Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет17/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39

Әдебиеттер
1.  Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 5-том. – Алматы: «Атамұра», 2010. – 18-б.
2.  Козыбаев М.К. История и совремменость. – Алматы, Ғылым, 1991, 252-б.
3.  Бурханов К.Н., Султанов Б.К., Аяган Б.С. Современная политическая история Казахстана (1985-2006 гг.). 
Издательский центр Института истории и этнологии им. Ч. Валиханова. – Алматы, 2006. 120-б.
4.  Тоқаев Қ.К. Под стягом независмости. Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы: - Білім, 1997, 
736-б.
5.  Қалиев Н. Қазақстан парламентаризімі. – Алматы: Қазақстан, 2003. – 272-б.
6.  Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегінде. Алматы: Атамұра, 2005. – 192-б.
7.  Асылбеков М.Х., Козина В.В. Демографическое развитие Республики Казахстан в условиях суверенитета. 
– Алматы: Өркениет, 2001. – 112 с.; Асылбеков М.Х.,
8.  Козина В.В. Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета. – Алматы: Тарих тағылымы, 2010.– 
152б.
9.  Аяған  Б.Ғ.,  Әбжанов  Х.М.,  Махат  Д.А.  Қазіргі  Қазақстан  тарихы:  Хрестоматия  /  Б.Ғ.  Аяғанның  ред.  – 
Алматы: Раритет, 2010. – 560 б.
ДЮСЕНОВА Н.К.
т.ғ.к., аға оқытушыС. Асфендияров ат. ҚазҰМУ
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
ХХ ғасыр қазақ қоғамының ұйытқысына айналған «Алаш қозғалысының» көрнекті тұлғаларының 
бірі  Халел  Досмұхамедов  еді.  ХХ  ғасырдың  басындағы  қоғамның  сын-тегеурініне  сай  Ресейдің 
ішкі өлкелерінен жоғары білім алып, халықтың қажетіне еңбек етуді өз алдына мақсат етіп қойған 
қайраткердің туғанына биыл 130 жыл толып отыр.
Жарты ғасырдан сәл астам уақыт ғұмыр кешкен Халел Досмұхамедовтың өмір жолын төмендегідей 

114
4  кезеңге  бөліп  көрсетуге  болады:  1)  Есею  жылдары  (1916-шы  дүрбелең  жылдарға  дейін);  2)  Ат 
үстінде өткен, күрес жылдары (1916-1920); 4) Ғылыми-шығармашылық һәм қоғамдық-педагогикалық 
қызметпен  айналысқан  жылдары  (1921-1928);  3)  Қуғын-сүргінге  ұшыраған  азапты  жылдары  (1929-
1939).
  Ғалымның  туған  ортасы  мен  білім  алған  жері  туралы  «Алаш.  Алашорда»  энциклопедиясында: 
«Халел Досмұхамедов (1983, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмы – 1939, Алматы) – 
Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1994 жылы Орал әскери-реалдық училищесінің  
даярлық сыныбына қабылданып, оны 1902 жылы үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша сыныпта 
оқуға қалдырылады. 1903 жылы Санкт-Петербург Императорлық әскери-медицина академиясына ла-
тын тілінен қосымша емтихан тапсырып түсті. Досмұхамедовтың студенттік өмірі империяның саяси 
толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол 
осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикер» (Пікір), «Уральский листок» газет-
теріне мақалалар жазып,  болып жатқан саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды. 
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде Ресей кадеттер партиясының 
жергілікті бөлімшесі есепті құрылған Қазақ конституциялық демократиялық партиясының 9 адамнан 
тұратын Орталық комитетіне Б.Қаратаев, М.Бақтыкереевтермен бірге сайланады. 1909 жылы академи-
яны үздік бітіреді» [1, 140 б.] деген дерек келтіріледі.
Сонымен  қатар,  этнограф-жазушы  Сейіт  Кенжеахметов  те  өзі  құрастырған  тізімінде  Халел 
Досмұхамедовты Санкт-Петербург әскери-медицина академиясын 1909 жылы алтын медальмен бітір-
ген [2, 49 б.] деген дерек келтіреді.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі 
әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-
орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. 1912, 1913 және 1915 жылдары 
оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапат-
талды. 1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы 
ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін 
білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба 
індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды [3].
1913  жылы  «Қазақ»  газетінде:  «Алаш»  не  сөз?  деп  аталатын  доктор  Халел  Досмұхамедовтың 
мақаласы жарық көрді: «Қазақтың» 12 нөмерінде «Оқшау сөз» жазған «Қыр баласына» жауап:
Орал  облысында  Уральски  казачи  воинскаға  қараған  қалмақтар  бар,  «Қыр  баласының»  өтініші 
бойынша, «Алаш» деген қалмақ тілінде сөз бар ма? Мағынасы қазақша не болады?» дегенімде қалмақтар 
айтты: «Қалмақ тілінде «Алаш» деген сөз бар, қазақшат мағынасы – өлтіргіш, аямаушы, жаугер» деп. 
«Алаш» деп қалмақтар жақтырмаған орында айтады. Жаны ашымай хайуанатты көп өлтіре беретін 
аңшыларды да қалмақтар «Алаш» деп атайды. іДоктор Халел Досмұхамедов [4,39 б.].
1914  жылы  «Қазақ»  газеті  басқармасының  атынан  басылымның  9  қаңтардағы  45  санында  «бір 
жылдың  ішінде  «Қазақта»  қаламымен  қызмет  еткен  һәм  мұнан  былай  да  пайдалы  қызметтері  үміт 
етіліп  алашқа  аты  білінген  білімді  азаматтар»  қатарында  доктор  Халел  Досмұхамедовтың  есімі  де 
ардақталып аталады  [4, 82 б.].
Халел  Досмұхамедовтың  саяси  қайраткер  ретінде  алғашқы  қадамы  революциялық  дүмпулердің 
келуімен,  «Алаш»  партиясының  құрылуымен  тікелей  байланысты.  Осы  тарихи  сәтті  өз  халқының 
мүдделеріне жаратуды мақсат еткен қазақ оқығандарының бірі ретінде Халел де өз мамандығын тастап, 
саяси істерге белсене араласты.
Алаш партиясы құрылғаннан кейінгі ең басты жұмыстарының бірі Бүкілресейлік Құрылтай жина-
лысына өз атынан депутаттыққа лайық кандидаттарды іріктеп, оларды сайлау арқылы өткізуге күш 
жұмсау болды. 
Алаш партиясы атынан Учредительное собраниеге аталған депутаттар арасынан Орал облысынан 
ұсынылған 7 кандидаттың бірі Халел Досмұхамедов болатын. 
«Қазақ» газетінде жарияланған осы мәселе туралы мақалада: Халел Досмұхамедов – доктор. Орал 
облысының қазақ комитетінде председатель һәм облосной комиссар помощнигі. Халел ескі өкімет за-
манында докторлық қызметімен қазақ ортасында пайда келтіріп тұруының үстіне, жұртты оңға бастап, 
басшылық етіп, сол себепті өкімет кезінде артық «сенімді» кісі болмай жүрген қазақтың қабырғалы 
жігітінің бірі [5, 406 б.] – деп мінездеме беріледі.1917 жылы желтоқсанда 2-ші жалпықазақ съезінде 
жарияланған Алашорда үкіметі – Ұлт Кеңесі құрамына енді.
1918  жылы  1  сәуірде  Халел  және  Жаһанша  Досмұхамедовтер  Мәскеуге  барып,  Орталық  Кеңес 
өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кез-

115
деседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы 
Ә.Бөкейханов  екенін  мәлімдейді.  Бірақ  «Алашорда»  мемлекетінің  қойған  талап-тілектерін  Орталық 
Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының 
құрамында қазақ бөлімі құрылады [6,161-162 бб].
1918  жылы  29  наурызда  Мәскеудегі  Жаһанша,  Халел  Досмұхамедовтардан  Семейдегі  Халел 
Ғаббасовтың атына:
1. Совет үкіметі әр облыстағы Советтерге «қазақтың тұтқынға алынғн азаматтарын тегіс босатыңдар» 
деп әмір қылды.
2. Алашорданың ұсынған шарттарына жақын арада Совет үкіметі жауап бермек болды.
3.  Совет  үкіметінің  басында  Қазақ  Комиссариаты  ашылатын  болды.  Бұл  комиссариатқа  кіретін 
адамдарды Алашорда өзі сайлап жібереді.
Өзіміз жұмысымыз болып ел жаққа кеттік. Тез арада Семейге келеміз – [1, 514 б.] деген жеделхат 
келді.
1918 жылы мамырда Жымпитыда өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде «Ойыл уәлаяты» деп 
аталған мемлекеттік құрылым құрылды.
1918  жылғы  қыркүйекте  Уфа  директориясын  құру  туралы  мәжіліске  қатынасқан  Алаш 
автономиясының  делегаттары  сол  айдың  11-жұлдызында  автономиясының  жергілікті  басқару 
жүйесі туралы мәселені талқылап, Алашорданың батыс бөлімшесін құру туралы шешімге қол қойды. 
Бұл  мәжіліске  Алашорданың  төрағасы  Әлихан  Бөкейханов,  мүшелері:  Уәлихан  Танашев,  Халел 
Досмұхамедов,  Жаһанша  Досмұхамедов,  Ахмет  Бірімжанов,  Әлімхан  Ермеков  және  Мұхаметжан 
Тынышбаев қатынасты. Мәжілісте қабылданған шешімнің негізгілері  мыналар болды: «... 5) Құрамына 
Бөкей ордасы, Ойыл уалаяты, Закаспий облысының Маңғыстау уезі, Торғай облысының Ақтөбе және 
Ырғыз уездері кіретін Алаш автономиясының батыс бөлігін іс жүзінде басқару үшін соғыс жағдайына 
және  қатынас  жолдарының  нашар  дамуына  байланысты  Алашорданың  бөлімшесі  құрылады.  6) 
Алашорданың осы бөлімшесі автономияның көрсетілген бөлігін (яғни Батыс Қазақстанның айтарлықтай 
территориясын)  Алашордадан  түсетін  маңызды  және  принципті  нұсқаулар  негізінде  басқарады.  ... 
9)  Төтенше  жағдайлар  болғанда  және  Алашордамен  байланыстар  үзілгенде  бөлімше  Алашорданың 
(Орталық үкіметтің) құқықтарына ие болады» [6,176-177 бб.].
1919 жылы Алашорда үкіметін тарату барысында оның мүшелеріне кешірім жариялады. Бірақ бұл 
уақытша келісімге келу еді.
Сондықтан да пролетариат көсемі Ленин «Алашорда» үкіметіне о бастан екіжүзді саясат ұстанды. 
Оларды бетпе-бет келгенде сондай бір безбүйрек «бауырмалдықпен» бауырына тартып, «Алашорда» 
қайраткерлеріне кешірім жасау туралы Қаулыға қол қоя отырып, ту сыртынан Орынбордағы әскери 
кеңеске:
«Алашорда» үкіметіне еш қолдау болмасын, бірақ уақытша олардың басшыларын (оқығандарын) 
Кеңес өкіметінің қызметіне кеңірек пайдалану керек, жас Кеңес өкіметіне олардың білімдері қажет. Ал 
қалғанын кейіннен көрерміз... Бірақ оларға мүлде сенуге болмайды»,– деген [7] дұшпандық тапсырма 
берді.
1920 жылдың 21 тамызында Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан 
халықтарының оқу-ағарту, мәдени һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім 
мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Бұл жылдар Халелдің ғылыми-ағартушылық жұмыстармен 
терең айналысуына жол ашты. Алашорда үкіметіндегі саяси белсенділіктерінен айырылса да, 1920 жыл-
дардан соң, Халел де Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, 
Жүсіпбек Аймауытовтармен бір қатарда шығармашылық интеллигенцияның ірі өкілдері болып таныла 
бастады. Аталмыш жылдардағы шығармашылық ізденістері Халелдің әмбебап, энциклопедист-ғалым 
екендігін  көрсетті.  Осы  жылдары  Халелдің  «Табиғаттану»  (1922),  «Жануарлар»  (1922),  «Адамның 
тән тірлігі», «Оқушылардың денсаулығын сақтау» сияқты ғылыми еңбектері шықса, тарих ғылымына 
қатысты «Шернияз шешен», «Бұхарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә Қары мен 
Ширдор медресесін салдырған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Кенесарының соңғы күндері» сынды зерт-
теулерді жазды. Әдебиет саласында «Мұрат ақын сөзі», «Исатай-Махамбет», «Аламан» жинақтарын 
шығарып кетті [1, 142 б.].
Халел Досмұхамедов шығармашылығының бір қыры – оның түркітану саласымен айналысқандығы. 
Бұл салада ол Махмұд Қашқаридің басты еңбегіне талдау жасап мақала жазды. 1923 жылы «Шолпан» 
журналының 7-санында «Диуан лұғат ат-түрік» атты мақала жариялады. Осы мақаласы арқылы қазақ 
қоғамын алғаш рет ұлы сөздікпен таныстырып, Махмұд Қашқаридің тарихтағы орнын белгілеп берді. 
Бұл  тұрғыда  ол  «Диуанды»  алғаш  зерттеген  В.В.  Бартольд,  В.А.  Гордлевский,  Т.А.  Боровков,  А.Н. 

116
Кононовтармен  иық  тіресіп  тұр.  Халел  Досмұхамедов  былай  деп  атап  көрсетті:  «Түрк  қауымы  тіл, 
әдебиет  һәм  мәдениет  тарихы  үшін  1889-шы  жылы  Орхон  жағаларында  Ядринцев  тапқан,  Томсен, 
Радлов һәм басқа ғалымдар тарапынан үйреніліп, нәшр етілген, барлық мәдениет, хан дүниесінің на-
зарын өзіне қаратқан, хан ерлерінің фікірін алыстырған (өзгерткен) ескі түрк, Орхон «бітік тастары» 
қандай аһамиаты болса, Махмұд Қашқари кітабында да аһамиаты сондай» [8, 169 б.].
Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х. Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде 
қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», 
- деген пікірді айтқан [9].
Халел  Досмхамедовтың  еңбегінің  жарқын  көріністерінің  бірі  латын  әліпбиін  құрастыруы  еді. 
1928-29  жылдары  латын-қазақ  әлiпбиiнiң  жасаушылардың  бiрi  Халел  Досмұхамедұлы  болды.  Х. 
Досмұхамедұлы қазақ халқы қолданып отырған араб таңбаларын тастап, латын қарiптерiн алуға қарсы 
болғандығын мынадай пiкiрiнен аңғартады: «...Нәзiр айтқандай, менiң латын әрпiн алуға қарсы екенiм 
рас. Бiрақ латынға қарсы екенiмдi бiле тұра маған латын әрiптерiнiң жобасын жазып беруге тапсырған 
соң, сол жобаны жасағаным да рас».
Сөзiнiң соңында қайраткер ғалым «...жазу мәселесi – өте зор мәселе. Оны жете тексерiп барып шешу 
керек» деп ескертедi [10].
Ол 1929 жылы ҚазПИ-де проректор болып жүрген кезiнде тұтқындалып, Воронеж губерниясына 
жер аударылып, сол жерден Мәскеу және Алматы қалаларында түрмеде отырады. Содан кейiн талай 
қуғын-сүргiнге ұшыраған ол 1939 жылдың 24 сәуiрiнде «әскери трибуналдық үкiмiмен ату жазасына 
бұйырылады», бiрақ 19-тамызда үкiм орындалмай тұрып, түрмеде науқастан қайтыс болады.
1958  жылы  28  ақпанда  Қазақ  КСР  Жоғарғы  сотының  Қылмыстық  iстер  коллегиясында  қайта 
қаралып, ақталды.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының құқығы мен мүддесі үшін ұлттық-саяси және ағартушылық 
күрес  сахнасына  шықққан  ат  төбеліндей  қазақ  оқығандарының  ішіндегі  Халел  Досмұхамедовтың 
алар  орны  ерекше.  1917  жылға  дейін  дәрігер  болып  елге  медициналық  жәрдем  беріп,  кейін  «Қазақ 
газетінің»  тұрақты  авторларының  бірі  болса,  төңкеріс  жылдары  халқы  үшін  ұлттық  майданға  бел-
сене араласты. Бұл оның саяси қайраткер ретінде қалыптасуына ықпал етті. 1921 жылдардан бастап 
ғылыми-ағартушылық бағытқа бет бұрған Халел Досмұхамедов қай салада болмасын өзінің тұлғалық, 
қайраткерлік, ғалымдық болмысын көрсете білді. 
Әдебиеттер
1.  Алаш. Алашорда. Энциклопедия / Құраст: Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: Арыс, 2009. – 544 б.
2.  Кенжеахметов С. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ЖОО оқыған қазақтар // Ақиқат, 1994. 
- №7. - 49-53 б.
3.  Сом алтынның сынығы // Егемен Қазақстан,2007, 30 мамыр.
4.  «Қазақ» газеті // Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. 
– 560 б.
5.  Қойгелдиев  М.  Алаш  қозғалысы.  Бірінші  том.  Өңделіп,  толықтырылған  екінші  басылымы.  –  Алматы: 
Мектеп, 2008. – 480 б.
6.  Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы, Ататек, 1995. – 256 б.
7.  Сүлейменова Д.Д. Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы: т.ғ.к. ... дисс. - Алматы. 2004. – 138 б.
8.  Мұрат Сабыр. Халел Досмұхамедов және түркітану мәселелері // Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, 
мәдениет және Алаш мұраты(халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары). - Алматы: «Сардар», 
2008. - 364 б.
9.  НұрпейісК.,  ҚұлкеновМ.,  МектеповА.,  ХабижановБ.  Халел  Досмұхамедұлы  және  оның  өмірі  мен 
шығармашылығы. - Алматы: Санат, 1996.
10. Майлықұтова М. Алаш арыстарының латын әлiпбиi жайлы пiкiрталасы // Түркістан, 2013. - 11 сәуір. - №14 
(976).

117
СҮЛЕЙМЕНОВА Қ.
т.ғ.к., проф., 
ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ АЛМАТЫ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНДАҒЫ  
ІШКІ  МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өзінің сан ғасырлық қайғы – қасіретке толы тарихында қазақ халқы тағдырдың талай  тәлкегіне 
түсіп, көптеген оқиғаларды басынан кешірді.
Сондай оқиғалардың қасіретті де қайғылысы қазақ жерлеріне әр түрлі халықтар мен ұлыстардың 
өкілдерін қоныстандырып, байырғы тұрғындарды ата қоныстарынан аластап, шөл, шөлейт аймақтарға 
ығыстыру еді. Әсіресе  қазақ  халқын дүрбелеңге түсіріп, берекесін кетірген патшалық Ресейдің орыс 
шаруаларын дархан далаға емін-еркін орналастыруы болды. Сулы, нулы жерінен айырылған қазақ оз-
быр отарлау саясатына жайбырақат қарап отыра алмады. Даланы дүрліктірген бірнеше ұлт-азаттық 
көтерілістер етек алып, тәуелсіздікке ұмтылған халық елінің, жерінің еркіндігі үшін аянбай күресті. 
Жер мәселесі, қарашекпенділердің ілегін тоқтату XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында көкейкесті 
мәселеге  айналды.  «Жер  нормасы  немесе  15-тен  жер  алу»  ұлт  зиялыларын  терең  толғандырды. 
Сондықтан да «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының, тәуелсіз мемлекетінің құжаттарында жер 
мәселесі ерекше айтылды.
Әйтсе де Ресей империясының да кеңестік-большевиктік саяси басқарудың да отарлау, қоныс ауда-
ру саясаты тоқтаусыз жүргізіліп, қазақ даласы әр алуан халықтардың өкілдері бас қосқан аймаққа ай-
налды. Қазақстанның көпэтникалық жұртшылыққа айналуы субъективті және объективті факторлар 
жиынтығымен, миграциялармен реттеліп, ХVIII ғасырдың басынан ХХ ғасырдың аяғына дейін келім-
сектер факторына байланысты болды [1].
Көбінде бұл жағдайға себеп болған Ресей патшалығының жүргізген отарлық және қоныстандыру са-
ясаты. Мемлекеттің жер туралы берілген бұйрығына негізделген шаралары бойынша қоныс аударушы-
лар үшін қазақтардың жерлері алынып, олардың дәстүрлі қыстау мен жайлауларына көшіп-қонуына 
дереу шектеу салынып, оларды бір тұрақты мекенге қоныстандырып, күштеп отырықшылыққа көшіру 
мақсатымен  жергілікті  халыққа  өздерінше  ілгері  ықпалын  тигізді.  Іс  жүзінде  жергілікті  халықтың 
ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылығына зиянын тигізіп, қалыптасқан экономика – шаруашылық 
құрылымы бұзылды, оның жалғасы үлкен апатқа апарып ұрындырды: халық арасында ашаршылық 
басталып,  жағдайы  қатты  жұтаңдаған  рақымсыз  қырғынға  тап  болды.  Бұл  орын  алып  жатқан  жаңа 
тәртіптер,  жергілікті  халықтың  еркін  көтеріліп  дамуына,  әр    түрлі  себептеріне  байланысты  нұқсан 
келтіріп отырды. Республикаға миграциялық ағымның кең жолы ашылуы Кеңес өкіметі кезінің 20-
шы  жылдың  ортасынан  басталып,  60-жылдардың  аяғына  дейін  созылды  [2].  Халықтың  орналасуы 
теориясында  миграциялық  үрдістерінің  маңызы  орасан  зор.  Ол  өзінің  табиғи  жаратылысынан  өте 
күрделі, көптеген әлеуметтік – экономикалық құбылыстарымен тығыз байланысы бар, әр түрлі сал-
дары бар демографиялық үрдіс. Миграциялық үрдістер көп факторлар күштеріне негізделіп, өндіріс 
қатынастарының жалпы жүйесінің дамуы деңгейінде шағылысып, өзі жағынан халықтың орналасуына 
ықпал етуі ықтимал. Қазақ халқының урбанизациялық дамудың алдынғы қатарына әлі де болса шыға 
алмай жатқаны анық. Алайда, жер шарын түгел қамтып жатқан осы ауқымды құбылыстың белді орта-
сына өлшем тұрғысынан келсек, әлі де болса селолық өмір салтымен жан –жақты дами түскені қажет-
ақ.  Содан  кейін  барып  дамыған  ауыл  шаруашылығымен  қалалық  өмірді  асықпай,  салиқалы  түрде 
меңгергені дұрыс және тиімді болар еді.  Бірақ қазақ ұлтының қалаға шоғырлануының да өзіндік ерек-
шеліктері мол. Индустриализация кезеңінде жұмысшы тобын жасанды түрде құрамақшы болған (1928-
1934 ж.ж.) «Аш ауылдан тоқ қалаға» қаратабан босқыншылық нәтижесін білеміз, қазақты ашаршылықта 
қалаға қуып тығу осы аз жыл ішінде қалалықтардың санын 6 есе көтерді.   «Қалалықтарымыз» осы-
лай  ерен  өскенде  «далалықтарымыз»  керісінше  осы  жылдары  2,5  есе  күрт  кемігені  де  ақиқат  [3]. 
Бұл  Голощекиндік  геноцид  салдарынан  демографиялық  дамуымыздың  зардаптары  деформацияға 
ұшырағанын білдіреді. Осы құбылыс өзінің жалғасын бұрынғы әкімшіл - әміршіл науқан қызу кезен-
дегідей жасанды түрде болмаса да, соңғы ауыл шаруашылығының тоқырау кезеңінде де біршама үдей 
түскені байқалады. Жалпы алғанда 1959-1989 ж.ж. қаладағы қазақтар саны 4 есеге жуық өскен. Бұл 
қарқын қазір тіпті бәсеңдей қоймас. Осы қатты ойландыратын-ақ жағдай [4]. Өйткені, миграцияның 
бағыты бір жақты ғана болып жатыр. Ауылдағы өмір дәрежесінің төмендігінен қалаға деген ұмтылыс 
кеңінен тараған. Осындай ағымның арқасында халықтың арасында жаңа әлеуметтік топтар пайда бо-
луы ықтимал. Халықтың селодан қалаға қоныс аударуы - өндірістік даму жолына түскен кез-келген 
қоғамға ортақ заңды құбылыс. Еліміздегі этнодемографиялық үрдістер қоғам дамуы үшін объектив-

118
ті  қажеттілік.  Қазақстанның  жалпы,  оның  ішінде  экономикасының  қалыпты  даму  кезінде,  әсіресе 
Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  қосылу  қарсаңында  әлемдік  демографиялық  және  көші-қон  үрдістері 
еліміздің экономикасына тікелей ықпал етті. Халықтың қоныстандыруын реттеу проблемасы біртін-
деп  халықаралық  сипат  алуда,  Қазақстанның  оңтүстігі  мен  шығысындағы  елдерде  халықтың  өсімі 
ұлғайып бара жатқанда, бұл жағдай  елімізді демографиялық қысымға алуы мүмкін, оған халықтың 
саны  жағынан  аздығы  мен  экономикадағы  жағымды  даму  үрдістері  септесуі  ықтимал.  Сондықтан 
одан бірқатар әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тұрмыстық ауқымды проблемалар туындайды
Қалалардың өзі және ондағы тұрғындар саны жедел қарқынмен өсуінің өзіндік себептері бар. Ірі қалада 
орналасқан өндіріс орындарының еңбек өнімділігі жоғары болады. Себебі жұмысшылардың кәсіби ше-
берліктеріне жоғары талаптар қойылады, сондықтан олар кәсіби шеберліктерін үнемі жоғарылатып, 
жетілдіріп отырады. Белгілі бір өндірістің ірі кәсіпорындарының бір жерде шоғырлануы әлеуметтік 
саланы дамытуда өзіндік үлесін қосуда. Ауруханалар, емханалар, бала бақшалары, мектептер, транс-
порт және толықтырылып отырған еңбек ресурстары бәрі де жеткілікті. Бұл жағымды факторлар, ал 
жағымсыз факторларға өндіргіш күштердің ірі мегаполисте шоғырлануы қоршаған ортаның табиғи 
жағдайын нашарлатады: біріншіден ауа, жер, су ластанады. Мегаполисте адам мен табиғат бір – бірі-
нен алшақтай түседі, тіпті адамдардың өзара қатынасында салқындық айқын сезіледі [5]. Жұмыс ор-
нынан үйге, үйден жұмысқа қатынастар тұрақтанып қалады. Қала үлкейген сайын қаланың ортасында 
орналасқан кәсіпорындарға жету, содан үйге қайтып оралу оңайға түспейді. Қалада қоғамдық транс-
порт пен байланыс тораптары жиіледі, үлкен көпқабатты үйлердің тығыз орналасуы, коммуналдық 
– тұрмыстық жүйелердің дамуы, үлкейген қаланың санитарлық және тазалық жағдайлары төмендейді. 
Ауасы, суы, топырағы біртіндеп бұзыла бастайды. Сондықтан бұл жағдайлар мұқият есепке алынуға 
тиіс. Әйтпесе шешілмеген мәселелер шиеленісіп, күрделі жағдайларға айналып, қоғамның кез – келген 
саласына өз зиянын тигізе бастайды.    Қазақстанның жалпы даму үрдісіне қарамастан соңғы жылда-
ры қалалық және ауыл тұрғындарының тұрмыстық деңгейі арасындағы айырмашылық анық сезілді, 
әсіресе бұл құбылыстар агломерацияларда  айқын байқалады.  Сондықтан да ауылдық жерлерді тиімді 
дамыту және ондағы тұрғындарды табыс көзін арттыру мәселелері жедел шешімін табуды қажет етеді. 
Әрине, ауыл-қала бағытындағы жасалған қарқынды көші-қон бағыты ауылды жерлердегі жүргізілген 
жекешелендіру  үрдісінің  нәтижесіне  негізделгені,  соның  салдарынан  халықтың  өмір  деңгейі  күрт 
төмендегені,  жұмыс  орындарының  жабылуы,  жұмыссыздықтың  кең  қанат  жаюына,  әлеуметтік 
саласының төмендеуіне әкелді. Әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің берілген мәліметтерінде 
1999 ж. республика көлемінде бір жұмыс орнына 36 жұмыссыз келсе, ауылды жерде ол көрсеткіш 8 есе 
жоғары, яғни 285 адам. Ал 1999 ж. 8,8 мың есепке алынған адамдардан тек 1,3 мың адамы ғана ауылдық 
жерлерде жұмысқа орналастырылды [6]. Елде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар ба-
рысында қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, яғни, халықтың экономикалық белсенділігінің 
деңгейі 1991 жылғы 68,6%-дан 2012 жылы 71,9%-ға дейін өсті (2012 жылғы 2 тоқсан), экономикалық 
белсенді халық саны 7,7 миллион адамнан 9 миллион адамға жетті, жұмыс істейтін адамдардың саны 
7,7 миллион адамнан 8,5 миллион адамға артты. Бұл ретте жеке кәсіпорындарда жұмыспен қамтудың 
үлесі басым. Жұмыспен қамтылған халықтың үштен бірінен астамы өз бетінше жұмыспен айналы-
сушылар болып табылады. Жұмыссыздық деңгейі 2 есеге азайған – 2000 жылғы 12,8%-дан 2012 жылы 
5,3%-ға (2012 жылғы 2 тоқсан). Жұмыссыз халықтың саны 473 мың адам болды (1.07.2011 ж.), бұл 2000 
жылмен салыстырғанда 2 есе аз[7].  Мемлекет тарапынан  «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы 
іске асырыла бастағаннан бері оның іс-шараларымен 170 мың адам қамтылды, 115 мың адам жұмысқа 
орналастырылды. Сонымен қатар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жыл басынан бері 
111,6 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 9,3 мың адам, 
жастар практикасына 4,6 мың адам орналастырылды. 12,5 мыңнан астам адам кәсіптік даярлауға, қайта 
даярлау мен біліктілігін арттыруға және шамамен 8 мыңдай адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді[8].  
Бұл іс-шаралардың сипаты күрделі және олардың бір ғана мақсаты – жұмыспен қамтуға ықпал ету.               
Ауылдан қалаға көш басын бағыттаған мигранттардың көбі тек жұмыс орнының табылғанын ғана 
медеу  тұтып  қоймайды,  олар  сонымен  қоса  білім  дәрежесін  көтеріп  және  балаларының  да  сапалы 
білім алуын көздейді. Бірақ бірден бұл мақсаттары орындалмайтыны анық, себебі  ауылдан келген 
мигранттардың бірден қаладан тұрғын үй алып, қала тұрғындарының қатарына қосылуы мүмкін емес, 
осының салдарынан олардың әлеуметтену үрдістері ұзаққа созылады. Қорыта келе айқындалғаны, ірі 
қала мигранттарды тек өзінің жарқыраған оттарының жылтырымен ғана емес, мегаполистің жоғары 
өмір деңгейімен қызықтырып, өзіне тартады. Сондықтан көші-қонның негізгі себептерінің бірі - ол 
әлеуметтік-экономикалық себептер болып табылады, бірақ олармен қатар әлеуметтік-мәдени талаптар-
ды естен шығармауы дұрыс болар еді.Агломерациялардағы этномиграциялық үрдістер тұрақты түрде 

119
жүретін процестер. Осы процес көшіп-қонушылардың материалдық және рухани талап-тілектерінің 
өсуіне байланысты жиілейді. Осыған орай агломерациядағы этномиграциялық үрдістерді екіге бөлуге 
болады: бірі сыртқы, екіншісі ішкі миграция. Сыртқы миграцияның орын алуына бірқатар факторлар 
ықпал етеді. Мысалы, мемлекеттегі саяси басқару мен жүйенің өзгеруіне байланысты қоғамның кей-
бір топтарының өзге іргелес немесе шалғай елдерге қоныс аударуы; этникалық топтардың әр түрлі 
әлеуметтік-саяси жағдайларда өз отандарынан басқа елдерге күшпен жер аударылуы, сол депортацияға 
ұшыраған  халық  өкілдерінің  репатрианттар  ретінде  өздерінің  этникалық  атамекендеріне  оралуы; 
ғылым, мәдениет, т.б. қайраткерлердің өз отандарынан материалдық, моральдық қолдау таба алмай шет 
елдерге аттануы; білім алуға, мамандануға шет елдерге барған әлеуметтік топтардың сол мемлекеттер-
де тұрақты қалып қоюлары және т.б. Аталған факторлар және одан басқалары кез-келген мемлекетті 
сыртқы көші-қон мәселелерімен айналысуға мәжбүр етеді. Сыртқы көші-қон процестері жүйелі, ретті, 
азаматтарға қолайлы болуы үшін арнайы заңдар қабылданады. Мәселен, кеңестік кезеңде Қазақстан 
сыртқы  миграциямен,  көрші  және  шет  елдермен  елшілік  мәселелерімен  айналыспады  десе  болады, 
өйткені мұндай құқық оған берілмеді де. Есесіне КСРО-ның Сыртқы Істер министрлігі, одақтың көші-қон 
басқармасы аталмыш мәселемен айналысып отырды. Қеңес Одағы ыдырап, әлемдегі алпауыт мемлекет 
тарих сахнасынан кеткеннен кейін тәуелсіз Қазақстанның миграция проблемаларымен шұғылданудың 
тізгіні  өз  қолына  тиді.  Егемен  мемлекеттің  саяси  басқару  институттарын  қалыптастыру  барысында 
республиканың көші-қон мәселелерімен айналысатын агенттігі құрылды. 1992 ж. маусым айында им-
миграция, ал содан соң миграция туралы заңдар қабылданды. Осы заңдарға сәйкес миграциялық процес-
тер күні бүгінге дейін жүргізіліп келеді. Ал енді ішкі миграция туралы айтатын болсақ, бұл процесс кез-
келген мемлекеттің аумағында тұрақты түрде жүреді. Ішкі миграцияны тұрақтандыру, бір жерден екін-
ші жерге көшуді азайту күрделі әрі күрмеуі қиын мәселе. Дегенмен жергілікті жерлерде тұрғындардың 
әлеуметтік-тұрмыс  және  экологиялық,  экономикалық  түйіткілдерін  шешу  бұл  мәселенің  шешімін 
жеңілдетеді.  Сондықтан  да  неғұрлым  аймақтардың  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени,  экологиялық 
проблемалары өз түйіндерін шешсе, соғұрлым ішкі миграцияның қарқыны да азаяды. ХХ ғасырдың 
80-жылдары  Қазақстандағы    қоныс  аудару  бағыты    Солтүстіктен,  Шығыстан,  Батыстан  оңтүстікке 
қарай бағытталған болатын, себебі көбі тіршілік көзін  тек астана мен астананың төңірегінде көрді. 
Ал  ғасырдың  соңғы  онжылдығында  көшбасы  керісінше  жоғарыда  аталған  аймақтарға  бағытталды. 
Өйткені  мемлекеттегі  саяси,  экономикалық,  қоныстану  бағытындағы  жүргізілген  жаңашылдарға 
байланысты өзгерістер басталды.  Ішкі миграцияның ауқымында қала маңына қоныстану процесі де 
тұрақты түрде жүреді. Мұның басты себебі, ауыл тұрғындарының қалаларда, ірі қала маңында өмір 
сүруге ұмтылыстары, тұрмыс пен еңбек жағдайларын қалалық деңгейге жақындатуға ниет білдірулері. 
Соңғы уақыттарда республикадағы урбанизациялау процесінің күшеюіне байланысты ішкі көші-қон да 
қарқынды түрде жүргізілуде. Ішкі миграцияның жоғары қарқыны 1991-1992 ж.ж. аралығында басталды 
[9]. Сол кезеңде ірі мегаполиске ұмтылған мигранттар қала төңірегіндегі бос қалған жерлерді иемденіп 
алды. Мүмкіндіктеріне қарай, қолда бар құрылыс материалдарынан соғып алған лашықтарын тұрғын 
үйге айналдырып, олардың заңдастырылмаған, құжаттарсыз бой көтерген саман үйлер келешекте үлкен 
бір әлеуметтік дағдарысқа жеткізілетінін ешкімді де ойландырмады. Ауылдан қалаға қоныс аударуы, 
яғни  ішкі  миграция  ол  үнемі  шешімін  қажет  ететін  өзекті  мәселенің  бірі.  Бірақ  өркениетті  елдерде 
кенттену үрдістері ұзақ уақыт жүргізіліп, тіпті жылдар емес ғасырларға созылған. Осы уақытта ауыл 
тұрғындары ешқандай қиындықсыз, күнделікті күйбең тіршіліктерін атқарып, қиындықсыз қала өміріне 
біртіндеп үйренісіп, сіңісті. Ал жедел қарқынмен, жалпы қарқында жүргізілген, кенеттен қанат жайып, 
бүкіл тұрғын халықты мигранттарға айналдыру үрдіс, әрине қиындықсыз, шығынсыз жүргізілмейді. 
Сондықтан ішкі қақтығыстарды болдырмау үшін, ішкі мигранттардың қалаға бағыт алғанын тоқтату 
үшін ауылды жерлердің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жедел жақсарту қажет. Сонда ғана 
ауыл тұрғындары жылы орындарын суытып, қалаға ұмтылу легін тоқтатуы ықтимал. Осыған  орай 
ҚР    Президенті  -  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына    «Әлеуметтік-экономикалық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет