Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Еркін крахмалдарды мезгадан бөліп алу мен крахмал



Pdf көрінісі
бет272/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Еркін крахмалдарды мезгадан бөліп алу мен крахмал 
қоймалжыңын рафинирлеу
Майдалап ұсакталған ботқадан мезганың бөлшектері мен еркін 
крахмалдарды бөліп алу əрекетін жасайды. Мұндай бөлшектеуді 
крахмал өндірісінде ылғалды қалыпта сүзгіден өткізу арқылы 


445
жүргізеді. Мезганың оңтайлы дəрежеде бөлініп шығуы үшін 
бастапқы өнімдегі қатты жəне сұйық бөлшектердің арақатынасын 
дұрыс таңдап алу орынды, жұмыста қолданылатын сүзгі аппаратта-
рын да тиімді пайдалану, олардың тесіктерінің белгіленген мөлшерін 
жəне ағу дəрежесін дұрыс қарастыру ұтымдылыққа жегкізеді. 
Мезганы бөліп алу үшін доға тəріздес, ал соңғы əрекеттегі шаюда 
айналмалы-калақшалы сүзгі пайдаланылады.
Сүзу жұмыстарын атқаруда негізінен капрон тор көздері бар сүзгі 
кеңінен қолданылады. Кей жағдайларда зауыттарда ірі мезганы 
(0,6мм болатын клетчаткалардың бөлшектері) бөліп алу кезінде доға 
тəріздес сүзгіні арнайы 0,6мм астам көлемдегі тесігі бар сүзгішпен 
жабдықтайды. Сүзгі тор кездері тотықпайтын металдан жасалуы 
қажет. Крахмалдан тазартылып жуылған ірі мезганы алу үшін оны 
үш сатыда шаяды, алғашқы екі сатыда доға тəріздес сүзгі пайдала-
нылады, ал үшіншісінде - айналмалы-қалақшалы сүзгі пайдаланы-
лады.
Соңғы жылдарда кəсіпорындарда ірі жəне ұсақ мезганы бірге 
шаю үшін доға тəріздес сүзгіні қолдануға кеңінен жол ашылған. Ол 
үшін доға тəріздес немесс айналмалы-қалақшалы сүзгі пайдаланы-
лады, соңғысы – ірі жəне ұсақ мезганы соңғы рет шаюға арналған.
Таза крахмал коймалжыңын алу үшін одан ірі жəне ұсақ мезга-
ларды алдын ала бөліп алады, одан кейін ұсақ мезгалар мен басқа 
қосындыларды шығара отырып қосымша рафинирлейді. Мезга-
ларды бөлу үшін сүзу аппараттарын қолданады. Егер өнімді сүзуді 
арнайы сүзгілерге бөлген кезде сұйыктықты қоспай өңдесе, бұл 
үдерісті сүзу деп атайды, ал суды қоса отырып сүзуді шаю деп атай-
ды. Сүзу операцияларының барлық түрінің ішіндегі аса күрделісі 
жəне еңбекті көп қажет ететіні ұсақ мезганы бөлу мен жуу жатады. 
Ірі жəне ұсақ мезгаларды жуу кезіндегі судың температурасы 60°С 
шамасында болуы қажет, ал жұмсалатын судың шығыны ылғалсыз 
жүгерінің салмағына шаққанда шамамен 110-130% болғаны жөн. 
Жуылған ұсақ мезгада еркін крахмалдардың құрамы мезганың 
кұрғақ заттарына шаққанда 4% көп емес, ал байланысқан түрі 33% 
дейін болуы қажет. Крахмал қоймалжыңын сүзу аппараттарында 
сүзіп алғаннан кейін де онда кұрғақ затқа шаққанда 0,2% ұсақ мезга 
болады.
Осы ұсақ мезганы жəне басқа жанама қосындыларды ақырына 
дейін бөліп алу үшін крахмал қоймалжыңын рафинирлеу кезінде 
№ 67 жəне № 73 жібек сүзгілерді қолданады. Рафинирленген 1дм
3


446
нағыз кұрғақ крахмал коймалжыңында ұсақ мезганың құрамы 0,1г 
аспауы қажет. Микрофлораның жетілуін болдырмау мақсатында 
сүзгідегі крахмал қоймалжыңының беткі қабатында 0,035% күкіртті 
диоксид араластыру қажет, ал оның құрамы рафинирленгеннен кейін 
құрғақ затына шаққанда 11-14% шамасында болуы керек.
Сүзу аппараттарының жұмысына бастапқы өнімнің саны мен 
сапасы, оның бірқалыпты берілуі, технологиялық параметрлердің 
қалыпты ұсталуы, сонымен бірге құрал-жабдықтың техникалық 
жағдайы да едəуір дəрежеде əсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет