Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет269/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Крахмалды шаю
Шырын суын шығарып алғаннан кейінгі жəне ұсақ мезгадан 
ажыратылып рафинирленген крахмал қоймалжыңының құрамында 
біршама мөлшерде еритін заттар, ұсақ мезга жəне басқадай ко-
сындылар болады. Картоп дұрыс жуылмағаңда өнімге біршама 
мөлшерде құм түсуі де мүмкін, ол картоптың крахмалынан алынған 
желімдік затты татып көргенде тіске қытырланып білінеді. Осыған 
байланысты жоғары сападағы крахмал өнімін алу үшін оны 
қосымша тазалауға жібереді – гидроциклондардың, орталық айна-
лым сепараторының жəне шөгінді жинайтын шнекті центрифуганың 
көмегімен таза сумен шайқаудан өткізеді.
Əдетте крахмалды таза сумен шаю бірнеше қайтара оны су-
мен араластырып барып, кейіннен суды жəне қосынды заттар-
ды бөліп шығару арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде крах-
малды шаю үшін гидроциклонды қондырғыларды пайдалану өте 
ұтымды қолданылып отыр, ол цилиндрлік бөлігіндегі диаметрі 
20-30мм болатын микроциклонды жұмыс элементі бар қондырғы, 
микроциклондардың қуат алатын бағытымен аздаған қысымды (0,3-
0,5 мПа) жіберген кезде өнімнің қозғалысы да жеделдейді жəне ай-
налым күшін де жылдамдатады, соның əсерінен крахмал дəндері 
аппараттың ішкі қабырғасында араластырылады содан кейін спирал 
бойымен жылжып, қою өнім шығарылатын ауызына жеткізіледі. 
Микроциклонның өнімділігі мардымсыз (шамамен 0,5 м
3
/с), 
сондықтан оларды мультициклонға жинақтайды – бірнеше данадан 


438
бастап жүз данаға дейін. Барлық микроциклондар қатарласа жұмыс 
істейді, мұнда сұйық жəне қою жиылыстарды ажыратуға арналған 
ортақ камералары бар. Негізінен, крахмалдың қоймалжыңын гидро-
циклонда бір рет өңдеу, оның нақтылы тазалығын бере алмайды, 
сондықтан крахмалды шаюды гидроциклонды қондырғыда бірнеше 
қайтара жүргізу қамтамасыз етіледі. Осындай қондырғыларда судың 
шығындалу мөлшерін төмендету үшін крахмалды шаюды қарсы 
ағынды сумен жүргізеді, мұнда таза су крахмал қоймалжыңына 
беріледі, алынған суды қондырғының соңғы сатысында қайта пай-
даланады.
Крахмал сапасының жоғары болуы өңделетін қоймалжынның 
бір деңгеймен берілуіне байланысты, оның құрамындағы құрғақ 
заттары 6-8%, сұйық жиылысының қоспасы 1-1,5%, мультициклон-
да шаюдан алынған соңғы қою жиылысы – 38-40% болады. Шаю-
дан кейінгі крахмал қоймалжыңындағы мезганың мөлшері 0,1% 
аспауы керек. Крахмалды шаюда қолданылатын су таза ауыз суы 
болуы шарт. Циклондардың жұмысы кезінде сүзгіш заттардың, 
микроэлементтердің тазалығына назар аударып отыру керек, ауық-
ауық оларды тазалап жууды, қажет болған кезде ауыстырып тұруды 
қамтамасыз ету керек.
Зауыттарда картоп крахмалын пайдаланып өндірісте крахмал па-
токасын алу үшін крахмалды шаю орталық айналмалы сепаратор-
ларда жəне тұндырғыш-шаю центрифугаларында жүргізіледі.
Ақырына дейін тазаланған картоп крахмалын кұрғақ крахмал жа-
сайтын бөлімдерге жібереді.
8.1.1. Шикі крахмалдың алынуы жəне сапасы
Крахмалдың алыну дəрежесі картоптың алғашқы өңделуі 
кезінде крахмалдың жанама заттармен қоса жəне сумен бірге 
ағып кетуіне тəуелді, сонымен қатар, зауыттың техникалық 
жақтан жарақталу жағдайына, қызмет атқаратын қызметшілердің 
біліктілігіне де байланысты. Өндірісте крахмалдың шығындалуы 
негізінен байланысқан крахмал түрінде мезгамен бірге (мезганың 
құрғақ заттарының 40% шамасындағы мөлшерде) жəне еркін 
крахмалдар түрінде (3-4%) шығып кетуімен байланысты, ол жал-
пы өңделетін картоптың 1,7% мөлшерін құрайды. Ағынды сумен 
кететін шығындалу, ең бастысы гидротасымалдағыш жүйе арқылы 
жəне картопты жуған кездегі крахмалдың шығындалуы 0,2% 


439
құрайды. Негізінен картоп крахмалының шығындалу жиынтығы 
өңделетін шикізат салмағына шаққанда шамамен 1,9% болады.
Картоп крахмалын алатын өндірісте шикізаттың жұмсалу 
деңгейі 
крахмалды алу коэффициентіне қатысты сипатталады, 
бұл - өңделетін шикізаттың санына қарай алынған крахмалдың 
салмағының пайыздық қатынасы арқылы өлшенеді. Осы козффи-
циент жоғары болса, зауыт жақсы жұмыс істеген болып табыла-
ды. Жалпы, крахмалды алу коэффициенті 82 ден 88% аралығында 
ауытқып отырады. Құрамында құрғақ заты 1т крахмалды алуға 
крахмалдылығы 14,8% болатын 7,95т картоп шығындалады.
Шикі картоп крахмалының сапасы техникалық шарттардың тала-
бына сай болуы қажет жəне крахмалдың сапасына қарай шикі кар-
топ үш сұрыпқа бөлінеді: I, II, III.
Физикалық-химиялық көрсеткіштеріне қарай шикі картоп крах-
малы төмендегі келтірілген 8.1-кесте талаптарына сай болуы қажет.
I жəне II сұрыпты крахмалдың бір деңгейдегі ақ түсі, крахмалға 
тəн иісі болады, басқа иістердің араласуына жол берілмейді. III 
сұрыпты крахмал сұрғылт түсті, тарамдары жоқ, дақтары мен қара 
ноқаттары жоқ болуы керек, аздаған қышқыл иісі бар, алайда бөтен 
иіс болмауы керек.
Шикі крахмал тез бұзылаты нөнім, ол ұзақ сақтауға жарамай-
ды. Қажет болған жағдайда шикі крахмалды жылдың салқын 
мезгілдерінде құйып сақтайтын қоймаларда сақтауға қояды. Бұзылып 
кетуін болдырмас үшін крахмалдың көлемі төмендеген ыдысқа таза 
су құяды, суға 0,05% шамасында аздаған күкірт диоксидін қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет