402
сақтау белгіленеді. Ұзақ мерзімге сақталатын кагаттармен жаңа,
механикалық бүлінуге ұшырамаған, қосынды заттары аз қызылша
жіберіледі. Жетілген қызылшаның тамыр жемістері табиғи им-
мунитетке ие болады. Тамыр жемістердің механикалық бүлінуге
ұшырауы немесе оларды сақтау тəртібінің бұзылуы салдарынан
болатын фитопатологиялық шығындар едəуір дəрежеде болады.
Сондықтан ондай ақауларды бірден өңдеуге жібереді. Сақтау кезінде
қызылшалар тыныстайды. Тыныс алу жиілігіне сақтау температу-
расы, тамыр жемістерінің физикалық жағдайы, ауа ылғалдылығы,
сақтау əдісі мен мерзімінің ұзақтығы əсер етеді. Тамыр жемістері
аэробты тыныс алуы кезінде анаэробты тыныстауына қарағанда
əлдеқайда тіршілікке қажетті энергияны қамтамасыз ете алады, бұл
жағдайда қанттың қышқылдануы анағұрлым аз мөлшерде жүреді.
Соған орай кагаттардың əдейілеп желдетілуі тиімді анаэробты ты-
ныстауды қамтамасыз ете алады, сөйтіп тамыр жемістердің қантты
босқа шығындауынан қорғайды. Қант қызылшасын сақтаудың
оңтайлы температурасы 0...2ºС. Егер температура көтерілген
жағдайда тыныс алу жиілігі арта түседі, сондықтан да қызылшаны
жинап алғаннан кейін ұзақ мерзімге сақтау экономикалық жағынан
тиімсіз болып табылады. Орташа жəне ұзақ мерзімге сақталатын
қағаттардың сыртқы қырларындағы өнімдерді үсіп кетуден сақтау
үшін, оларды жылу өткізбейтін материалдармен жауып қояды.
Аяз қатты болатын аудандарда (Ресейдің орталық аймақтарының
солтүстігінде, Башқұртстан, Поволжье жəне т.б.) қыс мезгілінде
қызылшаны қағаттарда мұздатып алады да, еруіне жол бермеу үшін
тиянақтап орап тастайды. Осындай жағдайда қызылша тыныстамай-
ды жəне ұзақ мерзімге жақсы сақталады. Үзіліссіз жұмыс ырғағын
қамтамасыз ету жəне 1-2 тəуліктік қызылша қорын жасақтап алу үшін
зауыттарда бураттар қамтамасыз етіледі, солардан гидравликалық
тасымалдағышпен өндіріске жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: