394
Қамырды бұлғайтын машинада илейді. Ол болат астаудан, оның
ішіндегі Т-типті қалақты біліктен тұрады. Түбінде қамырды түсіріп
алатын штуцері бар.
Қытырлақ нан қамыры сұйық болғандықтан, қалыпқа толып
құйылады. Егер оған салма салып қабтталатын болса, оған тағамдық
фосфатид, жұмыртқа сарысын, екікөмірқышқылды сода қосады.
Соларды 30 секунд араластырады. Онда алдымен 18°С-тағы су,
сүт, қытырлақ нанның ұнтағын, ең ақыры 3-4 рет бөліп ұн салады.
Біліктің айналу жалдамдығы минутына 180 болып, оны 15-18 минут
бұлғап илейді.
Салмасыз қантты қытырлақ қамырын алдымен 18°С-тағы суға
қант, ұнның бір бөлігін, екікөміртегі соданы қосып, 2-3 минут
бұлғайды. Содан соң жұмыртқа сарысын қосып, қайтадан 10-12
минут бұлғайды да, жылы май, ұнның қалғанын, ванилин ұнтағын
қосып, тағы да 5-8 минут бұлғайды.
Қамырда желімтік байланбау керек. Ол үшін оған қантты бірнеше
қайталап қосады. Содан бөрткен сағыздың сыртында су қабыршағы
пайда болып, бірімен бірінің жабысуына мүмкіндік бермейді. Сал-
мамен қабатталған қытырлақ нан үшін қамырдың ылғалдылығы 58-
65%, ал салмасыз қытырлақ нан үшін – 42-44% болу керек, қамырдың
температурасы 15-20°С аралықта болады. Егер одан жоғары бол-
са, сағыздық ақуыздары бөртіп, қамырдың жабысқақтығы өсіп,
тағамның сапасы нашарлайды.
Қамырды толассыз дайындау алдын ала ұннан басқа қоспалардан
тұратын эмульсия дайындау, содан соң ұн салып қамыр илеу саты-
ларынан тұрады.
Эмульсияны Т-пішінді қалақта бұлғау машинасында дайындай-
ды, ал илеу машинасы екі: форкамера жəне илеу камерасынантұрады.
Форкамера тотықпайтын болат астаудан, оның ішінде Т-қалақты
білік орнатылған. Ол білік минутына 210 рет айналады. Илеу каме-
расы ретінде білігі минутына 250 рет айналатын помада бұлғайтын
Достарыңызбен бөлісу: