437
Бастапқы сатыда рафинирленген крахмал қоймалжынындағы
мезганың құрамы, оның құрғақ заттарының салмағына шаққанда
1-1,5% аспауы керек. Екінші қайтара рафинирленгенде ұсақ мезганың
құрамы қоймалжынның кұрғақ заттарының салмағына шаққанда
0,5% аспауы қажет. Рафинирлеу сүзгісіне су жіберуді коймалжынның
қоспасында кұрғақ заттар мөлшері 7-9% сақталатыңдай деңгейде,
реттеп жіберіп отырады. Рафинирлеу сүзгісін шаюға жұмсалатын
қолданыстағы машинаның түріне, картоптағы крахмал құрамына
жəне ұсақталу коэффициентіне тəуелді, ол өңделетін картоптың
мөлшеріне шаққанда 60-120% құрайды. Картоптың крахмалдылығы
мен ұсақталу коэффициенті жоғары болған сайын, крахмалды рафи-
нирлеу станциясындағы жұмсалатын су шығыны да үлкен болады.
Екінші сатыдағы рафинирленген крахмал сүтінің сапалылығы 95-
98% құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: