Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Бір сұрыпты ұнтақталған кебексіз қара бидай ұнын алудың



Pdf көрінісі
бет18/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Бір сұрыпты ұнтақталған кебексіз қара бидай ұнын алудың 
технологиялық ерекшеліктері
Ұнтақталған кебексіз ұн тарту тəсілінде дəнді дайындауда 
ЗШН машинасын жəне ұнтақтау бөлімінде білік станогынан кейін 
елеуіштің алдында калақты ұрғыш машиналарын қолданса, онда ұн 
тартудың сапасы едəуір жоғары болады.
Ұнтақталған кебексіз ұн стандарт бойынша: күлділігі 1,45%-дан 
аспауы, 045 сымтемір електе қалғаны 2%-дан артық, ал №38 жібек 


36
електен өткені 60%-дан кем болмауы керек. Сапасы тұрақты дəннен 
алынатын ұнның шығымы 87%, кебегі 9% болып, қалған
 37%-ы жа-
рамсыз заттар (3% - I, II категориялы, 0,7% - III категориялы) алына-
ды да, 0,3%-ы кеуіп шығын болады.
Бір сұрыпты ұнтақталған кебексіз қара бидай ұнын алудың 
технологиялық сызбасы (4-5) жармалау жəне (1-2) ұнтақтау 
жүйелерінен тұрады. Жармалау жүйесінің барлық жүйелерінде 
қалақты ұрғыш машиналарын қолданады. Соңғы жармалау 
жүйесінен алынатын кебекте қалған ұнды айырып алу үшін, оны 
қосымша екшеу машинасы мен елеуішке жібереді. Жылдам айнала-
тын біліктің жылдамдығы жармалау жүйелерінде 6 м/сек, ұнтақтау 
жүйелерінде 8 м/с дейін, тістерінің сүйірлігіне қарай орналасқан
жылдамдықтарының арақатынасы 2,5:1, сүйір бұрышы 100°, өткір 
бұрышы 35°, доғал бұрышы 65° болады.
 
Жармалау жүйесінің басқа жүйелерінде өндіру шамасы 40-30%, 
1-ұнтақтау жүйесінде - 40-50%, 2-ұнтақтау жүйесінде - 60-80% бо-
луы керек. Мөлшері осындай ырғақты сақтаса, əр жүйелерден алы-
натын ұнның шығымы 1-жармалау жүйесіне түскен дəнге шаққанда 
% есебімен:
І ж.ж. – 20,5%; II ж.ж. – 22%; III ж.ж. - 15,0%; IV ж.ж. -8,5%; V 
ж.ж. - 5,7%; I ұ.ж. - 10,0%; 2 ұ.ж. - 5,5% болады. Бəрін қосқанда жар-
малау жүйесінде 74% ұн, ал ұнтақтау жүйесінде небары 15,5% ұн 
алынады. Егер бақылаудан 2,5% сырғымалы заттар алынса, тұрақты 
шығым бойынша 87% ұнтақталған кебексіз ұн алынады: 74,4 + 15,5 
+ 2,5 = 87,0%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет