417
қостотықты қант зауытындағы арнайы пештерде күкіртті жағу
арқылы алады. Сульфиттеуге қою шырынның қоспаларын да, диф-
фузионды аппаратқа берумен жүзеге асырады.
Сульфиттеуші газда 10-15% SО2 болады. Шырын бойымен газ
жіберген кезде күкіртті газ пайда болады, ол төменгі молекуляр-
лы бояғыш заттарды қалпына келтіріп, оларды түссіздендіреді. ІІ
сатурациядағы шырынның түсі сульфиттелгеннен кейін 20-30%
төмендейді.
Бұл құбылыс күкірттің қостотығының əсер етуінен буланды-
ру қондырғысында да жалғаса береді, сөйтіп шырынның қарайып
кетпеуіне жəрдемдеседі.
Күкірт қышқылы шырынды түссіздендіріп қана қоймайды,
ол шырынның сілтілігін жəне қою шырынның тұтқырлығын
да төмендетеді, сондықтан сілтілік қасиеті бар калий карбона-
ты мен натрий бейтарап сульфиттерге айналады. Бұл жағдай шы-
рын мен қою шырынның сүзу кезіндегі жағдайларын жақсартады,
қанттың кристаллдану құбылысын жəне кристаллдардың кристалл-
дану аралығындағы ерітіндіден бөлінуін жеңілдетеді. Күкіртті
қышқылдың жəне оның тұздарының тағы бір қабілеті, карбонильді
топтағы редукциялаушы қосындыларды (глюкоза, фруктоза, манно-
за) шектеуі болып табылады жəне сол арқылы шырындағы бояғыш
заттардың түзілуіне жол бермейді. Шырынды негізінен, бүрккіш не-
месе сұйық сыздықты əрекеттерді қамтамасыз ететін сульфитатор-
ларда сульфиттейді. Күкіртті қостотықты пайдалану коэффициенті
90-98% құрайды. Сульфиттелген шырындағы оңтайлы рН деңгейі
8,5-8,8, қою шырында - 7,8-8,2, суда – 5,5-6 болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: