Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет242/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Қамырды қалыптау. Қамырды құрылыс ерекшеліктеріне қарай 
əртүрлі машиналарда қалыптайды. 
Созылмалы печенье қамырын жеңіл типті штампмашинада 
қалыптайды. Оның жұмыс өнімділігі 1000-1250 кг/сағ. Ол қамырды 


389
жайып, таспа түрінде кесіп, табаққа немесе пеш транспортеріне 
салып шығарады. Оны галета жəне крекер жасау үшін де пайдала-
нады. Қамырды таспасын штамптайтын механизммен өткір қырлы 
стаканның көмегімен кеседі. 
Қантты қамырдың бетіне өрнек салынады, оларды «Ауыр» штамп-
машина шығарады. Олардың жұмыс өнімділігі 1058-1298 кг/сағ. 
Қанты қамырды негізінде ротациялы машинада қалыптайды. 
Бұлғанған печеньені сығымдау жəне бөлектегіш қалыптайтын 
машинада шығарады. 
Печенье мен галетаны пісіру
Печенье мен галетаны пісіру ең негізгі технологиялық шара. Онда 
қамырда өте күрделі үдерістер жүреді. Соның арқасында, өзіне тəн 
иіс, дəм мен ішкі құрылысы қалыптасады. Печеньелерді пісіргенде 
су буланып, жоғары температураның əсеріне қамырдың əр қабаты 
əртүрлі қызады. Оның сыртқы қабаты бір минуттың ішінде 100°С-
қа дейін, ал ішкі қабаттарында температура бірте-бірте көтеріліп, 
пісірудің аяғында 106-108°С-қа жетеді. 
Пісірудің бірінші кезеңінде қамырдың беті тез кеуіп, ортасының 
ылғалдылығы аздап өседі, ал екінші кезеңінде печеньенің 
көлемі біразөседі, ал үшінші кезеңінде кебу біраз баяулап, оның 
ортасындағы су беткі қабаттарына ауыса бастайды да, ол буланып 
тағамның қабықшасы пайда болады. Сонымен олардың пісу жəне 
кебу үдерістері қатар жүреді. 
Осы үш кезеңнің өз температурасы болу керек, бірінші кезеңде 
аздап төмен болып, оның бетіне қабықша пайда болмау керек, екінші 
кезеңде ол аздап өседі де, үшінші кезеңде қайтадан төмендейді. Егер 
олай болмаса, тағамның беті күйіп кетуі мүмкін. 
Осы температураның өзгеруі дайындалған қамырдың 
қалыңдығына да, тығыздығына да байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет