін жиналысқа күнбатыс Еуропадан көп профессорлар кел-
ген көрінеді. Қазақтарды қоспағанда барлығы 132 өкіл болыпты» – деп, одан ары съездің үш мәселе
бойынша:
1 Пән сөздері (термин туралы);
2 Емле туралы;
3 Жазу таңбалары туралы ортақ бір тоқтамға келгендерін жазды [3].
Бұл съезде сөз алған А. Байтұрсынұлы 1924 жылғы Қазақ білімпаздары тобының съезіндегі латын
әліпбиі туралы ойын тағы да қайталап ұсынып, қарсылық білдіреді. Әрине, әліпбиді жиі өзгерту – ел
өркениетінің дамуына кері әсерін беретіні сөзсіз еді. Себебі жаңа әліпби енген соң оны жалпы халыққа
меңгертіп, барлық оқу-ағарту саласына өзгеріс жасаудың өзі үлкен қаражатты қажет етері сөзсіз еді.
Сол себепті де А. Байтұрсынұлы бастаған бірқатар Алаш қайраткерлері әліппенің ең тиімді жолын
алуды көздеді.
Әйтсе де съезд бірқатар қазақ зиялыларының қарсылығына қарамастан барлық түркі халықтарының
жазуын латындандыру туралы шешім қабылдайды. Бұл шараға жетекшілік ететін жаңа түркі
алфавитінің Орталық Атқару комитеті құрылып, оған Қазақ АКСР-нен тек Нәзір Төреқұлұлы енеді [4].
Съезд мүшелігіндегі Телжан Шонанұлы латыншылар жағында болды. «Жалғыз қазақ емес, бүкіл араб
әліппесін қолдап жүретін елдер арасында латын әліппесіне көшу деген ағым болғаны белгілі. Бұлар
тек Кеңестер Одағындағы түріктердің ғана арасында емес, Одақ сыртындағы түріктер мен мұсылман
елдерінің арасында да бар. Латын әліппесі бірқатар елдер әлемінде жатыр... әрине латынға қарсылар
да бар. Қарсылардың да дәлелі бар. Әңгіме дұрыс шешілу үшін латыншылардың да, оған қарсылардың
да ой-пікірлері айқындалуы қажет» – деп өз ойын білдіреді [5].
Әрине, бұл тұста қазақ зиялылары тобының арасында кикілжіңнің тууы жеке бастың ісі емес, ұлт
болашағы болды. Сөзімізді нақтылай түссек, аталған съездің барысында ұлт зиялылары пән сөздер, емі-
ле, жазу сияқты маңызды мәселелер бойынша «Түрік қауымдарына жалпы ортақ боларлық пән сөздер
(словарь) тізімі басылсын; емленің негізі дыбыс жүйесіне тіркелсін» – деп ұлт мүддесіне қатысты істі
топтасып шешкенде, әліпби мәселесін шешуі де ұлт мүддесінің қамы еді. Яғни, бұл тұста зиялылардың
бір тобын қолда бар нәрсені жоғалтып алмау толғандырса, ал екінші тобын өзге елдерден немесе уақыт
кеңістігінен қалмау алаңдатып, соған орай ортақ пікірдің туындамауы деп қарастыруымыз керек.
1927 жылы 9 маусымда БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің секретариаты Қазақ КСР Халық комис-
сарлар Кеңесіне латын алфавитін насихаттайтын республикалық комитет құру турасында ұсыныс жа-
салады. Комитеттің құрамына Нығмет Нұрмақов (төраға), Телжан Шонанов, Әбдірахман Байдилдин,
Ғаббас Тоғжанов, Ораз Жандосов, Қайыпов пен Ормантаев сияқты ұлт зиялыларын бекітті [6].
Осы жылдың 17 тамызында БК(б)П Қазақ Өлкелік комиссариаты үгіт-насихат бөлімінің меңгеру-
122
шісі, жаңа алфавитті енгізу жөніндегі Орталық комитеттің төрағасы Ораз Жандосов бұдан әрі алфа-
вит туралы пікір-талас жүргізуден келетін ешбір пайданың жоқтығын ескеріп, сөзден іске кірісуді
ұстанады. Соған орай тез арада Нәзір Төреқұлов жобасымен жасалған латын жазуындағы әліппелерді
көп дана етіп басып шығарып, елге тарату керектігін атап өтті [7].
1928 жылы 20 желтоқсанда Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің ІV сессиясында латын алфа-
витіне көшу туралы ресми шешімі шығады [8]. Осы тұста Әбдірахман Байдилдин ендігі уақытта жаңа
алфавит ескімен қатар өмір сүре алмайды, сондықтан мүмкіндігінше тез іс жүргізіп, оқу-ағарту ісінде
қауырт қимылға көшуді ұсынады [9].
Түрлі қиыншылықтардың туғанына қарамастан алфавит ауыстыру ісіне қазақтың ұлт зиялыла-
ры өзінің төл ісі ретінде жақын көріп, белсене атсалысты. Мәселен, ұлт зиялылары қатарындағы Т.
Шонанұлы да белсенділік танытып, «Жаңа мектеп» журналында «Жаңа әліппе сабағы» айдарымен
бірнеше әліппе сабақтарын жариялап отырды. Тіл маманы өз кезегінде халыққа қарапайым тілде мы-
салдар келтіре отырып, жаңа әліппемен оқушылар сауатын ашуға мүмкіндіктер жасайды [10].
Шығыстағы революция тікелей коммунистердің белсенділігімен Қазақстанда да жүзеге асқан соң,
1929 жылы 10 ақпанда БК(б)П Қазақ Өлкелік комиссариатының арнаулы қаулысына сәйкес араб
жазуымен жазылған кітаптарды шығармау жөнінде республика басқармаларына нұсқау беріледі.
Сондықтан латынға қарсы күрескен Ахмет Байтұрсынов бастаған төте жазу қорғаушылары аз уақыт
ішінде шығармаларын латын алфавитімен жазуға көшті. Дегенмен, латын әліпбиіне көшу және оны-
мен сауаттандыру мәселесі Қазақстанда басқа өлкелермен салыстырғанда кенже қалып отырғандығы
байқалады. Мәселен, Ғ. Тоғжанұлының 1928 ж сәуірдің 31 күні белгісіз газеттің 58 бетінде жариялаған
«Жаңа әліпбиге жаппай көшуге кімдер қарсы» деген мақаласында берген мына мәлметінен біле ала-
мыз: «Жаңа әлпбиге көшуге қарсылар отаршылдар, арабшы – ұлтшылдар, кер тартпа бюрократтар,
кейбір жауапсыз камунисттер. Жаңа әліппемен сауаттанған қазақтар 858 мың, бұл жалпы Қазақстанда
тұратын қазақтардың 18 – 20 % құрайды. Ал араб әрпін негізгі есеп ретінде алғанда хат танушылар
5–6 % ғана еді. Басылған кітап саны 357. Көрші мемлекеттерде бұл жақсы көрініс тапқан. Татарстан 3-4
жылда халықтың 60 % сауатанды, Өзбекстанда 2.000.000. адам сауаттанып, 1469 кітап шыққан»,-деп
атап көрсетеді [11].
Десек те, баспасөз бетінде «ескішілер» мен «жаңашылдар» болып екіге бөлініп, алфавит (әліпби)
мәселесін талқылаған ұлт зиялылары жаңа шешім қабылданып, нұсқау берілген тұста ұлт мүддесі
үшін қайта тізе біріктірген еді. Елдегі сауатсыздықпен күрес ісімен қатар келген әліпбидің ауысуы қлт
зиялыларының тағы да бас біріктіріп, ұлт мүддесі үшін аянбай қызымет етулеріне итермеледі. Соның
үшін олар өзара әліппе мәселесі үшін болған қызу айтысын тек ұлттық құндылықтарды жоғалтып ал-
мау қажеттілігінен туындаған дауы деп бағамдауымызға болады.
Осы тұста зерттеуші Дихан Қамзабекұлының: «Араб тілі – шығыстың латыны» деген пікірді оқып
едім. Шынында біздің көп сөзіміз арабқа келіп тіреледі. Өкініштісі, біз араб жазуын енді пайдала-
на алмаймыз. Бағыт, талғам, уақыт оны көтермейді. Сондықтан шығыстың латыны емес, Шығыс
құндылықтарына сиымды Батыс латынын топырағымызға лайықты етіп орнықтыруымыз абзал» [12]
– деген пікірімен қосыла отырып, бұл мәселеге тек қоғамдық ой-пікір ғана емес, бүгінгі таңда да
көтеріліп отырған негізгі мәселе деп қарастыруымыз қажет. Олай болса, латын әліпбиіне өту қажеттілігі
толығымен елімізде мақұлданып жатқан жағдайда, өткен ғасырдағы ұлт зиялыларымыздың еңбектерін
оқып, зерделеп, ой-пікірлерін саралап, талдап шығудың да қажеттілігі келген сияқты.
Әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сес-
сиясында сөйлеген сөзі// www.akorda.kz
2. «V». Қазақ білімпаздар тобының съезі // Еңбекші қазақ. – 1924. - 27 маусым.
3.Қамзабекұлы М. Қазақ зиялыларының әліпби айтысы // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 11 желтоқсан. 11-б
4.БК(б)П Қазақ Өлкелік комиссариаты секретариаты отырысының хаттаммалары // ҚР ПМ. Қ. 141; т. 1, іс.
1043. – 437 п.
5.Шонанұлы Т. Латын әліппесі туралы // Еңбекші қазақ. – 1926. – 25 сәуір.
6.БК(б)П Қазақ Өлкелік комиссариаты секретариаты отырысының хаттаммалары // ҚР ПМ. Қ. 141; т. 1, іс.
1043. 437-438 пп.
7.Шонанұлы Т. Үмбетұлы Мәжитке жауап // Еңбекші қазақ. – 1926. – 26 ақпан.
8.1928 жылғы латыншылардың бірінші конференциясының құжаттары // ҚР ОММ. Қ. 740; т. 1, іс. 10. – 21 п.
9.Байдилдин А. Введение нового алфавита в Казахстане // За партию. – 1929. – № 1-2. – С. 80-82.
10.Шонанұлы Т. Жаңа әліп майданында кезекті мақсатымыз // Жаңа мектеп. – 1929. – № 8. – 22 б.
11. Сәтбаев Қ. Әліпби туралы // Қазақ тілі. – 1926. – 19 мамыр.
12.ҚРОММ. Қ. 740, Т – 1, Іс. 9. 134-п.
123
МӘЛІКОВА С.З.
т.ғ.к.,СҚО мұрағаты директоры
СОЛТҮСТІК ӨҢІРДІҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН
АТАУЛАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы өмірлік маңызы бар мәселе. Осы мақсатта Солтүстік
Қазақстан облыс мұрағатындағы деректерді саралап, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың,
мемлекеттік мекемелердің жұмыстарында, жеке тұлғалардың ізденістерінде пайдалануға мүмкіндік
жасалды.
Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлініс жүйесі тарихта айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отыр-
ды. Бұл – губерния, облыстардың құрылуы, жабылуы, қайта аталуы; уезд, округ, аудандарды құру,
қосу, қалпына келтіру, тарату және қайта атау; әкімшілік орталықтарды ауыстыру, әкімшілік-аумақтық
бірліктердің бағанасын өзгерту; елді-мекендерді жазуда транскрипциялардың өзгеруі.
XVIII ғасырда Қазақ хандығының Кіші және Орта ордалары Ресейдің құрамына кіргенін жария
қылса да, қазақтың үш жүзі, әсіресе Орта жүз Абылай хан тұсында өзінің жеке дара саясатын жүргізіп
отырды. Ал Ресей болса өзінің сыртқы экспанциялық саясатын жалғастыру мақсатында 1752 жылы
26 наурызда Новоишим линиясын салу жөнінде указ қабылдады. Новоишим линиясы Звериноголов
және Омбы бекіністерін қосты. Линияның басты фортификациялық құрылысы «Әулие Петрдің»
бекінісі (кейіннен Петропавл) қазақтың Қызылжар деген елді мекенінде салынды. 1755 ж. осы лини-
яда 2-алтыбұрышты, 9-төртбұрышты бекіністер, 33 редут және 42 маяк болды. Батысында Кабанье
шығысында Лебяжье деп аталатын бекіністерден тұратын Горькая линия бекінісі осындай еді. Оның
бойында казактардың және қоныс аударушылардың станциялары мен поселкілері салынды.
Ресей империясының 1804 жылғы әкімшілік рефермасы Петропавлге қала статусын берді. Сол
1804 ж. Ильин, Казан, Краснояр, Сладков және Соколов болыстары Тобол губерниясының Петропавл
комиссарлығына бірікті.
Патша үкіметі казактардың Қазақстанды отарлауын белсенді қолдап отырған. Мәселен, 1808 ж.
19 тамызда император Александр I Горькая, Иртыш және Бухтырма линияларын казактарын бірітіру
және ортақ Сібір казак әскерін құру жөнінде указ жариялады. Казактар өздерінің басқару жүйесі мен
жер үлесіне ие болды.
Орыс шаруаларының біздің өлкені қоныстануы алғашында стихиялы түрде басталды. Олар
Желековка, Долматов,Соколов, Вагулин, Белое, Метлищино (Қызылжар, Мамлют, М. Жумабаев
аудандары)селоларының жеріне қоныстанды.
1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша орта және ұлы жүздіңтериториясы Сібір
қырғыздарының облысы деп аталып, Батыс Сібір генерал губернаторының құрамына енді. Енді
Сібір қырғыздарының (қазақтарының) жері сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтер-
ге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға
бөлінді: округ 15-20 болыстан, болыс 10-12 ауылдан, ауыл 50-70 түтіннен құралды. Орта жүзде хан
билігі жойылып, болыс сұлтандары мен ауыл старшиналары аумақтың бөліктерін басқарды. Болысты
бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс
ру аттарымен мысалы, Атығай,Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Орталық мемлекеттік мұрағат
материалдарында Көкшетау округіндегі қазақ болыстарының орналасу тізімі төмендегідей болған
көреміз:
№
Болыс атауы
Сайланған сұлтандар
1.
Майлыбалты атығай болысы:
Бабасан, Сүйіндік қара-Қадыр, Сары баласы, Елтоқ
Әбілпейіс Ғабайдуллин
2
Бағыс атығай болысы
атығай Бағыс, Ақ киік, Баба, Құлансу, Қойлы атығай
Қонысбай Ғаббасов
3
Құдайберді атығай болысы
Құдайберді, Бәйімбет
Старшина М.
Жанғарин
4
Құрсары керей болысы
Құрсары, Барш Құрман, Сырым, Сағал- Сары, Есенберді
5
Қуандық керей болысы
Қунадан төбек, Жәнібек, Қармұрын, көшіп жүрген қыпшақ
және Баба атығайлықтармен бірге
124
6
Балта Көшебе керей болысы:
Балта, Көшебе, Мұраталы, Төлей, Сибан, Шағалан
Старшина Етек Жандосов
7
Есенбай керей болысы:
Шығыр, Абыз, Андагұл, Мұрат және Құрсарының бір бөлігі
Сұлтан Кенжесар Рүстемов
8
Уақ керей болысы
Уақ, Бидалы, Жансары, Шайгүл, Баржақсы, Шағай
Старшина Шуақ
9
Иманалы керей болысы
Алдай, Қантай, Жадияр, Дәулетінбет, Бинай, Мадьяр,
Нұралы, Нұрымбет, Күлтөбе
Сұлтан Әбділғұл Аблайханов
10
Жұмабай қарауыл болысы
Жұмабай, Ыдықбай, Баққошқар
Сұлтан Сейіткұл Шыңғысов
11
Ашқы жауар қарауыл болысы
Ашқы, Жауар, Монтық, Сары, Қылды
Самай Шыңғысов
12
Уақ болысы
Шоға уақ, Жансары уақ, Байжігіт уақ
13
Самай керей болысы
Самай, Матақай, Алдыберды
14
Қанжығалы болысы
Калапар, Барак Шабақ, Құлтабар, Қошкелді, Жолымбет
Сұлтан Нұрмұхамбет Сыдықов
15
Құлатай қыпшақ болысы
Құлатай, Когайдар, Құдас, Құлан
Сұлтан Аблай Ишимов
16
Күрлеуіт қыпшақ болысы
Күрлеуіт, Юлубай, Айкұлдық, Мадяр
Сұлтан Нұралы Құрашев
17
Байқырғыз болысы
Байқырғыз, Жаңақырғыз
Сұлтан атағы бар би Қуандық
Кұтамбетов
[1, п. 16-17]
Жаңа заңды іске асыру барысында руға бөліну айта аларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың
белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп
қонудың рулық тәртібі бұзылды.
ХІХ ғ. 50-шы жылға дейін түрлі әкімшілік-аймақтық өзгерістер болып тұрды.
ХІХ ғ. 60-шы жылдардың ортасында Қазақстан жерінің Ресей мемлекетінің құрамына енуі аяқталды.
Сол оқиғаны заңдастырған 1868 жылғы реформаға сәйкес Батыс Сібір ( кейін Дала) генерал губернато-
ры Ақмола облысының Петропавл, Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Омск уездерін құрды.
Қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы жерінде жоғарыдағы ереже бойынша бірінші болып Полудин
болысы 1869 жылы құрылды. Болыс орталығы «Горькая линия» («Ащы белдеу») бойындағы бекініс
ретінде салынған Полудин селосы болды. Полудин селосы 1752 жылы Ганкина редутының негізінде
қаланған. Бұл болыстың бірінші биі Ноғайбай Батырбекұлы болды.
Осы реформаны дайындау кезінде құрылған арнайы комиссия қазақтардың руға болінуін әкімшілік
және саяси жағынан тиімсіз деп бағалады. Қазақтардың үлкен аймақта көшіп қонуы және руды бір
адамның-болыс-бидің басқаруы Ресей өкіметі үшін саяси жағынан қауіпті еді. Сөйтіп, 1875 жылы Орта
жүз болыстарының атауы төмендегі кестеде көрсетілгендей өзгерді:
Болыс атауы
Ертедегіатауы
Атауы
Еретдегі атауы
Омбы уезі
1 Омбы
2 Николай
3 Покров
4 Курган
5 Черлаг
Баба-бағыс
(Атығай руы )
Жауар-қарауыл
(Қарауыл, уақ)
Төлеке Құрсопы керей
(Керей)
Бақтыбай маней керей
Құлатай қаншық
Петропавл уезі
1 Петропавл
2 Тайынша
3 Полудин
4 Становой
5 Преснов
6 Пресногорьков
7 Құшмұрын
Андағұл атығай
Бабасан
Шоға бабасан
Иманалы керей
Самай керей
Матықай сыбан керей
Байдалыбаржақсы -уақ
[2, с.33-34].
Солтүстік Қазақстан облысындағы мұрағат қорындағы сақталған мәліметтерге қарасақ, Петропавл
уезінде 1876 ж. 45 казак станциясы мен поселкісі болғанын көреміз.
125
XIX ғ екінші жартысында Қазақстанға Ресейден қоныс аударған шаруалар көптеп келе бастады.
Осы мәселені реттеу үшін 1889 жылы 13 маусымда Мемлекеттік Кеңес түгел Ақмола облысының ер-
кін қазыналық жер үлестеріне шаруалардың қоныс аударуына ашық деп жариялады. Осы кезден бас-
тап жаппай қоныс аудару басталды. Тек 1890 жылы ғана облыс аймағына Ресейдің 32 губерниясы-
нан 18 мың қоныс аударушылар келді. Дала генерал губернаторы «еркін» қазыналық жерлерден жаңа
қоныстарға 12 участок бөлді. Олар:Петропавл уезінде – 2, Көкшетауда – 9, Атбасарда -1. [3, с.9 ]
Біздің өлкедегі алғашқы шаруа қонысы Айыртау ауданындағы Кривоозерное селосы (кейін
Володаровка, қазір Саумакөл) еді. Қоныстаушылар басында қазақтардан жерді жалаға алған. Кейін орыс
үкіметінің Переселен пункті арнайы жер учаскілерін қазақтардың жерінен алып, қоныс аударушыларға
бөліп берді. Осындай шаруа селолары 1914 жылға дейін пайда болды.
Мәселен, 1894 жылы Ильин, Александр, Николай селолары, 1895 жылы 12 село, оның ішінде Успен,
Полтавка (ертеден атауы Құмдыкөл), Семиполка (ертеде Қоскөл), Благовещенка ( ертеде Жекекөл),
Спаский ( ертеде Қоржынкөл) және т.б.
Өлкені жаппай отарлаудың нәтижесінде Петропавл уезінде 1896-1905 жылдары ғана орыс
шаруаларының саны 33343 адам болды.
ХІХ ғ аяғы ХХ ғ. басында уезд территориясында 443 жаңа қоныс пайда болды, оның ішінде 1907
жылы Рублевка ( ертеде Қамысты), Богодуховка, Астраханка (Қаратомар), Писаревка (Мырзакелді),
1909 жылы Надежда (Бақай), 1906 ж. Тарангульское, Куприяновка (Алатай), Возвышинка, Леонидовка
(Олжабай), 1914 жылы Власовка (Ақсақбай).
Кеңес өкіметі орнаған кезеңде әкімшілік-аймақтың бөліністер тағы да көпеген өзгерістеге
ұшырады.
Петроградта большевиктер 1917 жылы 25 –қазанда өкімет билігін басып алып, «Россия халықтары
праволарының деклорациясын» мен «Россия мен Шығыстың барлық мұсылман –еңбекшілеріне»
үндеуін жариялады. Бұл құжаттарда барлық халықтарға теңдік, өзін-өзі билеу еркі берілетіні жазыл-
ды. Ал шындап келгенде бұл сөз жүзіндегі уәделер болып қала берді. Ресейдегі, Қазақстандағы са-
яси күштердің шиеленісуі азамат соғысына әкелді. 1918 жылдың жазында Ақмола, Петропавл уез-
дерінде билік Колчак үкіметіне көшті. Тек 1919 жылы күзінде қиян-кескі ұрыстардың барысында
М.Тухачевскийдің 5-ші армиясы Кеңестерге үкімет билігін қайтарды.
1919 жылы 27- тамызда Сібір төңкеріс комитеті, қысқаша Сибревком құрылды. Оның құрамында
Ақмола губерниясы орталығы- Петропавл, Семей губерниясы орталығы-Семей болған еді. 1919 жылы
23 қарашада Петропавл уездік ревком құрылды. Осыдан жер-жерде ауылдық және болыстық ревком-
дар құру жүргізілді.
1920 жылы 26 тамызда Қырғыз – (Қазақ) Автономиялық Кеңес Социалистік Республикасы құрылды.
Бұл қазақ мемлекетін қайтадан қалпына келгенін бекіткен оқиға еді. АКСР-дің құрамына Ақмола,
Семипалатинск, Торғай, Орал облыстары, Маңғышлақ, Закаспиий және Астрахан губерниясының бір
бөлігі енді.
1921 жылы 25 сәуірде Ақмола губерниясы құрылды (орталығы Петропавл), оның құрамында Ақмола
(75 болыс), Атбасар (51 болыс), Көкшетау (63 болыс), Петропавл (44 болыс) болды.
1928 жылы губерния мен уездер жойылып, округқа бөліну енгізілді. Қызылжар
(Петропавл) округінде 21 аудан болды. «Бостандық туы» (қазіргі «Солтүстік Қазақстан») газетінде
Ақмола губерниясында аудандастыру жұмысы жөнінде жазылды [4, с. 2 ]. Сол мақаладан үзінді беріп
отырмыз ( құжаттағы мәтін өзгеріссіз берілген):
Қызылжар округінің аудандары ( орыс аудандары)
1. Пресновский ауданы. Ауданның орталығы Пресновский қаласында. Бұл аудан Қызылжардың күн
батыс жағында Қорған окурігімен шектеседі.
Ауданның жері: ағашты-далаңқы, көлі аз, қара топырақты егістікке жәйлі болады.
2. Ворешлев ауданы. Ауданың орталығы Қызылжар қаласында. Бұл аудан Қызылжардың оңтүстік
күн батыс жағында болады.
Ауданның жері: ағашты-далаңқы, топырағы қара балшықты болады және бұл ауданның ортасынан
Есіл өзені ағады.
3. Трудобой ауданы. Ауданның орталығы Қызылжар қаласында. Бұл аудан Қызылжардың солтүстік
жағында болады.
Ауданның жері: ағашті, көлді, қарабалшықты болады. Және бұл ауданның ортасынан Есіл өзені
ағады.
4. Булаев ауданы. Аудан орталығы Булаев қаласында. Бұл аудан Қызылжардың күн шығыс пен
126
солтүстік аралық жағында тұрады. Бұл ауданның жері қарабалшықты, қайың ағашты болады. Бұл
ауданда тұзды және балығы бар бірнеше көлдер бар.
5. Ленин ауданы. Аудан орталығы Явленка қаласында. Қызылжардың оңтүстік жағында болады.
Ауданның жері қарабалшықты, ағашты, көлді, кей жерлері далалы болады. Ауданның ортасынан Есіл
өзені ағады.
6. КрасноАрмейский ауданы. Ауданның орталығы Сокотын қаласында. Аудан Қызылжардың
Көкшетау жағында болады. Ауданның жері қара балшықты (көлі ағашы аз) далалы болады.
7. Крестиян ауданы. Ауданның оратлығы Көкшетау қаласында. Ауданның елі Көкшетау маңында
болады. Ауданның жері ойлы-қырлы, кей жерлері таулы-тастақты төмен жерлері ғана қара балшықты,
көлді, қарағай ағашты болады.
8. Шортан ауданы.
9. Балқашын ауданы
10. Арық Балық ауданы. Ауданның орталығы Арықбалық қаласында. Бұл аудан Көкшетаудың
күнбатыс жағында болады.
11. Володарский ауданы.
12. Преснов ауданы.
13. Рузаев ауданы. Ауданның орталығы Рузаев қаласында. Бұл аудан Қызылжардың оңтүстік
жағында.
14. Уретский ауданы. Ауданның орталығы Маринский қаласында. Бұл аудан Қызылжардың оңтүстік
жағында болады.
Қазақ аудандары
15.Төңкеріс ауданы. Аудан орталығы Майбалық көлінде. Бұл аудан Қызылжар мен Қостанай
округінің арасында болады.
16. Қызыл-әскер ауданы. Ауданның орталығы «Өрнек» ауылында. Бұл аудан Қызылжардың
Қостанай жағында болады. Бұл ауданда Арғынның: Дәуіт, Биғұл, Қалқаш, Керейдің: Сымайыл, Ақсары
сияқты рулары бар. Ауданның жері ағашты, далаңқылы, көлі көп, кей жері қызылкүрең, көп жері қара
балшықты болады. Ауданның ортасынан Есіл өзені ағады.
17. Бейнетқор ауданы. Ауданның орталығы «Кедей» пасолкесінде. Бұл аудан Қызылжардың
күншығыс оңтүстік жағында болады.Аудан жері; ағашты, далаңқылы, көлді, қара балшықты, оңтүстік
жағы дала, жайлау болады.
Бұл ауданда Арғынның: Баба, Бабасан, Дәуіт, Сасық, Өте деген рулары бар.
18. Қызылту ауданы. Ауданның орталығы «Қулыкөл» ауылында. Бұл аудан Қызылжардың
күншығыс жағында Омбымен шектес болады. Ауданның жері далаңқы, қара балшықты, оңтүстік жағы
қызылкүрең балшықты болады. Әрі бұл ауданда тұзды көл көп болады.
Бұл ауданда Керейдің: Қоңқаш, Ақсары, Күрсары, Қыпшақ рулары бар.
19. Көкшетау ауданы. Ауданның ораталығы «Көкшетау» қаласында. Ауданның елі сол Көкшетаудың
айналасында болады. Бұл ауданға Арғынның: 1) Арықсопы, Құлымбет, Бөке. 2)_Қожасопы, Төнек,
Жәнақатан, Дайырқожа, Қарауыл, Мешек, Қарт сияқты рулары қарайды.
20. Еңбекшілер ауданы. Аудан орталығы жаңадан салынған Қазақ қаласында (Казгородок М.С.).
Бұл аудан Көкшетаудың күншығыс жағында болады. Бұл ауданда Арғынның: Қарасопы, Атығай,
Мейрамсопы; Қарауыл, Қарағай, Жауар, Танай, Керей рулары бар.
21. Октабырь ауданы. Аудан орталығы Боладар қаласында. Бұл аудан Көкшетаудың күнбатыс
жағында болады.
Бұл ауданда: Арғынның Арықсопы, Есенаман, Игісәт, Дәуіт, Қожасопы, Тәшек, Қартқожа, Қотан,
Қарауыл, Мешек, Тонғат, Қолымбет деген рулар бар.
Бұл мәлметтер сол кездегі қазақ ауылдарының аумақтық бөліністерге қалай біріккенін және оның
кейінгі әкімшілік – аумақтық өзгерістерді анықтауда көмегі мол болары сөзсіз.
1930 жылы 17 желтоқсанда Петропавл округі жойылып, ірілендірілген аудандар құрылды. 1932
жылы орталығы Петропавл болған Қарағанды облысы құрылды.
1936 жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |